53
орналастырады және 0,001 г дейінгі дәлдікпен аналитикалық таразыларда
ӛлшейді. Бюксаларды сынаманың массасын ӛлшеу кезінде ӛзгеріске
ұшырамауы үшін пайдаланады. Бюкса массасы осындай таразыларда алдын-ала
анықталады. Сынамалар бюксаларда (бірақ, қақпақтары ашық күйде) ауаны
электрлі қыздырғыштары және температураны автоматты реттегіштері бар
кептіргіш шкафтарда кептіру кезінде де орналастырылады. Кептіру ауаның
температурасы (103±2)
0
С тең болған кезінде жүргізіледі. Бюксалардың
сынамалармен бірінші ӛлшенуі 6...100 сағ. кейін орындалады, ал одан соң әрбір
– 2 сағ. сайын. Егер кӛрсетілген интервал кезіндегі екі ӛлшем арасындағы
массаның айырмашылығы 0,002 г аз болған жағдайда, сүректің абсолютті
құрғақ күйіне қол жеткізілді деп есептеледі. Қылқан жапырақты ағаш
тұқымдастарының шайырлы сүректерінің сынамалары кептіргіш шкафта 20
сағаттан артық уақыт тұрмауы қажет.
Әрбір ӛлшеудің алдында бюксаларды қақпақтармен жабады және сусыз
хлорлы калцийі немесе 94% концентрациалы күкірт қышқылы бар түтікше-
лерде – эксикаторларда құрғақ ауада кептіреді. Ылғалдылықты келесі формула
арқылы есептейді
(3.4)
мұндағы
– бюкса массасы, г;
және
– сәйкесінше кептіруге
дейінгі және одан кейінгі бюксаның сынамамен қоса алғандағы массасы, г.
Үлкен қателігі бар (1% дейін) сүрек ылғалдылығын 20 × 20 × 30 мм
ӛлшемдегі үлгілер бойынша 0,01 г дейінгі дәлдікпен техникалық таразыларда
бюксаларсыз ӛлшеу арқылы анықтайды. Алғашқы ӛлшеу жүргізілгеннен кейін
үлгілерді кептіргіш шкафқа соңғы екі бақылау ӛлшемдерінің нәтижесі бойынша
(айырмашылық 0,02 г артық болмауы қажет) тұрақты массаға (
) қол
жеткізгендігі туралы мәлімет орнатылғанға дейін орналастырады. Үлгінің
ылғалдылығын (3.3) формула бойынша анықтайды.
Ылғалдылықты кептіру жолымен анықтаудың сипатталған қарапайым
және сенімді әдісі кең қолданыс тапқан. Суды толуол буымен айдауға негіз-
делген басқа бір тура әдіс түрі сүрек үшін айтарлықтай сирек қолданылады.
Тура әдістердің негізгі кемшілігі процедуралардың ұзақтығы ӛте үлкен
болуына байланысты. Бұл кемшіліктері жоқ жанама әдістер болса, сүрек
құрамындағы судың мӛлшеріне тәуелді басқа бір физикалық қасиеттердің
кӛрсеткіштерін ӛлшеуге негізделген.
Сүректің электр ӛткізгіштігін ӛлшейтін
кондуктометрикалық электрлі
Достарыңызбен бөлісу: