Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет30/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   149
Байланысты:
АҒАШТАНУ

ылғал ӛлшегіштері әлдеқайда кең қолданыс тапқан. Мұндай аспаптардың 
датчик инелерін тақтайдың (дайындаманың) бүйір жақ беті арқылы сүрекке 10 
мм тереңдікке батырады. Заманауи аспаптарда ағаш тұқымдастығы, сондай-ақ 
ауа температурасы туралы мәліметтер енгізіледі және осыдан кейін бірден 
сүрек ылғалдылығының мәнін пайызбен есептейді. Сүрек ылғалдылығын 
ӛлшеудің абсолютті қателігі 30% тӛмен аймақта ±1,5% құрайды, ал 30% 


54 
жоғары аймақта қателік айтарлықтай кӛп болады. Кептіру әдісі арқылы 
ылғалдылық электрлі ылғал ӛлшегіштер кӛмегімен ӛлшегенге қарағанда 
әлдеқайда дұрыс анықталады. Соңғысы тек контактілі инелерін енгізген 
орындардағы сүрек ылғалдылығының мәнін береді. Тақтай немесе дайындама 
кӛлемі бойынша ылғалдылықтың біркелкі емес таралуы кезінде бұл кесілген 
ағаш материалының (кесілген ағаш материалдары) жалпы ылғалдылығын 
бағалауда қосымша қателіктің орын алуына себеп болуы мүмкін.
Қылқан жапырақты ӛсіп келе жатқан ағаш тұқымдасының сүрек 
қабатының ылғалдылығы ядро мен пісіп жетілген сүректің ылғалдылығынан 
3...4 есе кӛп. Сонымен, Ленинград облысындағы қарағай мен шырша сүрек-
терінің қабатындағы орташа жылдық ылғалдылығы сәйкесінше 112 және 122%, 
ядро мен пісіп жетілген сүректің ылғалдылығы – 33 және 38% тең болған. 
Шығыс Сібірдегі қарағай, шырша және балқарағайдың ядролары шегіндегі 
(пісіп жетілген сүрек) ылғалдылықтары бірдей таралған. Осы уақытта 
самырсын мен майқарағайдың пісіп жетілген сүрегінің ортанғы аймағында 
немесе ядросындағы ылғалдылығы шеткіге (қиыр) қарағанда әлдеқайда 
жоғары.
Жалпақ жапырақты ядролы (емен, шаған, шегіршін, қарағаш) және сондай-
ақ ядросыз (қайың, кӛктерек, жӛке) ағаш тұқымдастарының дің қимасы 
бойынша ылғалдылығы азды кӛпті бір тегіс таралған. Кейбір жапырақты ағаш 
тұқымдастарының ядролы сүрегіндегі ылғалдылық (емен, шегіршін және т.б.) 
қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарына қарағанда айтарлықтай жоғары 
болуы мүмкін. Ол 70...80% дейін жетеді, кейде одан да жоғары болуы мүмкін. 
Жаңа кесілген қалыптағы ағаш қабығының ылғалдылығы Орталық орман 
ӛндірісінің механизация және электрификациясы ғылыми-техникалық 
институтының (ОӚМЭҒТИ) мәліметтері бойынша орташа келесіні құрайды: 
қарағай үшін 120%, шырша үшін 112%, қайың үшін 58%. 
Дің биіктігі бойынша қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарында сүрек 
қабатының ылғалдылығы тамырдан ағаш ұшына дейінгі бағытта жоғарылайды, 
ал ядроның ылғалдылығы ӛзгеріссіз қалады. Ядролы жапырақты ағаш 
тұқымдастарының діңінде (емен, шаған, шегіршін) ядроның ылғалдылығы дің 
бойынша жоғары сәл тӛмендейді, ал сүрек қабатының ылғалдылығы ӛзгеріссіз 
қалады; ядросыз жалпақ жапырақты ағаш тұқымдастарының (кӛктерек, жӛке) 
ылғалдылығы комельден ағаш ұшына қарай жоғарылайды. Қарағай қабатының 
ылғалдылығы діңнің орта және жоғарғы бӛлігіне қарағанда тӛменгі бӛлігінде 
60...75% аз. Шырша мен қайыңда қабат ылғалдылығы дің биіктігі бойынша 
шамамен бірдей. 
Ленинград облысында ӛсіп жетілетін қарағай, шырша, қайың мен кӛктерек 
сүректерінің ӛсіп тұрған ағашының ең жоғары ылғалдылығы қыс мезігілінде 
(қараша – қаңтар), ал ең аз ылғалдылық жазда (шілде – тамыз) байқалған. Сүрек 
қабатының ылғалдылығы жазда қыстағыға қарағанда 25...50% тӛмен болуы, ал 
ядроның ылғалдылығы (жетілген сүректің) жыл бойына ӛзгеріссіз қалуы 
мүмкін. 


55 
Ӛсіп келе жатқан ағаш діңінің ылғалдылығы тәуліктік ауытқуға да 
ұшыраған. Осылайша, шырша сүрегінің қабатында таңертең 186% ылғалдылық, 
түсте 132%, ал кеште 150% байқалған. 
Ағаш сүрегінің құрамында кездесетін судың екі түрін ажыратады: 
байланысқан (немесе гигроскопиялық) және еркін. Байланысқан (адсорбциялық 
және микрокапиллярлы) су тор қабырғаларында орналасады, ал еркін су 
тордың ішкі қуысының және тор аралық кеңістікте болады. Байланысқан су 
негізінен физика-химиялық байланыстармен ұсталып тұрады, оны жою (әсіресе 
адсорбциялы фракцияны) қиындатылған және сүректің кӛптеген қасиеттеріне 
әсерін тигізеді. Капиллярлы байланыстардың күшімен ұсталып тұрған еркін су 
айтарлықтай тез жойылады және сүректің қасиеттеріне аз әсер тигізеді. Сүректі 
егер оның құрамында байланысқан су болса ғана ылғал деп, және егер 
құрамында байланысқан судан бӛлек еркін суда болатын болса дымқыл деп 
айту қабылданған. 
Тор қабырғаларындағы байланысқан судың максимальды мӛлшері 
олардың қанығу шегіне немесе гигроскопиялық шегіне сәйкес келеді. Бұрын 
орман шаруашылығы әдебиеттерінде бұл түсініктер бірдей деп саналған. 
Алайда П.С. Серговский мен Я.Н. Станконың (МОТИ) жүргізген зерттеулерінің 
кӛрсетуі бойынша бұл терминдердің пайдалану аймақтары әртүрлі болуы 
қажет. 
Тор қабырғаларының қанығу шегі 
– бұл сүректі суда ылғалдау кезінде 
жетілетін тор қабырғаларының максимал ылғалдылығы; құрғақ сүрек 
торларының 
қуысында 
орналасқан 
су 
мен 
тор 
қабырғаларының 
ылғалдылығының тепе-теңдігімен сипатталады. 
Бұл кӛрсеткішті, %, келесі формуламен анықтауға болады
(3.5) 
Мұндағы 
және 
– сәйкесінше сүректің базалық тығыздығы мен 
абсолютті құрғақ сүректің тығыздығы, г/см
3
(3.3 б. қараңыз); 
– байланысқан 
судың тығыздығы, г/см
3

В.П. Галкинмен және Э.Б. Щедринамен МОТИ-да тәжірибелік түрде 
алынған, автормен осы формула арқылы орындалған ісіну мен сүрек тығыз-
дығының арасындағы дәрежелік тәуелділік (бұл тәуелділік 
анықтау үшін 
қажет) есептерінің нәтижесі тығыздықтың жоғарылауынан тор қабырға-
ларының қанығу шегі 
айтарлықтай тӛмендейтіндігін кӛрсеткен. Бұл қуыс 
түбінде микрокапиллярлы су ұсталып тұратын тор қабырғаларының беткі 
жызықтығының ауданы кішірейетіндігінің әсерінен болады. Демек, 
сипаттайтын байланысқан судың кӛлемі азаяды. 3.2-кестеде (келесіні қараңыз) 
келтірілген мәліметтерді пайдалану әлдеқайда кӛп тараған ағаш тұқымдас-
тарының ішінде 
38% (майқарағай) бастап 24% (қызылқайың) дейін 
ауытқитындығын кӛрсетеді. Тығыздықтың үлкен диапазонында (100..1100 


56 
кг/м
3
) ӛзгеруі кезінде 117 шет елдік ағаш тұқымдастарының ішінде 
шамасы 
53...22% шегінде орналасқан (ММОУ, Т.В. Галкина). 
Инженерлік есептеулер кезінде 
орташа шамасын пайдаланады (30%). 
Мұндай мән қоңыржай климаттық аймақтарында ӛсіп жетілетін ағаш сүрек-
терінің тұқымдастары үшін қабылдануы мүмкін. Дәлірек айтқанда 
мәні әр 
бір отандық ағаш тұқымдастары үшін әлі де анықтауды қажет етеді.
Гигроскопиялықтың шегі 
– бұл ауадағы ылғалды сіңіру нәтижесінде 
болатын тор қабырғаларының максималды ылғалдылығы; тор қуысындағы 
судың жоқ болуымен және қаныққан күйге жақын ауа мен тор 
қабырғаларындағы ылғалдылықтың бірқалыптылығымен сипатталады. Бұл 
кӛрсеткіш тікелей тәжірибемен ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 
0,995 
тең болған кезінде жоңқаларды ауада ұстап тұруды қарастыратын МемСТ 
16483.32 
бойынша 
анықталуы 
мүмкін. 
Гигроскопиялықтың 
шегі 
Б.С.Чудиновтың зерттеулері бойынша тор қабырғаларының қанығу шегі сияқты 
ауа ылғалдылығының конденсациясы жүретін микроқуыстары бар тор қабырға-
ларының беткі жазықтығының ауданы үлкейген кезде сүрек тығыздығы азайған 
сайын жоғарылайды. О.Н. Полубояринованың мәліметтері бойынша 
шама-
сына сүректің химиялық құрамы да әсер етеді.
Бӛлме температурасында тор қабырғаларының қанығу шегі гигроско-
пиялықтың шегіне тең деп есептеуге болады. Температураның ӛзгерісі 
шамасына ешқандай әсерін тигізбейді, ал гигроскопиялық шек температу-
расының жоғарылауымен едәуір тӛмендейді, мысалы, 100
0
С температура 
кезінде 30% емес, ал 19...20% құрайды.
Сүрек тұрақты ылғалдылыққа оны тұрақты температурадағы және 
салыстырмалы ылғалдылықтағы (ылғалмен қанығу дәрежесі) ауада ұзақ 
уақыт бойы ұстап тұру кезінде жетеді. 
Егер сүректі ұстап тұру кезінде ол ылғалды ауадан сіңіретін болса 
(сорбция), онда оның тұрақты ылғалдылығы сүрек ылғалды беру жағдайында 
(десорбция) қол жеткізілетін ылғалдылығынан аз болады. Осы екі тұрақты 
ылғалдылықтар арасындағы орташа мән сүректің тепе-теңдік ылғалдылығы 
, ал олардың арасындағы айырмашылық – сорбция гетерезисі деп аталады. 
Ұсақталған сүрек (жоңқа, үгінді) аз ғана сорбция гетерезисіне ие және ұстап 
тұру үрдісінде кез келген алғашқы ылғалдылық кезінде 
тең болатындай 
тұрақты ылғалдылыққа жетеді. Осындай тәжірибелік мәліметтер бойынша кез 
келген ағаш тұқымдасы сүрегінің тепе-теңдік ылғалдылығы мен ауа күйінің 
арасындағы байланысты кӛрсететін диаграмма тұрғызылған (3.2-сурет). 


57 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет