Рылыс академиясы


 Қозғалыс кезіндегі беріктік



Pdf көрінісі
бет59/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   149
Байланысты:
АҒАШТАНУ

 
4.5 Қозғалыс кезіндегі беріктік 
Сынау кезінде үлгілерге оларға параллель жазықтықтардың бұзылуын 
туындататын, екі әр түрлі және қарама-қарсы бағытталған күшпен әсер етеді. 
Жылжуға сынаудың үш түрін ажыратады: талшықтардың бойымен жару, 
талшықтарға кӛлденең жару және сүректі талшықтарға кӛлденең кесу. Бұл 
сынаулар кезіндегі күштердің әсер ету сұлбалары, сонымен қатар, 
тапсырылатын бұзылу жазықтықтары 4.8-суретте кӛрсетілген. Жылжуға сынау-
дың әрбір түрі радиалды бағытта ғана емес, сондай-ақ тангенциал бағытта да 
жүргізілуі мүмкін. 


98 
Талшық бойымен жаруға сынау кезінде 4.9, а-суретте кӛрсетілген пішін 
мен ӛлшемдердегі үлгіні қолданады. Ол жерде тангенциал жазықтықтағы 
талшық бойымен жаруға сынаудың үлгісі кӛрсетілген.
 
4.8. Сүректі жылжуға әртүрлі сынау жүргізу кезіндегі күтің әсер ету сұлбасы: 
а – талшық бойымен жару; б – талшыққа кӛлденең жару; в – сүректік талшыққа кӛлденең 
кесу 
Осындай пішіндегі, алайда жылдық қабаттары басқаша орналасқан үлгі 
радиал жазықтықтағы жару үшін қолданылады. Үлгінің нақты қалыңдығы
және жарылудың күтіліп отырған ауданының ұзындығы l ӛлшенгеннен кейін 
(милиметрмен) үлгіні 4.9, б-суретте сұлбасы кӛрсетілген қондырғыға орнатады. 
4.9-сурет. Сүректі талшық бойымен жаруға сынау: 
а – үлгі; б – қондырғы; –корпус; 2 – серіппе; – роликтер; 4 – жылжымалы планка; 
– қысқыш призма; 6 – үлгі; – жылжылмалы тірек; 8 – қысқыш аспап 
Үлгіні оның жіңішке шығыңқы бӛлігі (ені 18 мм) жоғарыда 
орналасатындай етіп бекітеді. Шығыңқы бӛліктердің ендерінің арасындағы 
айырмашылық талшықтардың мүмкін болатын еңкеюінің әсерінен ауытқуды 


99 
алдын-алу үшін қажет. Тіректі қысқыш аспаптың кӛмегімен үлгінің тік жазық-
тығына қатты жабысып тұратындай және оған үлгінің тӛменгі бүйір жағы 
тірелетіндей етіп бекітеді. 
Үлгіні қысқыш призма арқылы шар тірекпен жүктейді. Үйкелістің әсерін 
азайту үшін қолданыстағы стандартқа сәйкес үлгінің тік жазықтықтары мен 
жабдықтың корпусының арасына роликті тіректегі жылжымалы планканы 
орнатады.
Жүктеменің ұзақтығы – 0,5...1,5 мин. Максимал жүктемені 
, H, 
анықтағаннан кейін 0,1МПа дейін дӛңгелектенген беріктік шегін келісі 
формула арқылы анықтайды 
.
(4.9) 
Бұзылған үлгінің ылғалдылығын оның кӛпшілік бӛлігін сынама ретінде 
пайдалану арқылы анықтайды. Ылғалдылыққа түзетуші коэффициентті радиал 
және тангенциал жазықтықтардағы жару кезінде бірдей, 0,03 тең деп 
қабылдайды. 
 
4.6-кесте. Сүректің беріктік шегі, МПа, талшық бойымен жару кезінде 
Ағаш түрі 
Радиал 
жазықтық 
Тангенциал 
жазықтық 
Ағаш түрі 
Радиал 
жазықтық 
Тангенциал 
жазықтық 
Балқарағай 
Қарағай 
Шырша 
Самырсын 
Сібір 
майқарағайы 
Қызылқайың 
Шаған 
Үйеңкі 
Шамшат 
9,8/6,2 
7,4/4,2 
6,8/4,0 
6,4/3,8 
5,9/3,7 
14,7/8,5 
13,4/9,2 
12,0/7,7 
12,1/7,3 
9,1/5,7 
7,2/4,4 
6,7/4,3 
6,4/4,0 
5,7/3,6 
18,5/1,7 
13,0/8,6 
13,7/8,5 
14,0/8,7 
Грек 
жаңғағы 
Емен 
Қайың 
Шегіршін 
Алмұрт
Жӛке 
Қандыағаш 
Кӛктерек 
Сүмбіл терек 
10,7/5,8 
9,9/7,4 
9,0/5,8 
8,9/6,4 
8,6/5,5 
8,4/5,5 
8,0/5,1 
6,2/3,5 
6,0/3,3 
11,4/6,0 
11,8/8,8 
10,9/7,0 
9,9/7,2 
13,3/7,9 
8,0/4,9 
9,8/6,2 
8,4/4,9 
7,2/4,1 
Е с к е р т у. Алымында 12% ылғалдылық, бӛліміне 30% және одан да кӛп ылғалдылық 
кезінде. 
4.6-кестеде сүректің талшық бойымен жару кезіндегі беріктік шегі 
келтірілген. Бұл мәліметтер сүректі ескі типті қондырғыларда сынау арқылы 
алынған (жылжымалы планкасы жоқ), сондықтан ол үйкелістің әсер етуі 
себебінен 15% жоғарылаған. 
Сүректің талшық бойымен жару кезіндегі беріктігі жапырақты ағаш 
тұқымдастарында қылқан жапырақтыларға қарағанда шамамен 1,6 есе жоғары. 
Тангенциалды жару кезінде жапырақты ағаш тұқымдастарының беріктігі 
радиалдыға қарағанда 10...30% жоғары; бұл шама артқан сайын сүректегі ӛзек 
сәулелер соншалықты жақсы дамиды (қызылқайың, шамшат). Қылқан 


100 
жапырақты ағаш тұқымдастарының сүрегі үшін екі жағдай да жару кезіндегі 
беріктік шамамен бірдей болады. 
Орташа есеппен айтқанда, барлық ағаш тұқымдастарың сүректері үшін 
талшық бойымен жару кезіндегі беріктік шегі талшық бойымен қысу кезіндегі 
беріктіктің 1/5 бӛлігін құрайды. 
Кейде сынауларды үлгінің басқаша түрлерін пайдаланып талшыққа 
кӛлденең жаруға және кесуге жүргізеді. Сүректі талшық бойымен жару 
кезіндегі беріктік шегіне қарағанда талшыққа кӛлденең жару кезіндегі беріктік 
шегі 2 есе аз, ал талшыққа кӛлденең кесу кезінде беріктік шегі шамамен 4 есе 
кӛп.
Сүрек, ағаш құрастырымдарында талшық бойымен жаруға айтарлықтай 
кӛп жұмыс істейді (мысалы, кӛлденең қосылыстар әдісімен құрылыстық ферма-
лардың байланыстарында); талшыққа кӛлденең жару (мысалы, шпонкалар мен 
шпунтты байланыстарда) және талшыққа кӛлденең кесу жұмыстары сирек 
кездеседі (мысалы, нагельдарда). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет