4.7 Эксплуатациялық және технологиялық қасиеттер Ҧзақмерзімдік тҧрақты жҥктемелер кезіндегі беріктігі.Бұл қасиет
сүректі құрылыста құрастырымдар ретінде қолданумен байланысты зерттелген
болатын. Сүрек беріктігінің жүктеменің әсер ету уақытына байланысты ӛзгеру
сипаттамасын ұзақ мерзімді қарсыласу шегі (4.10-сурет) деп аталатын
жүктемеге сәйкес келетін, түзуге асимптотикалық жақындайтын логарифмдік
қисық кӛрсетеді. Орташа шамамен алғанда, барлық түр үшін жүктеме
әсері
қысқамерзімді статикалық сынаулар кезінде шамамен 0,5...0,6 беріктік шегін
құрайды. САММҚ-Р-237-87 жүктеменің берілген әсер ету ұзақтығындағы
беріктік шегін анықтау үшін қысқамерзімді беріктік мәнін кӛбейтетін
коэффициенттің мәндері келтірілген.
Ауыспалы жҥктемелер кезіндегі беріктік. Кейбір ағаш құрасты-
рылымдар пайдалану кезінде ӛлшемі және бағыты (дірілдік) бойынша
ауыспалы жүктемелер әсеріне ұшырайды.
Тӛмен жиіліктегі механикалық әсер етулер кезінде сүректің күйі
молекулалық деңгейдегі бұзылулар әсерінен ӛзгереді. Жүктемелердің жоғары
кӛлемдегі ӛзгерістері (циклдері) нәтижесінде бұл бұзылулар біртіндеп
жинақтала береді және тіпті егер жүктемелер салыстырмалы түрде аз
болғандығына қарамастан олар сүректің бұзылуына алып келеді. Аталған
құбылысты сүректің шаршауы деп атайды.
Жүктеменің берілген режимін ұстап тұратын арнайы машиналарда циклдің
әртүрлі жүктемелері кезінде үлгілердің бірнеше сериясын сынайды, бұзылуға
дейінгі циклдар санын анықтайды және ұзақмерзімді қарсыласу қисығына
(4.10-сурет) ұқсайтын шаршау қисығын тұрғызады. Тек берілген жағдайда,
абсисса ӛсі бойынша уақытты емес, циклдар санын жинақтайда. Қисық
асимптотикалық түрде абсиссалар ӛсіне параллель түзуге жақындайды. Бұл
түзу тӛзімділік шегі деп аталатын жүктемеге сәйкес келеді. Тӛзімділік шегінің
орташа мәні сүрек үшін, шамамен статикалық беріктік шегінің 0,2 құрайды.