Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет96/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   149
Байланысты:
АҒАШТАНУ

7 т а р а у 
СҤРЕКТІҢ ТҦРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ҚОРҒАУ 
 
7.1 Сҥректің табиғи тҧрақтылығы 
Сүрек сақтау және жұмыс істеу кезенде физикалық, химиялық және 
биологиялық факторлардың әсерінен бұзылуы мүмкін. Сүректің аталған 
факторлардың әсерінен болатын бұзылуға қарсыласу қабілетін оның 
тұрақтылығы деп атайды.
Химиялық фаторларға қарсы тұрақтылық салыстырмалы түрде шектеулі 
мәнге ие: ол сүректің қышқылдармен, сілтілермен (химиялық зауыттардағы 
сүрек күбілері, цистерналары) немесе химиялық агрессивті газдармен 
(итарқалық фермалар) жанасуы кезінде пайда болады; мұндай жағдайлардағы 
сүректің іс-әрекеті 5 тарауда қарастырылған.
Физикалық (ең алдымен ортаның температурасы мен ылғалдылығы) және 
биологиялық факторлар сүрекке кӛпшілік жағдайда қатар әсер етеді, сонымен 
қатар, сүректің бұзылуы ең алдымен биологиялық факторлардың (саңырау-
құлақтар, сонымен қатар, жәндіктер, бактериялар, вирустар) әсер етуі 
нәтижесінде орын алады.
Бір тұқымдастыққа жататын ағаш сүректері оның пайдаланыталытын 
жағдайларына байланысты әртүрлі тұрақтылық дәрежелеріне ие. Саңырау-
құлақтардың дамуын толықтай немесе аса қатты қиындататын жағдайларда, 
сүрек бұзылуларсыз айтарлықтай ұзақ уақыт бойы сақталуы мүмкін.
Сүрек құрғақ ғимараттарда ғана емес, сонымен қатар ашық ауада да жақсы 
сақталады. Бұған мысал ретінде, Лазарь Муромский (XIV ғ.) шіркеуі және 
қазіргі таңда Кижа аралының, Кіші Карелдерде (Архангельск маңы), Костром 
және т.б. мұражайларында сақталған (Онежский ӛзені) ағаш сәулетінің 
ескерткіштері бола алады.
Жер астында да сүрек айтарлықтай жақсы сақталуы мүмкін. Бұған дәлел 
ретінде Керчида табылған грек саркофагтары (б.з.д. IV – V ғғ.) бола алады. Ескі 
Новгородтағы қазба жұмыстары кезінде (б.з.д. Х ғ.) тӛсіме жолдар табылған. 
Бұл тӛсеме жолдардың қарғай лагтарының ядролық сүрегі, В.Е. Вихровтың 
(ИЛД) мәліметтері бойынша, шамамен заманауи сүректің механикалық қасиет-
тері 
сияқты 
кӛрсеткіштерге 
ие 
болған. 
Ю.В. 
Вихровпен 
және 
С.Ю.Казанскиймен (БелТИ) археологиялық сүрекке жүргізілген зерттеулер 
саңырауқұлақтардың қатысынсыз жүретін оның бұзылу дәрежесі тұқымдастық 
түріне байланысты екендігін кӛрсетті. Сүрек тұрақтылығының кему реті 
бойынша осындай шартта зерттелген ағаш тұқымдастары келесідей ретпен 
орналасты: арша, қарағай, емен, қандыағаш, шаған, үйеңкі, қайың. Аз тұрақты 
ағаш тұқымдастарында целлюлозаның мӛлшері біршама тӛмендейді. Жӛке мен 
қайыңның археологиялық сүректерінің максималды ылғалдылықтары 1000% 
жетеді, ал кӛлемдік отыру қарапайым сүректің құрғауын 6...7 есе артады. Сүрек 
су астында да жақсы сақталады. 


158 
Алайда қызмет етудің қолайсыз жағдайларында (шикі материалдармен 
байланысу, ортаның жоғары ылғалдылығы, ауыспалы температура) сүрек 
айтарлықтай тез бұзылады. Бұл кезде сүректе оның тұтастығын бұзушы, 
саңырауқұлақ спораларының зақымдауына және олардың дамуына ықпал 
ететін кӛптеген жарықтар пайда болады.
Әртүрлі ағаш тұқымдастарының сүректері сақтау және жұмыс істеу 
үрдістері кезінде әртүрлі жылдамдықпен бұзылады. Сүректің саңырауқұлақ-
тарға қарсы тұрақтылығына оның құрамындағы шайыр және улы заттар 
айтарлықтай әсерін тигізеді. Сонымен, қарағай сүрегінің тұрақтылығы шырша 
мен самырсын сүрегіне қарағанда жоғары, бұл шайырдың әртүрлі мӛлшерімен 
түсіндіріледі, ал емен сүрегінің тұрақтылығы шаған сүрегіне қарағанда илік 
және басқа да экстрактивті заттардың үлкен кӛлемінің әсерінен жоғары болып 
келеді. 
Бір ағаш тұқымдастырғының шегінде биотұрақтылық тығыздыққа тәуелді 
болады. Бұл жӛнінде келесі жәйт дәлел болады, мысалы, пленкалы үй 
саңырауқұлағына қарсы табиғи және жасанды түрде тығыздатылған қарағай 
қабығының сүрегінің тұрақтылығын анықтау бойынша Г.А. Армузянмен 
жүргізілген желекірибелердің нәтижесі. Сынау кезінде, табиғи сүректерің үлгі-
лерінде масса шығыны 39,1% құрағандығы, шамамен 2 есе тығызырақ болып 
келетін ал пресстелген үлгілердің масса шығыны небәрі 10,6% құрағандығы 
белгілі болды. 
Жастың ұлғаюымен сүректің тұрақтылығы жоғарылайды. Ереже бо-
йынша, сүрек ядросы оның қабығына қарағанда едәуір тұрақтырақ. Сонымен 
қатар, қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарының ядросы сыртқы аймақта-
рында жоғары тұрақтылыққа ие екендігі байқалған. Діңнің тӛменгі бӛлігіндегі 
сүректің тұрақтылығы жоғарғы бӛлікке қарағанда артық. 
Әртүрлі ағаш тұқымдастары сүректерінің тұрақтылығы бойынша 
салыстырмалы тұжырымды полигонды деп аталатын сынаулар береді. Ӛлшем-
дері 15×15×20 мм болатын, антисептиктермен ӛңделген және табиғи сүрек-
тердің үлгілері жерге олардың биіктіктерінің жартысы үстіңгі қабатта болатын-
дай етіп орналастырған. Жыл сайын үлгілерді жерден шығарып, олардың күйін 
тексеріп және бұзылу деңгейлерін белгілеп отырған. 
ЦНИИМОД-тың (С.Н. Горшин және И.А. Чернцов) Снежский полиго-
нындағы зертханаларында жүргізілген сегіз жылдық сынаулардың нәтижесі 
бойынша 14 ағаш тұқымдастарының сүрегін тӛрт топқа бӛлген. Тұрақтылық 
шартты шамалар – индекстермен кӛрсетілген (жӛке сүрегі қабығының 
тұрақтылығына қатысы бойынша). Тұрақты сүрек 9,1-ден бастап 4-ке дейінгі 
индекске ие (балқарағайдың ядросы – 9,1, еменнің ядросы – 5,2; шағанның 
ядросы – 4,9; шаған сүрегінің қабығы мен қарағай ядросы – 4,6; қарағай 
сүрегінің қабығы – 4,0). Орташа тұрақты сүректің индексі 3,8-ден бастап 3,1-ге 
дейін (самырсын мен шыршаның пісіп жетілген сүрегі, самырсын сүрегінің 
қабығы, шамшаттың пісіп жетілген сүрегі, шырша мен балқарағай сүрегінің 
қабығы), аз тұрақты сүректің индексі 2,5-тен 2-ге дейін (шамшат пен 
қызылқайың сүректерінң қабығы, шегіршін ядросы, емен, үйеңкі, қайың 


159 
сүректерінің қабығы), тұрақтсыз сүректің индексі 1,8-ден бастап 1-ге дейін 
(қайың мен қандыағаштың орталық бӛлігі, кӛктеректің пісіп жетілген сүрегі, 
қандыағаш, кӛктерек, жӛке сүрегінің қабығы). 
1994 жылдан бастап қазірге дейін жұмыс істеп тұрған еуропалық стандарт 
бойынша ЕН 350-2 барлық ағаш тұқымдастары сүректерінің саңырауқұлаққа 
қарсы тұрақтылықтары бойынша бес классқа бӛлінеді. Ӛте тұрақтыларға тик 
(оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия), эвкалипт (Австралия, Океания), 
гринхарт (Оңтүстік Америка), және т.б., тұрақтыларға – емен, ақ қараған 
мамыргүл, тис, каштан, махагони (Оңтүстік Америка) және т.б., аз тұрақты-
ларға – самырсын, шырша, шегіршін және т.б., тұрақсыздарға – қандыағаш, 
қайың, шамшат және т.б. жатады. Бұл классификация әртүрлі ағаш тұқымдас-
тары сүректерінің ядролық бӛліктеріндегі тұрақтылықты салыстыруға негіз-
делген; сүрек қабығы тұрақсыз сүрекке жатқызылады. Сонымен қатар, 
стандартта жәндіктер мен теңіз ағаш кеміргіштеріне ағаш тұқымастары 
тұрақтылықтарының классификациясы келтірілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет