Рылыс академиясы


Сҥрек тҧрақтылығын жоғарылату әдістері мен қҧралдары



Pdf көрінісі
бет97/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   149
Байланысты:
АҒАШТАНУ

7.2 Сҥрек тҧрақтылығын жоғарылату әдістері мен қҧралдары 
 
Сүректің био- және ӛртке қарсы тұрақтылықтарын жоғарылату айтар-
лықтай үлкен маңызға ие. Сүректі қызмет істеу барысында шіруден сақтау үшін 
құрылымдық және химиялық шаралар қолданылады. Олар ағаштарды бұзушы 
саңырауқұлақтардың дамуы үшін оңтайлы емес шарттарды туындатуға негіз-
делген. Саңырауқұлақтардың қалыпты тіршілік әрекеті үшін, осыған дейін 
айтылып кеткендей, ылғалдылық пен температура белгілі бір диапазонда 
орналасқандығы және жеткілікті мӛлшерде оттектің болуы қажет. Құрылымдық 
шаралар, ең алдымен саңырауқұлақтар үшін оңтайсыз температура және 
ылғалдылық режимдерін жасауға бағытталған. Осындай мақсатқа сүректі 
сақтау кезінде оны қорғау әдістері де негізделген. Сонымен, сүректі сақтау 
периодында немесе жаңбырлату кезінде ӛте жоғары ылғалдылықтың орын 
алуына ықпал ететіндігі соншалық, бұл кезде саңырауқұлақтардың дамуы 
мүлдем мүмкін болмайды. Бӛрене сүректерінің жоғары ылғалдылығын сақтау 
үшін бүйір жақтарын ылғалдан қорғағыш жақпалармен майлау шаралары 
орындалады. Сүректі шіруден сақтар шарасы ретінде оны құрғату және қызмет 
еті кезінде қол жеткізілген ылғалдылықтың тӛмен нормасын сақтап отыру 
шараларын қарастыруға болады [20]. 
Сақтаудың химиялық шаралары сүректі саңырауқұлақтар мен жәндіктер 
үшін улағыш болып келетін заттармен – антисептиктермен (грек тілінен 
аударғанда anti – қарсы және s ptik s – шіру) ӛңдеуге негізделген. Сүректі 
жанудан қорғау оны химиялық заттармен – антипирендермен (грек тілінен 
аударғанда p r – от) дымқылдау немесе жабындылар жағу арқылы қол 
жеткізіледі. Сүректерге енгізілген антипирендер сүректің бетінен ауаны 
ығыстыратын жанбайтын газдардың бӛлінуімен, немесе жанып тұрған сүректің 
температурасын тӛмендететін кристалданған (химиялық байланысқан) судың 
бӛлінуімен ыдырайды. Жабынды қыздыру кезінде балқиды және сүректің бетін 
ауаның жолын бӛгейтін пленкамен қармап жабады.


160 
Антисептиктер келесі талаптарды қанағаттандырулары қажет: 1) жоғары 
улағыштық қасиетке ие болуы (саңырауқұлақтарға қарсы); 2) сүрекке жақсы 
енуі; 3) сүректің физика-механикалық қасиеттерін, сонымен қатар, оның 
желімдену және боялу қабілетін тӛмендетпеуі қажет; 4) сүректен жуылуға 
тӛзімді болуы; 5) металдардың коррозиясын тудыртпауы; 6) техника қауіпсіз-
дігінің қарапайым ережелерін сақтау кезінде адамдар үшін қауіпсіз болуы; 
7) қолжетімді және арзан болуы қажет. 
Аталған талаптардың барлық кешенін заманауи антисептиктердің 
ешқайсысы қанағаттандырмайды. Әрбір нақты жағдайда сүректің қызмет 
жағдайларына және оның қорғағыштық ӛңделу әдістеріне сәйкес келетін 
сипаттамалары бар антисептиктер таңдалады. Сонымен, мысалы, электрӛт-
кізгіштері сымдарының тіректерін, шпалдарды сүректен жуылмайтын қасиеті 
бар антисептиктермен ӛңдеу қажет; антисептиктердің сүректің боялғышты-
ғына әсері берілген жағдайда ескерілмейді. Үйлердің бӛлшектерін жуылатын 
антисептиктермен дымқылдауға болады, бірақ олар сүректің сыртқы бетін 
нашарлатпауы қажет. 
Жоғарыда аталған талаптарға, саңырауқұлақтарға улылығын ескерме-
генде, антипирендерде жауап беруі қажет. Соңғылары жоғары ӛрттен 
сақтағыштық қабілетке ие болуы қажет және сүректің гигроскопиялылығын 
жоғарылатпауы тиіс. 
Бір бағыттағы әрекетті құралдандан басқа кешенді био ӛрттен қорғаушы 
құралдарда жобаланған.
Сүректің қорғағыш заттармен дымқылдану қабілеті бойынша отандық 
ағаш тұқымдастарын үш топқа бӛлуге болады: жеңіл дымқылданатындар, 
орташа дымқылданатындар және қиын дымқылданатындар. 
Бірінші топқа қарағай, қайың және шамшат сүректерінің қабықтары, 
екінші топқа – қызылқайың, емен, үйеңкі, еуропалық балқарағай, жӛке сүрек-
терінің қабығы, қарағай, кӛктерек, самырсын, қандыағаш ядролары, үшінші 
топқа – шырша, сібір балқарағайы, майқарағай, шамшат, шаған, еуропалық 
балқарағай ядросы жатады. 
Сүрекке қорғау заттардың енуін жеңілдету үшін қабығы бар бӛренелерді 
түйреп жару әдістерін (сонымен қатар лазер әдістерімен) ультрадыбыстық 
ӛңдеу, ауыспалы сұйықтық қысымымен әсер ету [6] және басқа да әдістерді 
пайдаланады. 
Қажетті биоқорғағыштық эффект әдетте сүректің физика-механикалық 
қасиеттерін тӛмендетпейтіндей, антисептиктердің салыстырмалы аз мӛлшерін 
сүрекке енгізу арқылы қол жеткізіледі. Ӛрттен қорғау кезінде сүрекке анти-
пирендердің айтарлықтай кӛп мӛлшерін енгізеді. 
Бұл оның механикалық қасиеттерінің кӛрсеткіштерінің айтарлықтай 
тӛмендеуіне алып келуі мүмкін. 
Сүректің биотұрақтылығын жоғарылатудың негізгі мақсаты – оның қызмет 
ету мерзімін ұлғайту. 


161 
Сүректің берілген жұмыс істеу мерзімін қамтамасыз ету үшін антисеп-
тиктер мен дымқылдау әдісін таңдайды, жұтылу шамасын және дымқылдау 
тереңдігін белгілейді.
Электрӛткізгіш сымдардың дымқылданбаған бағаналары орташа есеппен 
5...10 жыл ғана жұмыс істейді. Егер оларды атмосфералықтан жоғары қысым-
мен жұтылуы 90 кг/м
3
болатындай етіп таскӛмірлі маймен дымқылдайтын 
болса, бағаналардың жұмыс істеу мерзімі 30 жылға дейін ұзартылады; майдың 
жұтылу ауданын 140 кг/м
3
дейін арттыру кезінде 40...45 жылдық жұмыс 
мерзіміне қол жеткізуге болады. Шпалдарды таскӛмірлі маймен дымқылдау 
олардың жұмыс істеу мерзімін 3...5 жылдан 25 жылға дейін ұзартады. 
Осылайша, сүректің антисептиктермен және антипирендермен қорға-
ғыштық ӛңделуі жӛндеу және қалпына келтіру жұмыстарының шығынын, 
ӛрттен болатын жоғалтуларды азайтады, сүректің тиімді пайдаланылуына және 
біздің орман байлығымыздың сақталуына ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет