Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет18/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

1 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Астана, 2007ж.
2 Педагогика, әлеуметтік педагогика, өзін-өзі тану тарихы [Текст]: Оқу құралы / Баширова Ж.Р, Бекмағамбетова Р.К, Әлқожаева Н.С.- Алматы: Қазақ университетi, 2012.- 248с.
3 Қажығалиева Ж.Б.,Омарова Г.А.Адамзат тарихындағы шынайы көшбасшылар «көшбасшының рухани-адамгершілік аспектілері».-Алматы:«Бөбек»ҰҒПББСО, 2013.-96б.
4 Әбдікәрімұлы Б., Сарбасова Қ.А. Ж.Баласағұни педагогикасы: Оқу құралы . – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008. - 124 бет
5 Баласағұн Ж. Құтты білік / Аударған А. Егеубаев. – Астана, 2003. – 54 б.
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН ЖӘНЕ ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ


Елеусинова Г.Е., аға оқытушы, п.ғ.к. Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ
Тұяқова Ұ.Ж., аға оқытушы, п.ғ.к. Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ


Резюме
В данной статье автор рассматривает культуру речи, как один из компонентов воспитательного процесса. На материале произведения Ж.Баласагуна «Благодатное знание». Семь вопросов и семь ответов между персонажами открывают сущность культуры речи: точность, краткость, систематичность, искренность, эмоциональность и т.д.
Summary
Inthisarticletheauthorconsidersthecultureofspeechasoneofthecomponentsoftheeducationalprocess. Based on the works of J. Balasagun«Beneficial knowledge». Seven questions and seven answers between the characters reveals the essence of the culture of speech accuracy, brevity, regularity, sincerity, emotion.

Уақыт рухын сезген ғұламалардың туындылары мәңгілік ғұмырға ие екені белгілі құбылыс.Түрік тектес халықтардың тұңғыш классикалық шығармасы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанын оқыған сайын басымызды изеп келісетін, таңданатын сәттеріміз жетерлік. Осы күйдің алдымызда отырған шәкірттерімізге де жұғысты болуын тілеген арман-үміттеріміздің орындалуы үшін жүйелі жұмыс жасауымыз қасиетті парызымыз екенін білеміз. Сондықтан бүгін біз болашақ педагогтарға ғұламаның «Сөздің қадір-қасиеті һәм турашылдығы, шыншылдығы жайында» деп аталатын тарауын қарастырудан бастаймыз. Елік (адалдық) Айтолдыны шақырып алып сөздің қадір-қасиеті һәм турашылдығы туралы жеті сауал қояды. Жеті сауалға жеті жауап алып, көңілі толады. Ол күйі дастанда былай бейнеленеді:


Естіп Елік, гүл жайнады қабағы...
Айтолдыны сыйлады Елік, еледі,
Жомарт қолмен, майда тілмен демеді. (педагогикалық қолдауға келеді)
Уәзірлік, таңба берді, байрақты,
Қару, жиһаз, сауыт беріп жайлантты.
Барша елге үстем етті, берді ерік
Бойын тартып, кетті дұшпан сенделіп.
Нендей сауалдар болды, оқып көрелік:
1)Шақырумен алдына келіп, үндемей отырғандығының себебін сұрайды?
Елік айтты: - Сөйле, Айтолды, сөзіңді,
Неге отырсың үнсіз, бұрып көзіңді?!
2)Тілден пайда бар ма?
Тілді тістеп, жүрсең қорқып, күрсініп,
Есіл сөзің кетпей ме өліп тұншығып!?
3) Сөздің қалай пайда болатындығын сұрайды.
Қайдан шығып, бұл сөз қайда барады,
Мұны да айтып бергін, зерек, қарағым!
4)Сөздің пайда, зияны не?
Сөздің пайда, зияны не, нақтылап,
Айт та, Айтолды, түсіндіргін жақсылап?
5)Сөздің өлшемі, мөлшері қандай?
Айтты тағы да: Білдір, сөздің өлшемін!
Азы қандай! Көбі қандай? Мөлшерін?..

6) Сөйлеуші мен тыңдаушы қандай?


Кімді тыңдау дұрыс? Кімнің сөзі шын?
Кімге бұрған жөн бұл сөздер өрісін?
7) Орынды сөзді айту қажет пе?
Іріккен жөн бе, берген жөн бе тілге ерік?
Ұшсын ба сөз, қалсын ба әлде күрмеліп[1, Б.161]?
Айтолдының берген жауаптары:
1) Елік ерік бермей, қалай бастайын,
Сауал болмай қалай жауап тастайын?
Білікті сөз - тіні барлық дауаның
«Шықпасын тез сауалынан - жауабың!»
2) Білімдінің бар екі ерек белгісі -
Жүзі жарқын оны білсе ер кісі.
Тіл мен нәпсі, тия алған бұл екеуін,
Қолына алар қазынаның жетеуін,
Ерік керек тіл, құлқыңды тежейтін,
Білік керек тіл, құлқыңды теңейтін.
3)Сөз - сыр, сиқыр,- деді Айтолды,- жүгін ер!
Ойға - оны, тілге бірі ілінер.
Бірін айт та, тый тоғызын, қашпайды:
Қажетсіз сөз қажеттісін ластайды.
4) Айтолды айтты: -жүйелі сөз - ұлылық,
Өсірер ол құлдың-дағы құзырын.
5)Біл, аз сөз сол, сұрағанда - байыптап,
Сөзге сөзбен жауап берсе лайықтап.
Көп тыңдай біл, аз сөйлеп тез түсіндір,
Ниет қойып, ой мен сезім күшін біл!
6)-Данадан ал,-деді Айтолды, - сөз алсаң,
Наданға оны жеткізе алсаң, болар шам.
Ұлықтарды тыңдап, түйіп жадыңа,
Кішілерге дарыт, жетсін бағына.
7)Түзу сөзге келгенде тіл тартпағын,
Қыңыр сөзді жасыр, текке лақпағын[1, Б.167].
Дастанның негізгі түйіні адам, оның жетілген тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуы. Барша уақытта да педагогика ғылымында жетілген адамды тәрбиелеу мақсатын жүзеге асыру өзекті мәселе болып келеді. Қазақ халқының түсінігінде «сегіз қырлы, бір сырлы адам» жетілген болып саналады. Этнопедагогиканы зерттеуші ғалымдар осы құбылыстың әр түрлі интерпретациясын береді. Алмас Алматов: «тектілік, жомарттық, мәрттік, ілімпаздық, бекзадалық, байлық, батырлық, сақилық»,- деп келтірсе, Гүлім Елеусінқызы: «белсенділік, ғылым, есте сақтаушы, бәрін де көруші, таңдай білуші, құдірет, көркем сөйлеуші, шығармашылық»,- деп жіктейді[2,Б.16].Осы аталған негізгі сапалар Ж.Баласағұнидың «текті, парасатты адам» бейнесімен жалғасып жатыр. Мұның өзі қазақ педагогика ғылымының бастауы Ж.Баласағұнидың педагогикалық теориясынан туындап отырғанын меңзейді.Қасиетті Құранда (3 сүре, 190 аят) Аллаһ тағала ілімнің тірегі, жүректің нұры, рухтың азығы терең ой туралы: «әлбетте, көктер мен жердің жаратылуында және түн мен күннің ауысып тұруында саналылар үшін айқын аят дәлелдер бар»,-деп көрсеткен. Бұл жерде дүниені қабылдаудың тұтастығы жайында баяндалған. Осы заңдылық туралы Жүсіп Баласағұнда: «Жатқан – тұрар, көтерілген – жығылар, Жанған – сөнер, Жорытқандар тынығар. Не істесең де, толық істе бүгіл ер, Толық болса, жіңішке өзі-ақ үзілер!».
Ұрпақтар сабақтастығы мәселесінде ең бір маңызды тұсы – ата-ана мен баланың арасындағы соңғы диалог. Осы диалог туралы әдеби шығармаларда өзекті өртейтін сәттерді оқимыз. (К.Паустовскийдің «Телеграммасы», Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхаты» және т.б. ) Дастанда көңіл толатын жағдаятты көреміз. Бақилық болғалы жатқан әкесінің қимастық сезімін көріп ұлы Өгдүлмүш үш уәж айтады: бірі - қазына, малыңды үлестіріп, жанын алып қалу, екіншісі - өзін әкесінің орнына алуын тілейді, үшіншісі – уайымдамай Алланың әмірін орындауын сұрайды. Айтолдының өзінің ісін жалғастыратын мүмин ұл тәрбиелегенін көріп көңілі толады: «Толды ұлыма көңілім, Алла қолдап, құтты болсын өмірі!...». Ұлы Өгдүлмішке Жаратушыдан тілек тілейді: «Құтқа бастап, пәлелерден сақтағын, Қос жалғанда, саяңа алып, жақтағын. Ізгілікке баста, сұмға талатпа, Мұқтаж қылма киер киім, тамаққа!»[1, Б.185].
Мұрагер бола білетін ұлын Айтолды бейқамдықтан сақтандырады: «Керекті істің бәрін жиып тастаппын, Керексізден, нәпсіге еріп, қашпаппын».
«Құтты білік» дастанында адамды үш рөлге даярлау қажеттігі берілген: адам, маман, отбасы иесі.Біз де болашақ мұғалімдерді даярлауда осы аталған үштікті негізге аламыз. Осы дастан аясында жүргізген сұхбаттарымыздың түйіні ретінде студенттеріміздің пікірлерін келтіруді жөн көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет