Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет21/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Әдебиеттер тізімі:
1 Келімбетов Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. – Алматы: Алатау, 2005, – 280 б.
2 Ибраева К. ХI-XIV ғғ. ғұламаларының жеке тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу туралы ой-пікірлері. //Ұлт тағылымы. 2003. №2. – Б. 7-10.
3 Маданов Х. Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері. – Алматы: Қаржы-қаражат, 1995. – 197 б.
4 Қазақстан тарихы. Төрт томдық. І том. – Алматы: Атамұра, 1996. – 544 б.
5 Бахтиярова Г.Р.Қазақ халқының дәтүрлі педагогикалық мәдениеті: тарихы, теория және практика. Монография. – Ақтөбе, 2012. – 372 б.
6 Баласағұн Ж. Құтты білік. Көне түркі тілінен аударған және алғысөзі мен түсініктерін жазған А.Егеубаев. – Алматы: Жазушы, 1986. – 616 б.
7 Сүйіншәлиев Х. VIII-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті – Алматы: Мектеп, 1989. – 91 б.
8 Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі: Оқу құралы. – Алматы: Санат, 1995. – 352 б.
«ҚҰТАДҒУ БІЛІК» ДАСТАНЫНДАҒЫ ГУМАНИСТІК ИДЕЯЛАР


Жусупова Ж.А., п.ғ.к., доцент,Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ақтөбе қаласы
Сары Б.Б., педагогика магистрі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті,Ақтөбе қаласы


Резюме
В статье описаны основные идеи поэмы «Кудатху билик», касательно воспитания детей. Раскрыта основная мысль поэмы – роль общества, семьи, и их значимость в воспитании подростающего поколения.
Summary
The main idea of "Kudathu Bilik" poem in upbringing the children is described in this article. The basic theme, which is the part of society, of family and their importance in education of young generation is written

Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениет екендігі көпшілікке мәлім. Сол себепті, халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиеті парыздарының бірі. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады. Соның бірі, бірегейі ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпаны-Жүсіп Баласағұн.


Түркі әлеміне есімі мәшһүр болып, қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті ақыны, данышпан-ойшылы Жүсіп Баласағұн өнегелі ой-толғамдарын өзінің «Құтадғу білік» атты дастанында өрнектеп кеткен. «Құтты білік» дастанының төрт принципке негізделіп жазылғаны белгілі. Біріншісі –мемлекетті әділ басқару; екіншісі – бақ-дәулеттің елге құт болып даруын Айтолды бейнесі арқылы суреттеуі, үшіншісі – Өгдүлміш бейнесі арқылы берілетін ақыл-парасат, төртіншісі – қанағат-ынсап жайында. Бүгінгі біздің сөз еткелі отырған мәселеміз – ақынның замана құбылыстары, оның кейпі турасында айтқан ой-толғамдарының кейінгі ақындармен, яғни ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы қазақ ақындарының поэзиясының негізгі идеяларымен ұштасатынын ашып көрсету.
Поэманың өзінен Жүсіп Баласағұнның асқан дарынды ақын, белгілі ағартушы, білімді адам, философ, ғалым-әмбебаб, данышпан, ақылғөй, араб және парсы поэзиясының, түркі халықтары фольклорін жетік білетін дана астроном, математик болғандығын аңғаруға болады.
«Құдатғу білік» - әңгіме аңыз ретінде баяндалатын даналық сөз, өсиет, ғибрат. Дастан оқиғасы ХІ ғасырда Ыстық көл, Жетісу, Қашқар өлкесінде болған шындыққа байланысты өрбітілді. Жүсіптің дастаны саяси және ғибрат, өсиет, ақы ретінде имандылыққа үндейтін, тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық тағылымдық туынды. Онда жеке адамның өзін қоғамда, үй ішінде қалай ұстай білу керектігінен бастап, хандар мен бектердің өз қарамағындағы әрбір қоғамдық топтарға бөлінуі жөнінде көптеген мәселелер қамтылады.
Шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге Баласағұни философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда да болды. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Шығармада шамандық түсініктер көрініс тауып, исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А.Романов пен С.Иванов: «Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» поэмасы ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма», - деп баға береді.
Заманынан озып туған Жүсіп Баласағұнның еңбегі сан салалы зерттеу нысанасына алынды. Бұл еңбектің қанша заман, қанша дәуір өтсе де, өз құндылығын жоймайтын құнды тарихи жәдігер екені айдан анық нәрсе.
ХІ ғасырда қозғалған мәселелер бүгінгі жаһандану дәуірінде де маңызды мәнге ие болып отыр. Сол дәуірде қозғалған ел басқаруда адамгершілік, имандылық, ізгілік, әділеттілік, білімділік қағидаларын тұтынудың өзектілігі арта түспесе кеміген емес. Бұл тамаша тарихи туындының қай кезеңде де мәнін жоймай отырған себебі де осында.
Дастанның басты мақсаты – бақытты қоғам құру, берекелі де құтты ел түзу. Сондықтан да отбасын ұстаудан бастап, мемлекет құру, ел басқару ісіне дейінгі ұстанымдарды баяндайды. Әр нәрсенің бастауы бар екені анық болса, онда ең әуелі бала тәрбиесіне көп көңіл бөлсе, болашақта жақсы отбасы, мықты мемлекет, бақытты қоғам құруға болады. Ал, бақытты, ізгілікті қоғам құру жер бетінде адам баласы пайда болғаннан бері келе жатқан барша адамзаттың арманы. Бұл арманға жетуге кедергі тудыратын – тәрбиенің кемшіндігі. Дастанда автор:«Адам жайлы баяндайын енді мен, қадір тапқан ақыл, білім, иесімен»,­ дейді.
Адам баласы жаратылысынан ақылды, білімді болып тумайтынын білеміз. Бұл қасиеттер адамға еңбек арқылы келеді. Отбасындағы тәлім-тәрбие, қоршаған ортада болып жатқан жақсы-жаман құбылыстар, қоғамдық құрылыс, халықтың әлеуметтік жағдайы – осы факторлардың бәрі де адам баласына әсер етпей қоймайтыны шындық. Ал, осы толып жатқан жақсы-жаманды құбылыстарды ажырату үшін біріншіден, негізі мықты қаланған тәрбие мен білім қажет. Сонда ғана жұмыр басты пенде ақылмен, оймен, парасаттылықпен жақсы-жаманды ажырата алады.
Дастандағы «Жаман-жақсы жараспайды ешқашан, Түзу-қисық қабыспайды ешқашан» деген жолдар жоғарыда айтылған ойымызды нақтылай түседі.
Ал, қазіргі ХХІ ғасырды табалдырығын аттап отырған адамзат баласын білімсіз, тәрбиесіз деп айту қиын. Жаман мен жақсыны ажырата алмайды деу де ақымақтық. Осы жерден сауал туындауы әбден мүмкін, адам білімді, ақылды болса неге ізгілікті қоғам құрылмай жатыр, заманымызда неге сұмдардың айы оңынан туып тұр? Бұл сұраққа да дастаннан жауап табуға болады:
Заң алдында бәрі бірдей мен үшін,
Кесем әділ. Болмайды ешбір келісім...
Біл, әділ заң – басқарудың тұғыры,
Бегі әділ ме?! Берік елдің жұлыны!
Бек елінде тура заңды ұстаса,
Бар тілекке жетер қолы қысқасы
Қоғамдағы әділдіктің жеңіліс тауып, әділетсіздіктің жеңіп кетуінің себебі елді билеп отырған азаматтардың арына байланысты. «Заң алдында бәрі бірдей мен үшін» деп отыратын бүгінгі биліктегі азаматтар, қалтаның қамын ойламай, сонау ықылым замандардан өнеге етілген адамгершілік қағидаларын, әділеттілік қағидаларын ұстануы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет