Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет19/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Дәмеш Тежединқызы Тажбенова: «...маман ретінде археолог бол, математик бол жетілуге болады, ал бірақ сен адам болып қалыптаса алмасаң, бәрі текке кетеді. Сондықтан ең бірінші адам, тұлға болуды қолға алу қажет. Тұлға қандай болу керектігі туралы Жүсіп Баласағұн ұсынған «әділдік, ақыл, дәулет, қанағат» атты сапаларды жүйе ретінде қабылдау керек. Сол жүйенің ішінде өзіңді ұстай білсең, өмірде қапы қалмайсың;
Самал Орынбасарқызы Мусина: Жүсіп Баласағұнның дастанында тұлға болып жетілу үшін қажет төрт сапаны жүзеге асыру үшін адам белсенді болуы қажет. Ондай адам жан-жақты бола отырып, кез келген іске құлшына кірісіп, алдына мақсат қояды, сол мақсатқа жетуде ешнәрсе кедергі бола алмайды. Кез келген жаңа нәрсені тез меңгеріп, қоғамға пайдалы жағын практикада қолданады. Ең бастысы, өскелең ұрпақты тәрбиелеуші маман рухани-адамгершілік жағынан өзін күнделікті шыңдап отыруы қажет. Кімнің болсын беделін арттыратын құдіретті күш –тіл екендігін бір сәт те естен шығармағаны дұрыс: «Білікті сөз –тіні барлық дауаның! Шықпасын тез сауалынан жауабың!...Жүйелі сөз– ұлылық, Өсірер ол құлдың дағы құзырын...»,- деп ұлы ғұлама негіздесе, біздің де қосарымыз бар: «жүйесіз сөз –құбыжық, өшірер ол құлдың қадір-қасиетін».
Адамға тән сапалар: кісілік, тектілік, парасаттылық, жолдастық, достық, рухтылық, мәрттік, серілік, антқа беріктік, аманатқа адалдық тәрізді қасиеттер алға тартылады. Дастанда азаматтың кісілік қасиеті терең сипатталған. Мәселен:
«Ұрпағыңның ұрпағына үлгі ет те –
Кісілікті кісілікпен құрметте!
Тірі кісі кісілігін асырсын;
Кісілікпен, ей, мәрт ерім, ұлы бол;
Кісілікке түсер содан ұлы жол;
Адамшылық жаса адамға, адам бол;
Адам атын мақтаныш қып адал бол!
Дастанда Жүсіп Баласағұни әр әлеуметтік топ иелеріне жан-жақты сипаттама беріп, әрқайсысының міндеттерін ашып көрсетеді. Қарапайым халықпен және басқа да кәсіп иелерімен қатынасы сипатталады. Білгір, ғалым адамдармен қалай қатынасу керектігі туралы былай деген:
Шырақ болды елге олардың ілімі,
Адастырмас – жанса - түннің түнегі.
Шырын сөзбен үлесіп тұр мүлкіңнен,
Қызмет жасап, дәм бер жылы күлкіңмен.
Именіп тұр, тілмен текке есілме,
Ғайбат сөзді удай сақтар есінде.
Тіліңді тый, тұз-дәміңді келтіргін,
Қадір тұтып, сыйла оларды, желпіндір.
Істе айтқанын, білімін ұқ, жатта да,
Қылық-құлқын жамандама, даттама[1,441].
Қазақстандық ғалым А.Н.Көшербаева «Құтты білік» дастанындағы ізгілендіру идеяларының негізгілерін келесідей көрсетеді:
- таным теориясының рационалдық дамуы;
- ғажайып ізгілік жүйесін жасау: әділдік, ақыл, дәулет, қанағат;
- жетілген тұлға тәрбиелеу;
-тұлғаны тәрбиелеудегі детерминанттарды есепке алу, санаткерлік сапаларды дамыту;
- мұрагерлік принципінің регламентациясы;
- ақиқат білімді қабылдаудың педагогикалық талаптарын бекіту[3, 54].
Зерттеуші Қ.А.Сарбасова Ж.Баласағұнидің педагогикалық теориясын бүгінгі күнгі тұтас педагогикалық процеспен салыстыра отырып зерделейді.
«Білім, білік, дағды» ұғымдарының анықтамаларын береді[4, 86].Қорыта айтар болсақ, «Құтты білік» дастанының әр елде әртүрлі аталуының өзі шығармаға берілген құнды бағалар деп айтуға болады. Ел болашағы жастарды тәрбиелеуде таптырмайтын рухани-адамгершілік білімнің қайнар көзі «Құтты білік» дастанын зерттеу барысында туған өлең жолдарының өзі де бұл туындыға жаңа мыңжылдықта берілген баға ретінде қабылданады деп сенеміз:
...Құрмет-атақты, көрсету сезімін жоямыз,
Рияны, дүниеге қызығуды қоямыз!
Тек сонда ғана босаған көңіл құтымызға,
Аллаһтың ақ нұрын құямыз!
Жүсіп ғұлама жырлаған Адалдықты,
Бүгін күн тәртібіне қоямыз.
Қанағат, парасат, дәулетті жетектеген
Мықтының атын тапқанға,
Осы өлеңмен ескерткіш қоямыз!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет