Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет23/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Атаның ісін жалғастырып,  оның салған өнегелі жолымен жүру өскелең ұрпаққа аманат екендігі анық. Өйткені дәстүр жалғастығы ұрпақ қолында екендігін төмендегі бәйіттерден нақты көрінеді:

Айтолдының жалғыз ұлы бар еді,


Жасы кіші, бал қылықты бала еді.
Аты- Өгдүлміш, сүттен таза, асыл зат,
Пейілі-ақ, көркі ақылын асырған.
Шақырды ұлын, шақырды үнсіз қамықты,
Құшып, сүйіп, көзден жасын ағытты.
Айтты: – Ұлым, міне аттанып барамын,
Орным, бәрі қалды саған, қарағым.
Бұл түркі айтқан, жаққан ілім жұлдызын:
«Көрер көздің шырағы- деп, - ұл-қызың!

Ежелден-ақ, ата-бабаларымыз «Еліңнің болашағы көркем болсын десең, балаңды азамат қыл» – деп айтып кеткен. Яғни, атаның жолы, бабалардың ізімен жүрген, ата өсиетіне қанық боп өскен бала тура жолдан таймайды.


«Құтты білік» дастанында сөз болып отырған «Ата-ана» тілдік бірлігі Түркі жұртының ұлттық мұрасы, сарқылмас кені, баға жетпес құндылығы, Түркілік танымның негізі дер едік. Дана хадқымыз «Атаның салған жолы бар, ананың тіккен тоны бар» – деп ата-ананы дәріптеп отырған.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, зерттеу нысанына айналып отырған таным мәселесін тіл тұрғысынан қарастыруда В.В. Колесов дүниені тілдік мәдени жағынан игеру процесіндегі концепт рөліне талдау жасайды. О баста сөз пайда болуымен бірге пайда болатын жаңа тілдік мағынаны сол тілде сөйлеушілердің санасында бұрыннан бар мағынамен байланыстыратын сөздің ішкі формасы ретінде береді.
В.В. Колесов концептке былай анықтама береді: «Концепт – исходная точка семантического наполнения слова и одновременно – конечный предел развития ... То, что явилось началом, в результате развития смыслов слова как знака культуры, становится и его концом – обогощением этимона до концепта современной культуры» [5,17].
Д.С. Лихачовтың «Концептосфера русского языка» мақаласында концепттің әр контексте пайдалануы және пайдаланылғанда нақты қай мағынасының орын басып тұратындығы коммуниканттардың жеке тәжірибесіне де байланысты болады делінген. «Концепт не непостредственно возникает и значение слова, а является результатом столкновения словарного занчения слова с личным и народным опытом человека» [6,4].
Әдетте осының есебінен концепт кеңейеді, өйткені оған сөйлеушінің жеке пікірі мен қиялы қосылады. Д.С. Лихачовтың пікірінше ұлт концептосферасына тек сөздер ғана емес, фразеологизмдер мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, шығармалардың да атауы енеді.
Мысалы, «Ата-ана» концепті дүниеге әкелуші, әке-шеше, асыраушы ретінде халықтардың санасында бұрыннан үлкен мәнге ие. Бірақ біз жоғарыда келтірген бәйіттерден ата-ананың тек дүниеге әкелуші, асырап бағушы ретінде ғана емес, ұрпаққа жол салушы, тәрбиенің қайнар көзі екендігі анық көрінеді. «Атаңның ботасын алма, батасын ал: бота өліп қалады, батадан бағың жанады»-дейді Есей би.
Д.С. Лихачовтың концепт сөйлеушінің жеке пікірі мен қиялы арқасында кеңейеді деген тұжырымын негізге ала отырып, мысалға ата жолы тіркесін талдап көрейік. Дастанның мазмұнын Күнтуды (Әділ), Айтолды (Дәулет), Өгдүлміш (Ақыл), Одғұрмыш (Қанағат) арасындағы өнегелі сұхбат ашып отырғандығын жоғарыда да сөз еткен едік. Олай болса, Күнтуды әділдіктің адал жолын, Айтолды бақ-дәулетті табудың тура жолын, Өгдүлміш ақыл мен кеніштің дара жолын, Одғұрмыш қанағаттың сара жолын өсиет етті деуге негіз бар. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде:
Жол – далалы жерде ұзақ мерзімде көп жүру арқылы жасалған іздің сүрлеуі [7]. Мұндағы ата жолы «Ата-ана» макроконцептінің микрожүйесі, сөйлеуші дүниетанымының жемісі. Жол сөзін тірек ете отырып, бабалар сөзі мен дәстүр жалғастығы танымдық тұрғыдан көрсетіледі. Ата жолын көрген бала өмірдің қандай болсын қиындықтарына төтеп бере алатын, төзім иесі, сонымен қатар ата жолын дәріптей алатын текті ұрпаққа айналатындығын түркілік таным арқылы шебер көрсетеді.
Қорыта келгенде, жалпы жер бетіндегі адамзат тіршілігіне тән дүниетанымдық даму үдерістері қоршаған ортаны танудан басталатыны белгілі. Көне түркілер де ақиқат заттар мен құбылыстардан, уақиғалар мен іс-әрекеттерден тұратын денотаттық нысандар арасында тіршілік етеді. Қоршаған ортаға байланысты санада пайда болған ақиқат өмір туралы шашыраңқы, жалпылама ақпараттар танымдық үдерістер арқылы адамның ой елегінен өтіп, білім дүниесіне яғни интеллектуалдық, руханияттық, мәдени-әлеуметтік қажеттілікті өтейтін концептілеріне айналады. Демек адамдар тек ақиқат дүние ортасында ғана емес өздерінің жасаған идеалды әлемінде де өмір сүреді. Әрбір кезең, әрбір дәуірдің өзді-өзіне тән ақиқат дүние туралы білім жүйесі болады. Дүниенің тілдегі бейнесін жан-жақты қарастыруда концептілік ұғыммен мағыналық байланыста тұратын әр деңгейлі тілдік бірліктердің маңызы ерекше.
Сонымен, «Құтты білік» ескерткішінің тіліндегі тілдік бірліктерді когнитивтік модель қалыптастырушы таңба, ақиқат дүниенің көрінісін белгілейтін нысандар ретінде танимыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет