Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет30/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Ақиқат» журналы №3.2009 жыл

  2. Қазақ халқының тарихи тұлғалары: Қысқаша анықтамалық /Құрастырған Ә.Көпіш. -Алматы: «Өнер» баспасы,2016. 1-кітап.-312 б.

  3. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Ата-мұра баспасы. 2005.-336ет.

  4. Он ғасыр жырлайды. Алматы,2006.-408 бет.

  5. Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері. -Алматы: Раритет,2011.-432 бет.

  6. Қазақ философиясының тарихы. З.К.Шәукенова және С.Е. Нұрмұратовтың жалпы редакциясымен.-Алматы.2014. -392бет.

Ж.БАЛАСАҒҰННЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫНДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ


Баймаханова Г.Қ., Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің педагогика ғылымның магистрі, оқытушысы, Ақтөбе қаласы
Мұхамеджанова Б.Б., Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің педагогика ғылымның магистрі, оқытушысы, Ақтөбе қаласы


Резюме
В этой статье Ж.Баласагуни раскрывает суть воспитания детей,обязаннаости отца, изложенные в его труде «Құтты білік»
Ключевые слова: Воспитание, заповеди, назидание, гуманизм


Resume
In this articl of Balasaguni opens an essence of educationof children, the father`s duties stated in his work of a “Kutta Bilik».
Keywords: Education, teaching, and the commandment to humanely

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың: «Ұлттық идеяларды іздестіру барған сайын көкейкесті сипатқа ие болып отыр»,− деген сөзі қазақ халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған рухани байлығын, тарихи тұлғалардың, ғұлама ойшылдардың қайталанбас мұраларын қайта жаңғырту мен жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруді көздейді.


Қазақ халқының мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгерту «Білім туралы» Заңының негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Осы орайда жастарға рухани тәрбие беру туралы «Қазақстан – 2030» тұжырымдамасында: «…біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабалардың игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, айбат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады»,– деп көрсетілген. Бүгінгі таңдағы нарықтық жағдайда, ғылыми-техникалық жаңалықтарға қадам басқан қоғам алдында тұрған өзекті мәселе – білім беру ісі мен қоғамды ізгілендіру, жан-жақты дамыған, шығармашыл тұлға қалыптастыру. Осы орайда, Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасында өмірдің мәнін түсіну, адамды тәрбиелеу мен қалыптастыру ерекше көрсетілген.
Жүсіп Баласағұн шығармашылығының тәлім-тәрбиелік мәні Ә.Табылдиев, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Т. Әлсатов, Ж.Әбиев, Қ. Бөлеевтердің еңбектерінде қарастырылған. Жүсіп Баласағұнның педагогикалық көзқарастырының ең негізгісі – туған халқының әдет – ғұрпындығы, салт – санасындағы, ауыз әдебиетіндегі, мақал – мәтелдеріндегі педагогикалық ой – пікірлер жиынтығы, яғни халықтық педагогика дәстүрлері.
Жүсіп Баласағұн ХI ғасырда өмір сүрген Орта азияның белгілі ақыны, гуманист, ойшыл энциклопедист – ғалым, қоғам қайраткері математик. Ол музыкант отбасында дүниеге келген. Жүсіптің әкесі де ақын, өнерпаз кісі болған.
Жүсіптің ақын ретін де, ғалым ретінде де атын шығарған еңбегі -«Құтты білік» атты дидактикалық дастаны. Бұл ең iрi туындысы түркi тiлiнде жазылған 13 мың жолдың Ғибрат - өнеге еңбегі. ''Құтты бiлiк'' 1069 жылы жазылған. «Құтты білік» - бүтін бір тарихи кезеңнің мінез – құлқын бойына сіңірген, қоғамдық - саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық – этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние [1; 297].
П.М. Сүлейменовтың «Әл – Фараби және қазақ халқының рухани мұрасы» атты еңбегінде Ж.Баласағұнның ақын – ойшыл болып қалыптасуына әсер еткен, шеберлігінің шыңдалуына жағдай жасаған факторлар – желісі үзілмеген дәстүр сабақтастығы» деп көрсетіледі [2; 25].
Жүсіп Баласағұнның энциклопедиясында өмірлік көзқарастары, өмірлік ақпараттары, идеалдық қоғам нормалары, саясат, ғылым мен мәдениет салалары туралы қарастырылған.
«Құтты білік» дастанында адамдардың өмір сүруінің тәжірибелік бағыттары , қарым - қатынас әдептері талданады. Баласағұн - философ жəне тəрбиелiк тағылымға толы-педагог ретiнде артына өшпес мұра, тəрбиелiк дəстүр, өнеге қалдырған адам.
«Баласағұн адамның дамуы, жеке адам басының жетiлуi, өсуi тiкелей тəрбиенiң жетiстiгi, ол адам табиғатына байланысты бола отырып, оның тарихи дамуының үстiнде үнемi өзгерiске ұшырайтынын анықтады» [3; 337].
Баласағұн өзінің еңбектерінде орта, айнала дүние, əлем, қоршаған орта
мен өмiр деген ұғымдарды жете қолданған. Баласағұнның адам мен дүниетанымдық ойлаудың негізі макрокосмос (әлем) және микрокосмос
(адам) мәселесі болды. Ой-тұжырымдарына қарағанда сол ұғымның барлығы қазiргi қоғам деген мағынаға, ой жүйесiне, пiкiрге толық сай келедi. Ол еңбекке де үлкен мән беріп, оны қарым-қатынас құралы ретінде
пайдаланған.
Баласағұн тəрбие тағылымы жөнінде мынадай өсиетін қалдырды: ''Тəрбиенiң барлық ұждағаттылығы, саласы мен түрi. Өзара ұйымдасқан, ұйымшыл тату да тəттi адамдар құрамының, тобының - жетелi адамдар тобының, зерделi адамдар құрамын толықтыратындай биiкке көтерiлуi қажет. Тəрбие өз кезегiнде, əсерi мен ықпалында - мирасқорлы'', пайдалы еңбектiң
көзi болуы шарт – ой түйген.
Баласағұн рубайларының тəрбиелiк тағылымы үш сатыға бөлінеді. Бiрiншi - əрбiр жеке адамның бiлiмдi болуы. Бiлiмдi болу үшiн оқу қажет. Екiншi - барлық байлық, молшылық - ол үшiн еңбек,, кəсiп, адалдық, тазалық, қажет. үшiншi - əлеуметтiк, табиғи күштiлiк - ол үшiн бiрлiк, достық бостандық керек делінген. Сонымен қатар, Баласағұн өзінің туындысында егер ұл-қызың жаман болса төрдегi басыңды көрге сүйрейдi. Ал, өзiңе ұқсап жетелi бала сенiң түрiңдi, бет-бейнеңдi жоғалтпаумен қатар, туған тiлiңдi де болашаққа жоғалтпай апарады деп үйленудiң, ұл-қыз өсiрудiң қиыншылығын көркем суреттейді.
Жүсiп Баласағұн дастанында əке тəрбиесiне аса көңiл бөліп, ''Бейбастақ қып өсiрсе ұлдың қылығын,
Кiнəлi əке, жазығы жоқ ұлының'' - деп ақын ұл бала үшiн Əке тəрбиесiнiң орнын ешкiм толтыра алмайтындығын айтады. Əке əрқашанда балаға бағыт-бағдар, үлгi-өнеге болып, ұлға, ерлерге тəн мiнез-құлық қалыптастыру керектігін айтады.
Ж. Баласағұнның:
''Ұл өсiргiң келсе дана жүректi
Қатты ұстап: үйрет бiлiм, iзеттi.
Кiм ұл-қызын шолжаңдатса бетiмен,
Тартар күйiк, ет кескендей етiнен''.
деген ой-тұжырымдары бүгiнгi педагогика ғылымымен үндесіп жатқанын көрсетеді.
Жүсiп Баласағұн жетесiз ұлдан жетелi құл артық, пайдасыз ұл жаудан жаман дей келiп, ата-аналарға мынадай кеңес бередi:
''Ұл-қызыңа үйрет бiлген бiлiмдi
Қолыңа ұстат кеудеңдегi күнiңдi.
Сонда ұл-қызың адамдықтан таймайды
Көңiлi - таза, көзi шоқтай жайнайды''.
Сонымен қатар тəрбиенiң күшiне шүбəсiз сенген ақын:
''Балам бiлiм жолын қусын десеңiз,
Бесiгiңде ақ iлiм шоғын көсеңiз...
Бiлiм үйрет сəбиiңе сарыла,
Уыздай ұйып, сүттей сiңiр қанына!
Сəбиiнде көкiрекке түйгенi
өлгенiнше санасында жүредi!''.
деп педагогикалық ой түйіп, оқу-тəрбие iсiнде балғын жастық табиғатын түсiнуге жетелейдi.
П.М. Сүлейменовтың аталған еңбегінде Ж.Баласағұнның адам тәрбиесіне қатысты мынадай пікірлері айтылады: адамдар анадан туғанда екі түрлі болып туады. Олардың біріне іштен жақсы болып туғандар, ал екіншісіне жаман болып туғандар жатады. Бұлардың өзі өз кезектерінде екіге бөлінеді. Ізгілікті қылықты ана сүтімен бірге сіңіргендер өмір бойы ізгіліктен айнымайды, ал екіншілері:
Жақсыға ерсе жақсы бола бастайды,
Жауызға ерсе жауыз бола бастайды, - дейді. Адамның ізгілікті болуы алған тәрбиесіне, өскен ортасына, бірге жүрген жора –жолдастарына байланысты. Ғұлама зұлымдықты білімсіздіктің белгісі деп түсінген Баласағұн егер адамға білім беріп, жарық түсіретін болса, ол адамның ізгі жандар қатарына қосылатынын айтады. Өйткені қайырымдылық, жақсылық – мәңгі, ал жамандық, зұлымдық дегендердің бәрі уақытша.Ғұлама жақсы қасиеттердің барлығын бала туғаннан –ақ тәрбиелеп, бойына сүтпен сіңіру қажет екенін түсіндіреді. Қорыта айтқанда, Баласағұн «Сүтпен сіңірген мінез сүйекпен» дей отырып, ұл – қызға дұрыс, жақсы тәрбие беру керектігін, баланың ізгі бала болып өсуі ата –ананың берген тәрбиесіне тікелей байланысты деп тұжырым жасайды .
Ата – ананың негізгі мақсаты – балаларына өткенді ғибадат ету мен ата – бабаларын сыйлаудың қажет екендігін санасына жеткізу. Олар балалар үшін қоғамда да, күнделікті өмірде де үлгілі болуы тиіс. [4; 7].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет