Әдебиеттер тізімі:
1 Құрбанғали Халидов, Тарауих Хамса, Қазан, 1991, 681-бет
2 А.А.Валитова. О некоторых поэтических особенностях «Кутадгу билик», М, 1960,
стр 11
3 С.Е.Малов, Памятник древнетюрк письмен, М. – Л. 1951, стр 240
4 Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясы, Алматы, 1967, б-28-30
5 Х.Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері, Алматы, 1967
6 Баласағұн Жүсіп Құтты білік / Көне түрк тілінен аударған А. Егеубай А, Өлке, 2006.
7 ІХ ХVІІІ ғасырлардағы қазақ ақын-жырауларының шығармалар жинағы.Алматы,1971.
8 Н.Келімбетов. Ежелгі дәуір әдебиеті. А, Ана тілі, 1991.
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАМАНДАСТАРЫ
Ғазизов Н. Е., С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік
университенің журналист мамандығының 1 курс студентті
Резюме
Труды ученых, которые в свое время стремились к знания а не к богаству, всегда очень важны для нас.
Summary
The works of scientists, which were hunger for knowledge, are always important for us.
Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік
мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиеті парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады. Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандар – Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.
Жүсіп Балағұни, Махмұт Қашқари,Ахмет Иасауи,Ахмет Иүгнеки,Сүлеймен Бақырғани сынды дарабоз ғұламалар өмір сүрген қарахандықтар дәуірі түркі өркениетінде ерекше құрметке ие. Түркі қағанатынан кейінгі қарахандықтар билігі кезінде рухани-әдеби шығармалар көптен дүниеге келе бастады. X-XII ғасырларда Ислам дінін қабылдаған кейбір түркі тайпаларынан шыққан ақындар имандылық жолын жырлап, адамгершілікке шақырды.Осы дәуірде ауызша тараған Оғыз дастаны мен Қорқыт жайлы аңыздар хатқа түсті. Көнеден жеткен түркі жырлары Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат-ат-түрік» кітабына жинақтады.Біліктілік пен даңалықты ту еткен Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі», тәлім-тәрбиеге мән беріп, ақиқатты жырлаған Ахмет Иүгінекидің «Хибат-ул-хақаиқы» ислам өркениетімен ұштасып, жаңаша леп әкелді.Тәрбиелік мәні ерекше бұл шығармалар ұзақ ғасырлар бойы өзінің құның жоғалтпады.Өлең сөзді қадір тұтқан жұртына Құран қағидалары мен шариғат шарттарын, Мұхаммет Пайғамбардың адамкершілік пен имандылыққа толы хадистерін таратып түсіндіруде поэзия жетекшісі құралға айналды. Әдебиеттің қоғамдағы әлеуметтік-моралдық құны артта түсті.[1.18б.]
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (шамамен 1017/1021-1075). Ойшыл,ғалым,мемлекет қайраткері. Көне дәуіріндегі түркі халықтары мәдениетің тербеліп өскен бесігі Шу мен Іле өзені аралығында ұлан байтақ өледен XI ғасырда аты әлемге әйгілі ақын,философ, Жүсіп Баласағұн музыкант отбасында дүниеге келген. Жүсіп жыл қайыру дәстүрі бойынша санағанда барыс жылы (аяғни 1021 жылы) туған. Замандастары мен өзінен кейінгі ұрпақтарға дарынды ақынғана емес, ғылым ретінде де танымал болған. Философия,математика, медицина, астралогия, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, т.б. ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнның есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құдадғу біліг» дастаны арқылы қалды.[2.71б.]
Ислам дәуірі әдебиетінің ең көрнекті туындысы-Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білім» («Құтты білік») дастаны. Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн-XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі Шығыс елдеріне мәшһүр болған данышпан ойшыл, энциклопедист-ғалымы, белгілі қоғам қайраткері. Жүсіп Баласағұнның есімін әлемдік әдебиет тарихына мәңгілік өшпестей етіп жазып қалдырған бірден-бір әдеби мұрасы –«Құтты білік» дастаны.Бұл дастан қазіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихи, қоғамдық саяси-өмірі,ғылымы,әдебиеті мен әдени дережесі,әде-ғұрпы,наным-сенімі, т.б. жөнінде аса қызықты, әрі қыруар мол деректер беретін көркем туынды.[3.181б.]Дастанда елдік құру,ел басқару,мемлекетті гүлдендіру мәселелері тұңғыш рет көркем тілімен, таным тереңдігімен жан-жақты сипатталған. «Құтадғу білікті» Жүсіп Баласағұн 1069 жылы елу төрт жасында, он сегіз айдың ішінде жазып шығып, Қарахандар елінің ұлық қағаны Әбу Әли Хасан Сүлеймен Арыслан хан Бураханға тарту еткен.Дастанда хандарға ақыл-кеңес кітабы ретінде шығыс елдеріне, дүние кеңінен тараған. Үнді, Иран, Үрім, Араб, Шын-Машын елдерінің падишалары оқып көріп, танысып, өз тілдеріне түрліші ат берген.Тұран елінде бұл дастан «Құтадғу білік» деп атылған. Сексен бес тараудан тұратын дастанның көлемі 6645 бейітті (13290 өлең жолы) құрайды. Дастанның үш қолжазба нұсқасы Венада,Мысырда,Наманғанда сақтап келген.Шығарма Талас бойында, қазақ жеріндегі Баласағұн шаһарында XI ғасырда жазылып, Қашқарда аяқталған. Кітап үй болу, үйленуден бастап ел болу, ел басқару өнерінің қыр-сыры әр тарауда сипатталып отырады. Хан, уәзір қандай болу керек, қолбасшылар,сарай қызметшілері, елшілер қандай болу керек екендігі жырланады.Әртүрлі әлеуметтік топтармен қалай қарым-қатынас жасап, қалай басқару дәстүрінің тарихи өзегі сынды жазба мұра. Дастанда негізгі ой-идеялар төрт кейіпкер-Күнтуды елік, Айтолды, Өгдүлміш,Одғұрмыш арасындағы сұхбат түрінде өрбиді. «Әділет, Дәулет, Ақыл, Қанағат» мағынасын білдіреді. Сюжет бойынша Дәулет қайтып,Қанағат дүние салғаннан кейін Әділет хан мен уәзір Ақыл екеуі деулет пен қанағатты жоқтап, солардың орнын толтыру, елді көркейту, түркі жұртын өскіру жолын іздейді.Мемлекетті құтты-білім-білік,тіл,діл мен дінді берік ұстау, ағайынның бірлігі, ержүректік, ақылдылық екендігін түсіндіреді. Түркі дүниесінің бұл ұлы жазба мұрасының толық мәтінді ақын, филология ғылымының докторы, профессор Асқар Құрмашұлы Егеубай 1986 жылы көне түркі тілінен қазіргі қазақ тіліне тұңғыш рет аударып жариялатып, зерттеп ғылыми айналымға қосты.[4.14-15.б]
Бүгінгі таңда әлеуметтік жұмылу мен адал билік жүргізуі тапсырманың жүзеге асыру барысында біз мемлекетіміздің мың жылдық тарихына үңіліп, көмек сұрауға құқылымыз. Біздің тарихымыздың өзі мемлекет пен оны басқару туралы құнды да жүйелі ілімнің негізін қалап бір арнада топтастыра білді.Осындай мыңдаған ғасырлық тарихи бар көшпенділер өркениетті мемлекетшіл керемет кемеңгер тұлғаларды өмірге әкелген. Солардың қатарында адал шынайы билік жүргізуді көксеген Жүсіп Баласағұнның қалдырған мұрасы бүгінгі күні де өз қасиетін жоймай отыр.Әділ билік тұрғысындағы ойшыл идеяларына жүгіне отырып, әрине ортағасырлық қоғамдық- саяси институттарды бүгінгі мемлекеттік принциптерімен салыстыруға болмайтынының ойдан шығармағалы абзал. [6.15,]Десек те мемлекетті басқару мәселесіне келгенде ортағасырлық Орта Азиядағы мемлекеттанулық ойсананың даму барысын зерттей отырып, оның бүгінгі ғұмырымен тарихи тамырластығына барлау жасау болсақ ұлағатты ұғым иесі Жүсіп Баласағұнның философиялық көп көмегін тигізер еді. ХХ ғасырдың белгілі түріктанушы С.Н.Иванованың пікірінше Ж.Баласағұнның «Құтты білік» шығармасы адамзат қоғамының дамуы, мемлекет пен тәртіп нормалары туралы сөз қозғайтын бірегей туынды. Отырықшы түрік мемлекетінің моральді-этикалық мінез құлық идеалын өмірімен байланыстыра отырып керемет тұжырымдама жасады.Бұл этикалық шығарманың тілі көркем,поэтикалық формада жазылған өмір мен іргелі ғылымның құпияларына терең үңілесіз. Трактатты оқи отырып ойшылдың философиялық көзқарасының мәні неде сұрақ туындайды. Шыңғыс Айматов былай деп жазады: «Құтты білікті орыс тілінде «Благоданое знание», қытай тілінде «Қоғамдық тәртіптер жинағы», парсы тілінде «Шахтар кітабы» деген атпен танымал.Түркі тілдес халықтар үшін кітаптың маңыздылығы славян халықтарындағы «Слова о полке Игореве» шығармасының маңыздылығымен парапар».Ал қазақ тілінде бұл шығарма Құт білімі деп есептеледі,яғни екі сөзден Құт-«игілік», «бақыт» және білік-«білім» сөздерінің бірігіп, В.В.Бартольдың айтуынша «Бақыт сыйлайтын білім»,ал С.Е.Малов «Бақытқа жеткізетін билік» деген мәнді иелендіреді. Осы еңбегі үшін ақын-философ-Ұлық Хас Қажыб атағына ие болғанғ қазіргі жаңашыл ұғыммен мемлекет әкімшілігің жетекшісідеп түсіну керек.
Махмұд ибн әл-Құсайын ибн Мұхаммед(шамамен XI ғасыр). Түркі тілдерінің тұңғыш сөздігін құрастырушы,энциклопедист-ғалым, атақты «Диуани лұғат-ат-түрік» еңбегінің авторы.Қарахандар ақсүйектері ортасынан шыққан.Әкесі Құсайын Мұхаммед Мауераннахрды жаулаушы Боғырханның немересі, белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған.[2.76.б.] Түркі халықтарының тұңғыш ұлы филологы, ауыз әдебиетті үлгілерін жинап,зерттеуші ғалым.М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-тірік» атты зерттеуі тек түрікше-арабша түсіндірме сөздік қана емес, сонымен бірге, ол ежелгі түркі тілдері мен ауыз әдебиетін зерттеп, танып-білу үшін аса қажетті,теңдесі жоқ ғылыми еңбек болып табылады.[5.2017] Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени-саяси орталықтарының бірі Қашқарға көшіп барған.Ол кезде арабша білім алған түріктер сол кездің салтымен өз фамилиясын туған жерінің атымен атаған.Сөздің соңындағы-парсының тәндікті,белгіні білдіретін жұрнағы.Қазақша айтсақ-қашқарлық дегенді білдіреді. Оның аты жөніне қай жерден шыққаның көрсетеді дәстүрмен «Қашқариді» тіркесінің мәнісі осында.Атақты ғалым Баласағұн қаласында дүниеге (Қырғызстанның қазіргі Тоқмақ қаласы) келген.Оның туған,өлген жылы туралы нақты дерек жоқ. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Бірақ Махмұдтың туған кезі XI ғасырдың басы болса керек, өйтекені «Диуани лұғат-ат-түрік» хиджра есебімен 464 жылдың бесінші айының алғашқы күні (қазіргі жыл санау бойынша 1072 жылдың 25 қаңтарында) жазыла бастаған , 466 жылдың алтыншы айының 10-ы күні (1074 жылдың 10 ақпаныңда) аяқталған. Балалық және жастық шағының көп мезілін Ыстықкөл маныңдағы Қашқарда өткізеді. Махмұд алғашқы білімді Қашқар қаласында алады,оқуын Бұхара мен Бағдадта жалғастырғаннан кейін Орта Азия мен Иранның Біраз қалаларын аралуға сапар шегеді. Сапардығы негізгі мақсаты-өзінің білімін толықтырып, жетілдіру болады. Ол сол заманғы араб мәдение мен ғылымның көрнекті орталығы болған Бағдад қаласында да біраз уақыт тұрғанға ұқстайды.Түркі халықтарын түгелге жуық аралап, заң ілімі, арифметика, Құран,шариат пен хадис бойынша білім алады. Арап-парсы тілдерін , әдебиеті мен мәдениетін меңгерді.XI ғасырда өзінің ұлы мұрасы «Диуани лұғат-ат-түрік» еңбегін жазып, түркі тілдерінің мәртебесін көтереді. Осыдан екі ғасыр өтекен соң 1266 жылдың тамыз айында «Диуани лұғат-ат-түрік» түпнұсұасынан бір сириялы кісі көшіріп алады.Көшіруші былай деп жазады: «Әуелі Сава, кейін Шам қаласынының тұрғыны Мұхаммед бин Әбібәкір ибн Әбілфатих осы кітаптты түп нұсқасынан , 664 жылы оныншы айдың жиырма жетінші жексенбі күні бітіреді.»[2.76-77б.]
«Диуани лұғат ат-түрік»-барлық түркі тілдес халықтарының ортақ мұрасы. Сөздікте бүкіл лексикалық сан алуадықтың ішінен барлық түркілерге түсінікті 6000 сөз іріктеліп алынған.Кітапқа кірген сөздер, мақал-мәтелдер, өлеңдер жаңа сөздер жасалымы жөнінде, синтаксистік тіркестердің ережелері тулары толық мағлұмат береді.
«Сөздік» - жаңа теориялық тұжырымдар, тілтанудың маңызды бағыттары бойынша қорытындылар жасаған ғылыми еңбек. «Сөздіктің» арқасында ғана ежелгі түркі жазба ескерткіштерін зерттеп, оқуға мүмкіндік туды. Мәселен, тек « Диуани лұғат ат-түрік» табылғаннан кейін ғана Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігін» оқуға, аударуға және транскрипциясын жасауға жол аштты.
«Сөздікте» сол замандағы халықтар мен тайпалардың тілі мен әдебиеті туралы ғана емес, олардың қоғамдық-экономикалық өмірі, мәдениеті, салт-дәстүрлері жайында өте құнды мәліметтер бар.
Махмұт Қашқари түркі қалалары мен даласын аралап жинаған 260-тан астам мақалдың алпыстан астамы қазіргі күнде тілімізде өзгеріссіз қолданылып жүр.
Махмұт Қашқари жинаған
мақал-мәтелдер
|
Қазіргі қолданыстағы
мақал-мәтелдер
|
Екі қошқардың басы бір қазанда піспес.
Күндестің күліне дейін дұшпан
Жалғыз қаздың үні шықпас.
Тау-таумен қауышпас, кісі-кәсімен қауышар.
|
Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды.
Күндестің күліне дейін күндес.
Жалғыздың үні шықпас.
Тау мен тау қосылмайды, адам мен адам қосылады.
|
Академик А.Н. Кононовтың пікірінше, «Диуани лұғат ат-түрік» көп жағдайда «XI ғасырдағы түркілерлің өмірі туралы: олардың матерталдық мәдениет заттары, тұрмыс шындығы туралы, этнонимдер мен топонимдер туралы, түрлі лауазымдардың дережелері мен атаулары, тамақ пен сусындардың аттары, үй және тұз жануарлары мен құстары, мал шаруашылығының терминдері, өсімдіктер мен дақылдар, астрономиялық терминдер, халық күндізбесі, айлар мен апта күндерінің аттары,
ографиялық терминология , әскери, спорт, және әкімшілік терминологиясы туралы, діни және этникалық терминология, балалардың ойындары мен сауық-сайрандары туралы және т.б. туралы бірден-бір ақпарат көзі болып табылады.[5.2019б.]
М.Қашқари «Сөздігін» Батыс пен Шығыстың бірқатар ғалымдары зерттеп, өз тілдеріне тәржіма жасаған мәлім. Ал, бұл «Сөздікті» қазақ тіліне аударған ақын А.Егеубай.
«Түркі тілдері жинағының» әдеби мені ерекше зор.. М.Қашқари: «Мен бұл кітапты хикмет сөздер, сежелер, мақал-мәтелдер,өлең-жырлар,режез (батырлық жырларынан үзінді-Н.К. ) және нәсір (бейнелі сөз-Н.К.) секілді әдеби сөздермен безендіріп, мақсұс әліпесімен теріп шықты. Үйренушілер мен қызығушылар керекті сөздері тез, оңай табу үшін көр жылдар бейнет шегіп, сөздерді орын-орындарына қойдым» деп жазады.
Қортынды жасағанда халқымыздың өз алдында егемендік алғаны елімізге құт-береке әкелді. Ата-бабамыздың ғасырлар бойғы арман-мұраты жүзеге асты.Ұлттың негізін құрайтын тіл,дін,дәстір, тарихи жадымызды жоюды, жерімізді алуды мақсат тұтқан отаршыл империя ойран болып келмеске кетті.Енді азаттықпен бірге тіл, мәдениет, әсіресе, отыршылдық кезінде ең көп зардап шегіп қуандалған әдебиетіміз бен орта ғасырлық тарихымыз қайта оралуда. Біздің арғы бабаларымыз көп қырлы, парасаттты, ер мінезді, ақынжанды халық болған. Оған дәлел бірнеше кітаптарды байланыстыры отыра Жүсіп Баласағұн мен Махмұт Қашқаридің өмір баяны мен шығармаларын толыққанды зертей қоймасамда, тарихи маңыздылыған аша білдім.
Қазақ әдебиетінің тарихы-қазақ халқының қоғамдық, әлеуметтік және саяси өмірінің бейнелі көрінісі, соның сүрлеуі, ізі болып табылады.Міне,сондықтан да біз қазақ әдебиетінің түп-төркінің, қайнар бастауларын, ежелгі дәуірін ғылыми негізінде түсінуіміз үшін алдымен халқымыздың бұрынғы-соңғы тарихын бүгінгі күн тұрғысынан тереңірек танып-білуіміз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |