Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет68/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Список литературы:
1 Хан Н.Н., Колумбаева Ш.Ж. Формирование социально-личностной компетентности обучающихся в условиях дополнительного образования.Метод. пособие - Алматы, РУМЦДО, 2013 – 105с.
2 Концептуальные основы воспитания. Утверждены приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от «22» апреля 2015 года № 227. http://kyzmet.gov.kz/ru/pages/konceptualnye-osnovy-vospitaniya.
3 Назарбаев Н. Казахстан-2030. Послание Президента страны народу Казахстана // Казахстан-2030 - Алматы: Юрист, 2001. - 104 с.
4 Измайлов А.Э. Народная педагогика: педагогические воззрения народов Средней Азии и Казахстана. - М.,1991. - 244 с.
5 Антология педагогической мысли Казахстана. В 2-х томах. С. Калиев, К.Жарыкбаев, и др.- Алма-Ата, 1998.


ПЕАГОГ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУДА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Көпбаева Меруерт Рахымбайқызы., Ф. ғ. д., профессор,М.Х. Дулати атындағы ТарМУ
Резюме
В данной статье всесторонне проанализированы условия, созданные для обучения государственного языка, и политика Главы государства. В статье также доказывается мысль о том, что в этой отрасли есть множество проблем, которые до сих пор не нашли своего решения, в качестве подтверждения этой мысли приведены конкретные примеры.
Summary
The article is considered that in our country there was created all conditions for studying of state language and the President's policy was analyzed comprehensively. In this regard, many issues are still unresolved and that was proved by examples.
Ұлттық тәуелсіздігіміз жарияланған кезеңнен бері Елбасының сарабдал саясатының басты бағытының бірі ретінде мемлекеттік тілдің мәселесіне айрықша назар аударылып келеді. Болашақта дамыған, өркендеген, өрлеген Қазақстанның келбетін танытатын «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында Елбасы қазақ тілінің жеткен жетістігімен, асқақ мәртебесі туралы айта келе, «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн» деп, аса үлкен міндет жүктеді. Тіл мәселесіне қатысты айтылған Елбасы ұстанымы ұлттық идеологияның жандануына мол септігін тигізбек.
Тәңірдің адам баласына жасаған үлкен сыйы – тіл. Тіл адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі, ұлт намысының биік шыңы, елді тұтастырудың, танытудың кілті. Адами болмыс пен ұлттық болмыс сынды егіз ұғымның да негізі тілде. Тіл арқылы адамның ішкі жан дүниесін түсінесің. Тіл адам баласының ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан мол қазынасы, басты байлығы. Әр тіл өзінше бір әлем. Қай халықтың болса да алтын діңгегі, ұлттық санасының негізі, іргетасы, тектілік белгісі қозғаушы күші – тіл. Ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы, рухани байлығы, баға жетпес құдіретті, қуатты қайнар бұлағы да тіл.
Ұлттың ұлт болып ұйысуында, қоғам дамуымен қиысуында, рухани жағынан мықты, мығым болып қалыптасуында, құндылықты хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізуде тілдің орны бөлек. Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы ешуақытта адамы құрымай, жоғалмайды» деуі содан болар. Тағдыры талай талқыға түссе де тамыры құрғамай, құрдымға құламай бүгінге жетіп, тәуелсіздігіміздің жаршысы болған қазақ тілі қашанда қадірлі филолог – мұғалімдер, ғалымдар, білім мен ғылымның жетекші қайраткерлері, білім берудің әртүрлі деңгейлеріндегі жаңашыл – педагогтар, білім беруді басқару, тілдерді дамыту органдарының, кітапханалық жүйенің жетекшілері мен қызметкерлері тілдіердің үш тұғырлығы, Қазақстан жастарын біріктірудегі мемлекеттік тілдің рөлі, балаларды тәрбиелеу мен оқытудың жаңа технологиялары мен әдістері, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу жағдайында тіл мен әдебиетті оқыту әдістемесін, электрондық оқыту жүйесін жетілдіру, техникалық және кәсіптік білім жүйесінде педагог кадрларды даярлауда көптілді оқытуды енгізу, білім беру жүйесін жаңарту жағдайында филологтарды кәсіби-педагогикалық даярлау мәселелерін талқылады. Ұлттық бірлік доктринасында мемлекеттік тіл рухани және ұлттық бірліктің басты басымдылығы және негізгі факторы болып белгіленген. Мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстанның әрбір азаматының міндеті мен парызы, жеке бәсекеге қабілеттілікті және қоғам өміріне белсенді араласуды анықтау үшін ынталандыру болуы тиіс.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Барлық Қазақстандықтарды біріктірудің негізгі факторы болып табылатын қазақ тілін одан әрі дамыту үшін біз барлық күш жігерімізді жұмсауымыз керек. Сонымен қатар елімізде тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстар өз ана тілінде еркін сөйлей білу және оқу, оны дамыту үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалуы керек» деп атап өткен. Тәуелсіздік алғаннан кейін ана тілімізге мемлекеттік мәртебе беріп, оның қолдану аясын кеңейтуді қолға алдық. Қазіргі кезде мемлекеттік тілді оқып-үйренуге барлық жағынан жағдай жасалған. Десек те, мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі іс-шаралар бұдан да тереңірек және нәтижелі болуы шарт. Бұл салада атқарылатын жұмыстар әлі де болса жетерлік. Елімізде тұратын барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің ауқымды қолдануын қамтамасыз ететін тілдік саясат жүргізіліп те отыр. Егемендігіміздің алғашқы жылдарынан бастап-ақ, мемлекет Қазақстандағы халықтардың барлығының мүдделерін ескере отырып, кез-келген этностың өкілі қай тілде білім алатының, сөйлейтінің, шығарма жазатының ерікті түрде таңдай алуына жағдай жасады, әлі де жасап келеді. Қазақстан Республикасының Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәкес тілдерді дамытуүш кезенде жүзеге асырылатын болады.
Оның бірі – көптілді білім беруді дамытудың нақты жолдарын айқындау болып табылады. Бүгінгі таңда әлемнің отыздан астам елдерінде ағылшын тілі ұлттіқ тілдермен қатар мемлекеттік дәрежеде қолданылады, білім жүйесінде оқытылатын шет тілдерінің ішінде бірнеше орынды алады.
Ағылшын тілі халықаралық қатысымда адам қызметінің барлық саласында басты құрал болып, сол арқылы адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттырып отыр. Осыған орай, ол әлем елдерінің білім беру жүйесіне тереңдеп енуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – инновациялық, білім берудің көптілді моделін қалыптастырып, үш тілде білім беретін мектептердің санын ұлғайту, 2020 жылдарға қарай жаратылыстану – математикалық циклдағы пәндерден ағылшын тілінде сабақ беретін оқытушылардың үлесі 15 пайызға жетуі тиіс.
Филологиялық білім беру бір жағынан, жаңа лингвистикалық сананы дамытуға бағытталып, мемлекеттік тілде, ана тілінде және шет тілін үйренуге, екінші жағынан, Қазақстандық білім берудің озық дәстүрлеріне негізделуі тиіс.
Қазақтың ағартушылары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ш.Уәлиханов және басқалары жеке тұлғаны дамытудағы ана тілінің маңызын, басқада тілдерді оқытудың қажеттілігі туралы айтқан. Ежелгі Қытай философы Конфуцийдің: «Алға қарай жүрмеген адам кері кетеді» деген даналық сөзі бар. Біздің ойымызша бұл мәселеде бір орында тұрып қалмағанымыз абзал. Болашақта ұлтаралық, этносаралық қарым-қатынастарды одан әрі ілгерлетіп, жаңа кезеңнің жаңа талаптарына сай болуы үшін және осы салада бастаған істі сәтті әрмен қарай жалғастыру үшін тіл мәселесін қолға алуымыз керек. «Қазақстанның ел бірлігі» доктринасында көрсетілген еліміздегі этникааралық және мәдениетаралық үндестікті дамытуды мақсат тұтатын бастамаларды іске асыруда да тіл мәселесі алдыңғы қатарға шығады.
Біздің қоғамда барлық этностардың мәдениеті мен тілін дамытудың бірегей формуласы жасалып отыр. Мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының ХІІ құрылтайында сөз еткен, ал кейінен 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында жария еткен «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты мәдени жобасы – бұл елімізді, оның әлеуетін одан әрі нығайтуға бағытталған тұтас тұжырымдамасы осы филолгтар съезінде жалғасын тапты. Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға сінісу тілі. Жалпы, ана тіліңді жетік біле отырып, шетел тілдерін меңгеру адамның рухани байлығын білдіретін көрсеткіштердің бірі. Осы орайда, үш тұғырлы тіл идеясы біздің азаматтардың әлемдік ғылым-білімді меңгеріп, озық мәдениетпен сусындауына жол ашары анық. «Үш тұғырлы тіл» идеясының екінші құрамдас бөлігі – орыс тілін үйрену. Орыс тілі – ақпараттық кеңістігімізде орыс тілі әлі де маңызды рөл атқаратынына ешкім дау айта алмас. Орыс тіліне қатысты ой пікірімізді ортаға салар болсақ, бұл өте бай тіл, ғылым-білімнің тілі екендігін ұмытпағанымыз жөн. Орыс тілі арқылы ұлы Абай әлемдік әдебиетті таныды. Сонымен қатар бұл тіл әлемдік алты ресми тілдің қатарына кіреді.
Ал, ағылшын тілінің мәртебесі қаншалықты биік екендігі еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін түгел мәлім. Еліміз егемендік алып, еңсесін көтере бастағынында ағылшын тіліне деген сұраныс пайда болды. Қоғамтану, саясаттану ғылымдарының көпшілігінің теориялық негізі, әдістемесі ағылшын тілінде түзілген. Бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың тілін білу деген сөз. Тіпті, ағылшын тілін меңгермейінше, азаматтарымыздың халықаралық кеңістікте емін-еркін жүріп-тұруы, білім алуы, мәдени-ғылыми тұрғыда ықпалдасуы өте қиынға түседі. Себебі, қазіргі нарықтық заман талабы солай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет