Список литературы:
1 ВалитовО. К. Деятельность СМИ в манипулировании сознанием, психикой человека и его способностями к мышлению и восприятию / О. К. Валитов // Вестн. Баш. гос. ун-та. 1999. - №
Ямалов М. Средства массовой информации неотъемлемая часть духовной культуры / М. Ямалов // Экономика и управление. - 2002. - № 3. - С. 65-70.
ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ-БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
Ұлан Қадырбекұлы., Профессор, Халықаралық ақпараттандыру Академиясының академигі Шет тілдер және іскерлік карьера университеті
Алтынай Қожан., педагогика әне психология мамандығының 2 курс студенті, Абай атындағы ҚазҰПУ.
Резюме
В статье говорится о роли Президента Н.А. Назарбаева в становлении Независимого Казахстана с мoмента обретения независимости до сегодняшних дней. Его дальновидная политика высказанная в таких важных документах как «Стратегия-2050», «100 шагов», «Культурное наследие» и другие.
Summary
The article talks about the role of the president N.A.Nazarbayev in establishing of Independent Kazakhstan from the beginning of independence to the present day. His life-long policy as expressed in such important documents as the "Strategy-2050", "100 steps", "Cultural heritage" and others.
«...Әр ғасыр, тарихи кезең халықтың маңдайына ұлы тұлғаларды береді», - деп Майқи би бабамыз айтқандай ІХ-ғасыр Әл-Фарабидей энциклопедист ғалымды, ХVIII-ғасыр Абылайды, ХІХ ғасыр Ұлы Абайды берсе, ХХ ғасыр қазақтың ұлы перзенті Н.Ә. Назарбаевты беріп отыр. Саналы азаматтан салиқалы саясаткер, ұлт көшбасшысы деңгейіне жеткен Нұрсұлтан Әбішұлын ХХІ ғасырдың ұлы тұлғасы деп нық сеніммен айтуға болады. 1-желтоқсан тұңғыш Президент күні. Еліміз егеменді ел, Тәуелсіз мемлекет болғаннан бергі кезеңде Президенттік басқару жүйесіне көшті.
Бұрынғы Кеңестік Республикалар бірінен кейін бірі тәуелсіздігін жариялап, «егемендік шеруі» аталып кеткен кезеңнің шырқау шегіне шыққан тұсында журналистер АҚШ-тың сол кездегі Президенті Джордж Буштан ыдыраған империя кеңістігіндегі келешегінен зор үміт күттіретін айтулы басшыны атауды сұрағанда ойланбастан: «Назарбаев. Оның келешекті көре білетін қабілеті бар», - деп ойын тұжырымдаған болатын. Аузы дуалы екен, солай болды да.
Мемлекетіміздің басшысы, ұлт лидері Н.Ә. Назарбаевтың атына содан кейін де небір беделді әлем саясаткерлерінің, ірі-ірі халықаралық ұйымдардың басшыларының көрнекті өкілдерінің аузынан айтылған уәжді сөздер жетерлік.
Н.Ә. Назарбаев 1940 жылғы 6-шілдеде Алматы облысында шаруаның отбасында дүниеге келді. Мектеп бітіргеннен кейін Қарағанды металлургия комбинатының құрылысына қатысып, ғұмырының біраз жылдарын осы кәсіпорынға арнады. Адамдармен тіл табысу, еңбекқорлығы және білімділігінің арқасында аймақ, Республика басшылығының жоғарғы санатына қосылды. 1984 ж. Қазақстан Үкіметін, 1989 ж. Қазақстан партия ұйымын басқарды. 1990 ж. сәуірде Жоғарғы Кеңес Қазақстанның тұңғыш Президенті болып сайлады.
Сонымен қатар Н.Ә. Назарбаев – ғалым, э.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академия академигі.
Кеңестен кейінгі күнімізге, Қазақстанның өткен жолына көз салсақ, әрқайсысы есте қаларлық саяси және экономикалық болмыс бітімі арқылы еліміздің дамуының айтулы бір кезеңін бейнелейтін бірнеше мәнді оқиғаларды бөліп көрсетуге болар еді. Бұлар, атап айтқанда – Тәуелсіздік алуымыз, әлемдік қауымдастыққа танылуымыз, Семей ядролық полигонының жабылуы, өзіміздің ұлттық валютамызды енгізуіміз, жаңа экономикалық қатынастардың жүргізілуі, Жаңа Конституциямыздың қабылдануы, зейнетақы мен тұрғын үй реформалары, астананың көшірілуі сияқты шоқтығы биік оқиғалардың шын мәнінде жүзеге асырылуы. Қазір демократияландырудың жаңа кезеңін бастан кешірудеміз.
Осы атқарылған әр істің барлығында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тынымсыз, әрі нысаналы қызметі жатыр.
Қауырт, қысқа мерзім ішінде мемлекеттіліктің негіздері мен нышандары қаланды, мемлекеттік басқару жүйесі, барлық билік тармақтарының өзара іс-қимылы үйлестірілді. Азаматтық қоғам принциптері ірге бекітті, құқық және сот реформалары өрістетілді.
Қазақстан барлық салаларда әлемдік қауымдастықпен өркениетті байланыстарды дамыта білген шын мәніндегі ашық қоғамға айналып отыр.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың сыртқы саясатты сомдау мен жас мемлекеттің халықаралық мәртебесін нығайтуға алмағайып кезеңде кіріскені белгілі. Қазақстан дүниенің барлық елдерімен дерлік мәмілелік қатынастар орнатып, бейбіт қатар өмір сүру, қауіпсіздік пен ынтымақтастық қағидаттарына сәйкес келетін барлық халықаралық ұйымдарға мүше болды.
Еліміздің дүниежүзілік қауымдастықтағы беделінің артуына Н.Назарбаевтың батыл қадамдары мен байсалды бастамаларының орны ерекше екенін біз білуіміз керек. Бұл – ядролық қарудан бас тартып, ядросыз ел мәртебесін иелену, әлемдік державалардан қауіпсіздікке кепілдік алу. Бұл – ТМД, Кеден Одағы, Шанхай бестігі, Орталық Азия экономикалық қоғамдастығы, Евроазиялық одақты құру.
Қазақстанның жетістігі көп. Алдағы жылы әсем қала Астанада EXPO-2017 көрмесінің өтуі әлем алдындағы Қазақстанның мәртебесінің биіктеуінің көрінісі болса керек. Осындай әр игі істің бастамашысы Елбасымыздың жасампаз саясаты мен көрегендігінің кепілі десек артық айтқанымыз емес.
«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт-бағдары оң істеріміздің ұйытқысы бола білді.
Біздің Жаңа Конституциямыз «...Біз... Қазақстан халқы» деген сөздермен басталады. Осынау мазасыз кезеңде саяси тұрақтылық, азаматтық және ұлтаралық татулық жағдайында өмір сүріп жатқанын мақтан тұтар жетістігіміз деп санағанымыз жөн. Қазақстандағы 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті бір шаңырақтың астында өмір сүруде. Президент әрдайым ұлттардың достығы, бірлігі деген қағидаларды басшылыққа алады.
Елбасының әр жыл сайын Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – демократиялық өзгерістердің кешенді бағдарламасы болып табылады.
Біз гүлденген, тәуелсіз Қазақстанның кемелденуі мен өсуіне өз үлесімізді қоса отырып, Елбасының өміршең Жолдауларына сәттілік тілейміз.
Елбасымыз, сындарлы саясатшы, Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар – бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елімінің патриоттары болады». Мемлекеттің болашағы саналатын жастар бар күш-жігерін елдің дамуына жұмсауы қажет, - деген. Ел болашағы жастар, оларға Елбасы үлкен сенім артады.
Жалпы, республикамыздың тәуелсіздікке бағына алған жылдарынан бастап, күні бүгінге дейінгі шежіресін алар болсақ, онда Елбасы мен тәуелсіздіктің ажырамас ұғым екенін анық байқалады.
Қазақстан халқы үшін ұлт көшбасшысы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев біздің жарқын болашағымыздың кепілі болатыны ақиқат.
1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады және ғасырлар бойы қағажу, ұмыт бола тастаған тілін, салт-дәстүрін қайта жаңғыртып, тәуелсіздік туын биікке көтерді.
Бүгін Қазақстан әлемдегі қарыштап алға басқан жас мемлекеттердің бірі. Қазақ халқының ата тарихы жарқын болашаққа ұмтылған елімізге рухани нәр берері анық. Оның тарихы қаһармандыққа толы шежіре. Сан ұрпақ еліміздің тәуелсіздігі үшін күресіп, жанын құрбандыққа шалды.
2015 жылдан бастап елімізде аса маңызды 5 институттық реформа жүзеге асырыла бастады. Бұл жаңғыртулар кәсіби мемлекеттік аппарат құруға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, индустрияландыру мен экономикалық өсімге, қазақстандықтарды болашақтың біртұтас ұлтына топтастыру мен мемлекеттің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қабылданып, оны жүзеге асыру үшін заңнамаларға өзгерістер енгізілді. Біздің елдің басты мақсаты – аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу.
Елімізде өмір сүретін сан ұлт өкілдерінің тең дәрежеде дамуына қолайлы жағдай туғыза отырып, қазақ халқының өз жерінде тілінің, дінінің, мәдениетінің өркендеуіне қол жеткіздік. Бір кездері өз еліндегі саны 29 пайызға дейін құлдыраған халқымыздың саны қазіргі кезде республика тұрғындарының 70 пайызына жақындады. Ұлттық мәдениетімізді қайта түлету үшін «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы жасалды. Осының бәрі – халқымыз биыл 25 жылдығын көтеріңкі көңіл күйде атап өткелі отырған тәуелсіздіктің арқасы. Түйіп айтқанда, Тәуелсіз Қазақстан Президент Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен небір қиын-қыстау кезеңдерден сүрінбей өтіп, толағай табыстарға жетті, қарқынды даму жолына түсті. Ел де, заман да, қоғам да, адам да жаңарды. Н.Ә. Назарбаев қазақ елін, қазақ халқын, Тәуелсіз Қазақстанда бүкіл әлемге танытты.
Бұрын біз кім едік, қазір кімбіз? Әрбір қазақстандық өзіне осы сұрақты қойып, ойланса, біздің елдің бүгінгі жетістіктері көз алдымызға келеді, көкірегінде өз еліңе деген, Елбасыға деген ризашылық сезім мен мақтаныш кернейді.
Бір сәт Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың: «Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату, ынтымақты халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы, бүгіннен нұрлы, бүгіннен жемісті болашағы бар», деген сөздері еске түседі.
Ендеше, көреген Елбасшысы бар Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мәртебесі асқақтай берсін!
Достарыңызбен бөлісу: |