Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан. – 2012ж. - №24- 1-4Б.
2 Ә.Н.Назарбаев Тіл тағдыры – Ел тағдыры // Ана тілі. – 2006ж. - №46 – 1-2Б.
Болашақ педагогтың құзіреттілігін қалыптастырудың педагогикалық және психологиялық тұрғыда зерттелуі
Қиясова Б.А. п.ғ.к., доцент Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы, Қазақстан
Резюме
В статье рассматривается педагогические и психологические аспекты формирования компетентности будущих педагогов
Summary
The article deals with pedagogical and psychological aspects of formation of competence of future teachers
Еліміздің саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай жоғары оқу орындарының үлкен жауапкершілікті сезініп, кәсіби білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған маман дайындауға ұмтылуы, өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылауына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандарды қажет етеді.
Құзіреттілік бірінші орынға білімгердің ақпаратты сауаттылығын емес, оның мәселені дұрыс шеше білу қасиетін алға қояды. Егер болашақ педагогтың құзыреттілігінің қалыптасуын орта кәсіби білім беру жүйесінің аумағында қарастырсақ, онда білім, білік, дағды мүмкіншілігі, яғни, бір сөзбен педагогикалық қызметке маманның қаншалықты дайын екендігі туралы айтуға болады. Кәсіби құзіреттілік деп маманның жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады. Болашақ маман өз ісінің шебері, жақсы мұғалім болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және жалпы әлемдік мәдениетті, өз елінің мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін, тіл мәдениетін игеріп, интеграциялық үрдістерді меңгеріп, әлемдік білім кеңістігінің өресінен шыға алуға талпынуы керек.
Мұғалім қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз тәрбиелеп отыратын, қоршаған ортамен, адамдармен, балалармен, қарым-қатынасқа тез түсе алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол, т.б. қасиеттерді жинақтағанда ғана оның бойынан кәсіби құзыреттілігі анық байқалып тұрады.
Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру жеке шығармашылық қабілетті дамытуды, педагогикалық инновацияларды дұрыс қабылдауы, күнделікті өзгеріп жататын педагогикалық ортаға тез бейімделуді қажет етеді. Олай болса құзыреттіліктің түрлеріне тоқталайық :
арнайы құзыреттілік – өзінің кәсіби іс-әрекетін жеткілікті
дәрежеде меңгеру, өзінің кәсіби қалыптасуын жобалай білу;
әлеуметтік құзыреттілік – бірлесе (топпен, ұжыммен)
кәсіби іс-әрекетті атқаруды, ынтымақтасуды, сондай-ақ осы
кәсіпке қарасты қатысымды меңгеру; өзінің кәсіби еңбегінің
нәтижелері үшін әлеуметтік жауапкершілік;
жек тұлға құзыреттілігі – өзін көрсете білу мен
қалыптастырудың амалдарын, жеке тұлғаның кәсіби
деформацияларына қарсы тұру құралдарын игеру;
- дара құзыреттілік – өзінің қабілетін жүзеге асыру және кәсіп аясында өз даралығын қалыптастыруға қабілеттілік, кәсіби тұрғыдан өсуге деген дайындығы, өзінің даралығын сақтауға деген қабілеті, кәсіби тұрғыдан артта қалушылыққа жол бермеу, өз еңбегін артық уақыт пен күш жұмсалмай-ақ ұтымды ұйымдастыруға икемділігі, еңбекті қиындықсыз, шаршаусыз, тіпті, сергіту арқылы нәтижеге жеткізу.
Құзыреттілік теориясының негізін қалаған ғалымдардың бірі Н.С.Розов, құзыреттіліктің екі қырын қарастырған. Бірінші, танымдық және практикалық жаңалық енгізуді (инновация) ассимиляциялау мүмкіндігімен, екінші - білім беру жүйелерінің әр түрі, сатыларына қойылатын білім талаптарын анықтау мүмкіндігімен байланыстырады.
Автордың пікірінше, құзыреттіліктің мынадай аспектілері бар:
мәндік аспект, неғұрлым жалпы мәдени контекстегі ахуалды
жете түсінудің деңгейін көрсетеді: бұл контекстің аясына осы
сияқты ахуалды бағалау, оны ұғыну мен оған деген қарым-қатынас
кіреді;
Достарыңызбен бөлісу: |