Роль русского языка в Казахстане



бет2/2
Дата26.11.2023
өлшемі1,51 Mb.
#128414
1   2
Қорытынды
Тері - адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен (соғылудан, жарақаттанудан) қорғайды. Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Тері ағзадағы зат алмасу үдерісіне қатысады. Негізінен су мен жылу алмасуда маңызы бар. Тері арқылы сумен бірге түрлі тұздар (хлорлы), сүт қышқылы, азоттық алмасу өнімдері сыртқа шығарылады. Тері қанайналым үдерісінде қан сақталу қоймасының да қызметін атқарады. Ересек адам терісінің қылтамырларында 1 литрдей қан болады. Теріде көптеген жүйке талшықтары, сезгіш жасушалар шоғырланған. Сондықтан тері сезім мүшесінің қызметін де атқарады. Адам тері арқылы бір заттың жанасқандығын, температураны, ауырғанды сезеді.
Терінің витаминдер алмасуына да қатысы бар. Теріде болатын ерекше заттардан күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен Д витамині түзіледі. Теріде аздаған мөлшерде газ алмасу үдерісі жүреді, яғни оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі. Адам терісіндегі тер, май және сүт бездері арқылы ыдырау өнімдері бөлінеді. Теріде ағзадағы артық май қор ретінде жиналады.
Қолданылған әдебиеттер
1. Ажаев, С.А. Гистология-1 : екі бөлімді оқулық /С.А. Ажаев. - Түркістан: Тұран 1-бөлім: Цитология және адам эмбриологиясы: медициналык жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. - 2011. - 201 б.
2. Ажаев, С.А. Гистология-1: екі бөлімді оқулық /С.А. Ажаев ; С. А. Ажаев, Т. Ж. Үмбетов. - Түркістан: Тұран 2-бөлім: Жалпы гистология. - 2010. - 336 б.
3. Аяпова Ж.О. Гистология-2: оқу құрал /Ж. О. Аяпова. - Алматы: Эверо, 2011. - 324 б.
4. Аяпова, Ж.О. Цитология, эмбриология және гистология: Оқу құралы /Аяпова, Ж.О. - Алматы: Кітап, 2007. - 288 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет