Руководителю соц



бет12/51
Дата21.10.2023
өлшемі1,64 Mb.
#120094
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51
Байланысты:
патфиз-ОМ-каз-ПРАКТИКА-дайын

аурудың созылмалы өтуі


  • зақымдануға жайылған әсерленіс

  • ауру сезімінің нақты орналасуының болмауы

  • өспелердің үлкен жиілігі

  • аурудың көп болуы

  • аурулар әйгіленімдерінің айқындығы

  • аурулар әйгіленімдерінің айқын болмауы

  • аурудың гипоергиялық өтуі

  • аурудың гиперергиялық өтуі

  • аурудың жедел өтуі

    17. Әйелдер, еркектерге қарағанда, төзімдірек келеді (4)

    1. ашығуға


    2. жедел қансырауға

    3. гипоксияға

    4. төмен температураға

    5. есірткілерге

    6. физикалық жүктемеге

    18. Сәйкестікті тап:

    1) әйелдер бейім аурулар (4)

    А) темір тапшылықты анемия

    2) еркектер бейім аурулар (1)

    В) гипертиреоз




    С) аутоиммундық аурулар




    D) тұнжырау




    Е) атеросклероз


    F) өт-тас ауруы

    19. Моногенді ауруларға жататыны (3)

    1. қантты диабет

    2. гемофилия

    3. гипертониялық ауру

    4. атеросклероз

    5. гликогеноздар

    6. фенилкетонурия

    20.Тұқым қуалауға бейімділігі бар аурулар (көп тектік немесе көп жайттық аурулар) (6):

    1. альбинизм

    2. фенилкетонурия

    3. гемофилия

    4. дальтонизм

    5. атеросклероз

    6. гипертониялық ауру

    7. ЖИА

    8. аллергиялық аурулар

    9. шизофрения

    10. қантты диабет

    4 тақырып: ЖАСУШАНЫҢ ЖАЛПЫ ПАТОЛОГИЯСЫ


    Сабақтың мақсаты:

    • Жасуша зақымдануының жалпы этиологиясы мен патогенезі бойынша негізгі сұрақтарды меңгеру

    • Теориялық білімді патогенездің сызбанұсқасын құрастырғанда және ситуациялық есептерді шығарғанда қолдану

    • Дерттік үрдістердің жасушалық деңгейде пайда болу себебін, даму тетіктерін және аяқталуын патофизиологиялық сараптау дағдыларын қалыптастыру

    • Берілген тақырыпты талдағанда қолданылатын атаусөздерді меңгеру дағдыларын қалыптастыру

    • Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану



    Оқыту міндеттері:

    • жасуша зақымдануының себептері мен патогенезін зерттеу

    • Берілген тақырыпты талдағанда қолданылатын атаусөздерді дұрыс қолдану

    • Тақырып бойынша патогенездің сызбанұсқасын құрастырып үйрену

    • Тәжірибеде жасушадағы бүліну белгілерін анықтауды үйрену

    • Ситуациялық есептерді шешкенде теориялық білімді қолдануды үйрену

    • Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдануды үйрену



    Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Жасушаның бүлінуі, анықтамасы. Жасушаның бүлінісін туындататын себептер. Бүліністерге жасушаның төзімділігін анықтайтын жайттар.

    2. Жасуша бүліністерінің түрлері, сипаттамасы. Жасушаның жіті және созылмалы бүліністерінің сатылары.

    3. Жасуша өлімінің түрлері. Некроз және апоптоз, даму тетіктері.

    4. Жасуша бүліністерінің арнайы және арнайыланбаған (иондық дисбаланс, қажыммен қамтамасыз етілуінің азаюы, рН, мембраналық потенциалдың, сіңірулік қабілеттің өзгеруі) көріністері, даму тетіктері.

    5. Жасуша мембранасы бүлінулерінің патогенезі (МАТ, фосфолипаза және басқа гидролазалардың әсерленуі, осмостық және иммундық бүліністер).

    6. Жасуша мембранасы мен жасушаішілік құрылымдар мембраналары бүліністерінің салдарлары.

    7. Бүліністер кезіндегі жасушадағы теңгерілулік тетіктер.

    8. Патогенді жайттардың әсеріне жасушаның төзімділігін арттыратын және зақымданған жасушада қалпына келтіру үрдістерін күшейтетін алдын алу және емдік шаралар.



    Оқыту мен сабақ жүргізу тәсілдері:
    Дискуссия, аз топтарда жұмыс жасау – тәжірибелер орындау, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау.
    Бақылау тәсілдері:
    Ауызша сұрау, тәжірибе хаттамаларының дұрыс толтырылуын және тәжірибе нәтижелері бойынша қорытындының, ситуациялық есептер жауаптарының дұрыстығын тексеру.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет