Қозғалтпайтын стресті үлгілеу әдісін меңгеру және оның егеуқұйрықтың дене қызымына әсерін зерттеу.
Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдана білу
Тақырыптың негізгі сұрақтары: Зақымдануға жалпы әсерленістер туралы түсінік, мысалдар келтіру.
«Жауаптың жедел кезеңі», себептері, дәнекерлері және олардың әсері. «Жауаптың жедел кезеңінің» нәруыздары, олардың қызметі. Организм үшін жауаптың «жауаптың жедел кезеңінің» маңызы. Жүйелік қабынулық жауап синдромы туралы түсінік.
Қан плазмасының протелиздік жүйесінің белсенденуі. Калликреин-кинин жүйесінің және комплемент жүйесінің маңызы.
Жалпы адаптациялық синдром ( стресс), себептері, кезеңдері, даму тетіктері. Стрестің қорғаныстық – бейімделулік және дерттуындатулық маңызы. Адаптация дерттері туралы түсінік.
Сілейме. Этиологиясы және патогенезі бойынша жіктелуі. Жарақаттық сілейме, себептері, сатылары, қанайналымы және микроциркуляцияның өзгерістері.
Кома, түрлері, даму тетіктері.
Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері: Дискуссия, аз топтарда жұмыс жасау – тәжірибелер орындау, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау.
Бақылау тәсілдері: Ауызша сұрау, патогенездің сызбанұсқасының және тәжірибе нәтижелері бойынша қорытындының дұрыстығын тексеру.