Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента ТАлАНТТЫ ЖәНЕ дАРЫНдЫ БАлАлАРдЫ ОҚЫТУ



Pdf көрінісі
бет72/198
Дата16.11.2022
өлшемі13,21 Mb.
#50739
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   198
67
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
ТАлАНТТЫ ЖәНЕ дАРЫНдЫ БАлАлАРдЫ ОҚЫТУ
Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу 
үшiн қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл - ой-
лауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететiн едәуір күрделі мәселе. Әртүрлi 
теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама 
шеңберiнде қолданылады. Тәжiрибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін 
қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре оты-
рып, бастауыш буын деңгейінде «жалпымектептік саясатты» және орта буын деңгейінде 
«кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе 
алатынын көрсетті. Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып бастауыш 
мектептердiң мұғалiмдерi өздерін «дарынды бақылаушылар» ретiнде көрсетуге тиіс 
(Eyre and Lowe, 2002).
Мұғалiм оқушының талантты немесе дарынды екенін қалай анықтайды?
Бұл ұғымның мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкін. Балалар бiр ғана пәннен емес бірнеше 
академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, 
спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бiр 
салада дарынды болса, басқа салада қиындыққа тап болуы мүмкін; олар дамудың бiр кезеңінде 
өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы мүмкін. Бұл дарындылық пен 
қабiлеттiлiктерді мұғалiмдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелерi немесе балалардың өздері 
айқындай алады. Балалардың қабiлеттiлiктерiн, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету 
үшiн оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға 
соғуы мүмкін.
Британдық оқыту және оқу академиясы талантты және дарынды балаларды дамыту 
тәжірибесінен алынған жағымды мысалдарды көрсететін көптеген кейс-стади әзірледі. Олар 
балалардың осы санатымен жұмыстың тиімді әдістерін мойындау жөніндегі дебаттардың 
маңызды аспектілерін көрсететін мысал ретінде осы тарауды пайдаланатын болады.
Британдық оқыту және оқу академиясының «Талантты және дарынды балаларды анықтау» 
жөніндегі кейс-стадиі сыныптардың әрқайсысында талантты және дарынды балаларды 
анықтау жөніндегі әртүрлі әдістерді қолданып, олардың 1-тобының балаларымен (4–7 жас ша-
масында) жүргізілген үш жобаны суреттейдi:
1) бірінші зерттеуде мұғалімдер есту қабілеті нашар және ағылшын тілі ана тілі емес ба-
лалар үшін кеңейтілген, тапсырмалары танымдық сипаттағы мектепішілік бағдарлама жа-
сады. Шектеулі вербалды қарым-қатынасты қолдана отырып, осы тапсырмалар қабілеттің 
жоғарғы деңгейін көрсетті. Бір тапсырмада қарапайым вербалды қарым-қатынас пен дене 
қимылын қолдана отырып, олар судың ағысын көрсетті, ал екіншісінде өздеріне және аюға 
жеткілікті кең үй жасау үшін суретті нұсқауларды пайдаланды; ал үшінші тапсырмада олар 
әнді тыңдаған соң жауабын жазу үшін әртістік қасиеттерін пайдаланды. Соңында олар жыл-
дам сөйлей алмаса да, жоғары деңгейдегі сенімділіктерін, зейінмен тыңдай алатынын және 
тұрақты қызығушылықтары ұзаққа созылатынын көрсеткен дарынды және талантты балалар 
екендігі анықталды.
2) екінші жобада балалардың қуанышын және сыныптың сауалнамасына қатысуға дайын 
екендігін бағалау үшін «бірегей» және «үлгерімі нашар» дарынды және талантты оқушылардың 
тұрмыстық ахуалын бағалайтын тест пайдаланылды. Алған деректер бойынша бір үлгермей 
қалған талантты оқушының табысы мен қызығушылығы төмен болғандығын, бірақ со-
нымен қатар оның әртүрлі нақты іс-әрекеттерді орындауға қабілетті және оң көзқараспен 
қарайтындығын көрсетті. Мұғалімдер осы ақпаратты оның білімділік мүмкіндігін өзгерту үшін 
пайдаланды және бұл оның сыныптағы пәндерге қызығушылығын, өз ортасына құштарлығын 
жоғарылатып, сонымен қатар идеяларының дербестігін арттырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет