С. А. Козлова, Т. А. Куликова


    XVII ТАРАУ  МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕҢБЕК



Pdf көрінісі
бет260/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   396
323 

 

XVII ТАРАУ 



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕҢБЕК 

ӘРЕКЕТІ 

 

Балалар 



еңбегі 

әрекетінің 

барлық 

құрылымдық 

компоненттерінің  бар  болуына  қарамастан,  әлі  де  даму 

сатысында  және  ересектің  көмегі  және  қатысуын  міндетті 

түрде талап етуімен ерекшеленеді. 

Мектепке дейінгі кіші жастағы балалар еңбекте мақсатты өз 

бетінше  қоя  алмайды.  Себебі  мектепке  дейінгі  кіші  жастағы 

балалар  әлі  еңбектің  тұтас  үдерісі  мен  нәтижесін  есінде  сақтау 

дағдысына  ие  емес.  Олардың  әрекеттері  мақсатты  емес, 

процессуалдық сипатқа ие: белгілі бір мақсатты көздемей әрекет 

бірнеше рет қайталана алады.Баланы нәтиже емес, әрекеттің өзі 

қызықтырады.  Мақсатты  әрекеттерді  дамыту  еліктеу  және 

заттық-бағдарлау  қызметінің  дамуымен  тығыз  байланысты, 

себебі  дәл  осы  кезде  бала  заттың  міндетін  ұғынады  және  оны 

қолдану  амалын  игереді.  Бала  еліктеу  арқылы  әрекет  ету 

тәсілдерін меңгере отырып, қарапайым әрекеттерде нәтижелерге 

қол жеткізе бастайды (ілгішке сүлгіні іледі, түймені салады және 

т.б.).  Осылайша  өзінің  әрекеттерінің  мақсатын,  нәтиже  және 

мақсат  байланысын  бірте-бірте  түсінеді.  Мұндай  ұғыну  –өзі 

үшін өзінің мүмкіндіктерін ашу – өз бетімен әрекет етуге түрткі 

болады: «Мен өзім».  Қабілеттерін дамыту үшін еңбекте мақсат 

қою  білу,  мақсатты  түсіну,  нәтижелерін  көре  білу  дағдысын, 

әрекет  ету  тәсілдерін,  машықтарын  игеру  маңызды.  Мектепке 

дейінгі  кіші  жастағы  балаларда  бұның  барлығы  тек  бастапқы 

кезеңде  ғана  болады.  Сондықтан  балалардың  алдына  мақсат 

қоятын  және  оны  жүзеге  асыруға  көмектесетін  ересектің  рөлі 

үлкен.  Мектепке  дейінгі  ересек  жастағы  балалар  үйреншікті 

жағдайларда  өздері  мақсат  қояды.  Олар  мұны  материалдық 

нәтижеге  қол  жеткізетін  жағдайларда  ғана  табысты  түрде  істей 

алады:  ойыншықтарды  қолдан  жасау,  тазалау,  өзіне-өзі  қызмет 

көрсету  және  т.б.  Бұл  жастағы  балалар  алшақтанған 




324 

 

мақсаттарды  да  түсіне  алады  (егін  егу).  Педагог  алшақтанған 



мақсаттарды  қоя  алады.  Кейде  алшақтанған  мақсаттарды 

балалардың 

кезең-кезеңімен 

түсінуі 


де 

қажет 


болуы 

мүмкін.Мысалы,  күрделі  жұмыс  күтіп  тұрғанда  бала  мақсатын 

есте  сақтай  алмайды,  оны  ұмытады.Ересектің  балаға 

көмектесетіні  сол  –  ол  барлық  еңбек  үдерісін  қысқа  бөліктерге 

бөледі және әрбір бөлікте балалар алдында мақсат қояды. 

Сонымен мектепке дейінгі балалардың еңбек қызметінің бұл 

компонентінің 

ерекшелігі 

сол 

– 

оны 



іске 

асыруда 


ересектіңқатысуы  міндетті  болып  табылады.  Балалардың 

дербестігі және олардың мақсатты ұғынуы қатыстық байланыста 

ғана болады. 

Мақсатты  еңбек  қызметін  қалыптастыруда  баланың  не  және 

қалай істейтіні ғана емес, сондай-ақ неліктен және не үшін еңбек 

ететіні  де  маңызды.  Уәждері  әртүрлі  болуы  мүмкін:ересектер 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет