Тұқым қуалаушылық ата-анасынан балаларына беріледі,
гендерге енгізілген. Тұқым қуалаушылық бағдарламасы тұрақты
және өзгермелі болып екіге бөлінеді. Тұрақты бөлігі адамды
адам болып, адамзат өкілі болып туылуын қамтамассыз етеді.
Өзгермелі бөлігі адамды оның ата-анасымен туыстандырады.
Бұл сыртқы белгілері болуы мүмкін: дене құрылысы, көзінің,
терісінің, шашының түсі, қан тобы, нақты ауруларға биімділігі,
жүйке жүйесінің ерекшелігі. Бұндай даусыз фактілер ешкімнің
күдігін туғызбайды: балалар өз ата–аналарына, өз тегіне
ұқсайды. Олай болмаған жағдайда таңданыс тудырады, өйткені
сыртқы ұқсастықты адамдар бір тектің міндетті белгілері
ретінде қабылдайды.
Бірақ түрлі көзқарастың мәні моральдық, интеллектуалдық
қасиеттердің, арнайы қабілеттердің (қандайда бір іс-әрекетке
қабілеттіліктер) тұқым қуалауы туралы мәселе болып табылады.
Қабілеттілігі немесе бейімділігі беріледі ме екен? Көптеген
шетел ғалымдары (М.Мон- тессори, Э. Фромм, К.Лоренц және
т.б.) интеллектуалдық қана емес моральдық қасиеттер тұқым
қуалау арқылы берілетініне сенеді. Отандық ғалымдар ұзақ
жылдар бойы қарсы көзқарасты ұстанды: тек биологиялық
тұқым қуалаушылықты мойындады, ал басқа санаттар – мораль,
интеллект - әлеуметтендіру үдерісінде иелінеді деп есептеген.
Алайда академиктер Н.М. Амосов және П.К. Анохин
адамгершілік қасиеттерді мұралану немесе кез келген жағдайда
баланың
агрессияға,
қатігездікке,
еріксіздікке
тұқым
қуалаушылық биімділігі пайдасына өз ойын білдіреді. Бұл
күрделі мәселе әлі күнге дейін бір жақты шешімін таппаған.
Алайда генетикалық және туа біткен тұқым қуалаушылықты
ажырата білу керек. Ұрықтың даму ерекшелегіндегі аздаған
73
кездейсоқ ауытқулар дамудын бағытын да, сапасын да өзгертуі
мүмкін. Соңғы жылдары педагогикада жана сала –
Достарыңызбен бөлісу: |