Тапсырма
Екі ғұлама адамның айтқандарын салыстырыңыз және өз
ұстанымыңызды қалыптастырыңыз: «Тәрбилеу бәрін де жасай
алады» (Гельвеций). «Досым менің, келеңсіз тәрбиеден әрдайым
абай бол!» (Вольтер).
Тұқым қуалаушылық, орта, тәрбиелеу — бұл факторлар
олардың барлық маңыздылығы мен қажеттілігіне қарамастан,
баланың толық дамуын қамтамасыз ете алмайды. Неліктен?
Өйткені, олардың барлығы балаға тәуелді емес әсерлерін
болжайды: ол гендеріне енгізілетіндергеешқандай әсер етпейді,
қоршаған ортаны өзгерте алмайды, ол өз тәрбиесінің мақсаттары
мен міндеттерін анықтай алмайды.
Бірақ табиғат адамға керемет ерекшілік — белсенділікті
игерте отырып, оны осылай «жаратқан».Бастапқыда, ана
құрсағында жатқаннан бастап, бала жоғарыда аталған
факторлардың әрқайсының әсеріне белсенді жауап береді.
Белсенділік қозғалыстардан байқалады (қозғалыс белсенділігі).
Нақты қозғалыс өмірді қамтамасыз етеді, организмді жұмыс
істеуге мәжбүрлейді, оны шынықтырады және сауықтырады.
(Жүруді игеруімен және тік жүру арқылы баланың даму сипаты
қаншалықты сапалы өзгеретініне көңіл бөлген жөн). Белсенділік
әлемді тануында көрінеді. Адамды өзі үйренбейінше, ешнәрсеге
үйретуге
болмайды.
Танымдық
белсенділікбастапқыда
тіршілікті қамтамасыз етеді, себебі ол баланың жаңа әлемге
бағытталуына көмектеседі. Эмоционалдық белсенділік — тұлға
белсендігінің маңызды қыры. Өте ұзақ кезең бойы бала көп
нәрсені санамен емес, эмоциялық деңгейде түсінеді. Ол әсерге
жауап береді, эмоционалдық белсенділікпен қоршаған ортасына
өз жағдайын білдіреді. Белсенділік сәбиге заттармен іс-әрекет
76
тәсілдерін меңгертеді.
Осылайша, белсенділік тірі организмнің қасиеті ретінде
дамудың қажетті шарты мен алғышартына айналады.
Адамда белсенділік әлеуметтік формада түрленеді - түрлі іс-
әрекет түрлері: ойын, еңбек, оқу. Іс-әрекеттің әр түрі қандай да
қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған: ойын — нақты
іс-әрекеттер мүмкін болмайтын салада белсенді болу
қажеттілігін қанағаттандыруға;еңбек — нақты нәтиженіалу
қажеттілігін қанағаттандыруға, өзін-өзі танытуға; оқу — білімге
деген қажеттілігін қанағаттандыруға және т.б.
Белсенділік әрекетке түрткі болып табылады. Егер әрекет
ұйымдастырылмаса, егер оның дамуы қамтамассыз етілмесе,
онда белсенділік қалайда «шығатын жол іздейді» және
жағымсыз формада қолданулуы мүмкін (тентектік, агрессиялық
және т.б.).
Сонымен, біз баланы адам ретінде дамытуды қамтамасыз
ететін
әртүрлі
факторларды
қарастырдық.
Бірақ
бұл
«механизмді» ересек адам іске қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |