дамудың жылдам қарқыны болып табылады деген
бірауыздан, тәжірбиемен дәлелдеген ойға келді. Бала өмір
сүруге асығады, тез Адам болғысы келеді. Ол тез салмақ қосады,
өседі; организмнің барлық өмірлік маңызды жүйесін белсенді
атқара бастайды; қозғалысы дамиды; бұлшықеттері қатаяды; тісі
жарып шығады (П.П.Блонский атап айтқандай, сәбидің «тісі
көбиген» сайын, ол жаңа «білім белестерін» белсенді түрде
бағындырады!).
Бұл кезеңде физикалық дамудың жылдам қарқынымен бірге
балалың әр түрлі ауруларға, сүйек және бұлшықет жүйелерінің
бұзылуына, организмдегі үйлесімділіктің бұзылу қаупіне
шалдыққыштығымен ерекшеленеді. Дәл сондықтан ерте
жастың бай мүмкіндіктерін «пайдалануда», баланың физикалық
дамуының аз тексерілген әдістері мен жүйелерін қолдануға
ерекше абайлау керек. Сонымен, бала организіміне жүзудің
әсерін дұрыс қадағаламай, оны жүзуге ерте үйрету сүйек
құрылысындағы жамбас буындарының ауытқуына әкеп соғуы
мүмкін, себебі олар дененнің вертикалды жағдайындағы
жүктемеге арналған. Тамақта кальцидің жетіспеуі сүйек
тіндерінде қуыстың (лоозеров аймағы) пайда болуына әкеп
соғады. Түрлі бұзушылықтардың, түрлі «инновацияларды»
абайламай пайдаланудың және балаға тәжірбие жүргізудің
салдары ерте жаста емес және мектеп жасында емес, ал
анағұрлым кеш білінуі мүмкін.
Ерте жастағы бала дамуының тағы да бір ерекше өзгешілігі–
Достарыңызбен бөлісу: |