С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет70/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

Тапсырма 

 Л. С. Выготскидің  «Жас проблемасы» (ВыготскийЛ. С. Пед. 

шығ.  —  Т.  4.  —    244  б.)  мақаласын  мұқият  оқыңыз.  Неге 

педагогке  (психолоққа  ғана  емес)  жас  шақтарын  кезеңге  бөлу 

амалдары туралы білу маңызды екені туралы ойланыңыз.   

Д. Б. Эльконин жас шақтарын кезеңге бөлуді бала әрекетінің 

жетекші  түрінің  ауысуымен  байланыстырды.  Оның  теориясы 

Выготскийдің  теориясына  қарама-қайшы  келмейді,  керісінше, 

ол оған сүйеніп, оны толықтырады.  Әрекеттің көрінуі баланың 

психологиялық 

дамуының 

нақты 


деңгейімен, 

оның 


мүмкіндіктерімен  байланысты.  Әрекет  түрлері  толыққанды 

дамуды  қамтаммассыз  ете  отырып,  бірін-бірі  бірте-бірте 

ауыстырады.    

Бала  туралы  дамудың  шарқына  қарай  әр  кезеңнің  сапалық 

сипаттамасы  мен  балалықтың  ұзақтығы  туралы  пікір  өзгерді. 

Белгілі болғандай,  адамның балалық шағы – Жердегі басқа  тірі 

тіршілік иелерінің өкілдеріне қарағанда ең ұзақ шақ (тек, аналық 

піл ғана өз төлін 5 жасқа дейін мәпелеп өсіреді, ал басқа аналар 

өз ата-аналық функцияларын бірнеше айлар ішінде, ал көбінесе 

күндер  немесе  сағаттар  мен  минуттар  атқарады,  ал  содан  кейін 




81

 

өз ұрпағымен қоштасып, оны одан кейін есіне де алмайды).   



Психологиялық  жас  кезеңін  негізге  ала  отырып,  білім  беру 

мекемелерінің  құрамына  кіретін  педагогикалық  кезеңдер 

қалыптасты:  балалар  бақшасы,  балабақша,  мектеп.Әр  ұйымның 

ішінде топтар одан да жете бөлінеді: туғаннан 3 айға дейін; 3 — 

5 ай.; 5 — 9 ай.; 9 айдан — 1 жас; 1 жас — 1,5 жас; 1 жас 6 ай. — 

2 жас; 2 — 3 жас; 3 — 4 жас; 4  — 5 жас; 5—6 жас; 6—7 жас. 

Педагогикалық ғылым мен тәжірибенің міндеті баланың жас 

ерекшелігін  есепке  ала  отырып,  оны  тәрбиелеу  және  оқыту 

стратегиясын  әзірлеу  болып  табылады.  Тұлғаның  қалыптасуы 

мен  дамуына  көмектесу  үшін,  баланың  жас  мүмкіндіктері  мен 

ерекшелігін білу керек.   

Сонымен, мектепке дейінгі педагогиканың нысаны қандай? 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет