С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009


Фарфордан жасалған пагода. 1412 ж



Pdf көрінісі
бет102/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   162
Фарфордан жасалған пагода. 1412 ж.


250
251
лады. Өз əулетінің атын Цин /«светлая»/ деп өзгертті. Осы əулет 
кейін бүкіл Қытайды басып алып, 1911 жылға дейін билігін орна-
тады. Кейінгі жылдары Манчжурлар ішкі Моңғолияны, Кореяны 
толық басып алғаннан кейін /1637/ Қытайдың Чжили /қазіргі Хэбэй/, 
Шаньдун, Хэнань тағы басқа провинцияларын басып алып, талан-
таражға салды. 
Қытай халқының манчжурлықтарға қарсылығы үкіметтің тара-
пынан жеткілікті қолдау таппады. Қытай əскербасылары көбінесе 
қорқақтық, ынжықтық, сатқындық танытты. Бұл сəтсіздіктер 
Қытайдың экономикалық жəне саяси жағдайын шиеленістірді. 
Осындай саяси жағдайдың шиеленісуінің барысында Дунлинь 
ұйымы құрылды. Ол феодалдық тəртіпке қарсы құрылған ұйым бол-
ды. Ол ұйымның негізін ірі əкім /чиновник/, əрі ғұлама оқымысты 
Гу Сянь-Чэн қалады. Ол сарай евнухтарының құпия қастандығынан 
кейін қызметінен босатылып, туған еліне қайтқан еді. Сондағы 
«Дунлинь шуюань» академиясында дəріс оқыды. Өз дəрістерінде 
сол кездегі өкімет билігінің кемшіліктерін сынады. Оның айналасы-
на жақтас-тілектестері топтасып, «дунлиньдіктер» деп аталып кетті. 
Олар сауда мен қолөнеріне еркіндікті кеңінен беруді, феодалдық 
қанауды жеңілдетуді, парақорлықпен күресті күшейтуді, əскердегі 
тəртіпті  жақсартуды,  шекараны  қорғауды  күшейтуді,  тағы  басқа 
шараларды талап етті. Бұл ұйым үкімет тарапынан қуғынға ұшырап 
отырды.
Феодалдарға, олар орнатқан тəртіпке, сондай-ақ əскердегі 
көтерілістер де қауіп төндіріп тұрды. Шаруалар мен қала халықтары 
да үкіметке қарсы құпия ұйымдарға бірігіп жатты. Моңғолдар 
үстемдігіне қарсы күресте маңызды рөл атқарған «Ақ лотос» деген 
құпия ұйым қайтадан өз қызметін жалғастырды. Оның қатары тез 
өсе бастады. Сол ұйымның басшылығымен 1622 жылы Шаньдуньде 
үлкен көтеріліс болды. Бірақ үкімет бұл көтерілісті басып тастады.
1625—1627 жылдары Шэньси провинциясында үлкен толқулар 
болды.  1628  жылы  бұл  толқулар  кең  өріс  алды.  Көтерілісшілер 
кішігірім қалаларды басып алып, жергілікті үкіметтің кейбір 
мүшелерін өлтірді, олардың үйлерін тонап, түрмеден тұтқындарды 
босатты. Тауда жиналып, көтерілісшілер 10 отряд құрды, басшы-
ларын сайлады. Шэньсидің оңтүстігінде көтерілісшілер Ханьчжун 
қаласына жақын келді: осы провинцияның солтүстігі мен баты-
сында көтерілісшілер біраз жерлерді басып алып, өз биліктерін 
орнатты. 1629 жылдың аяғына қарай көтерілісшілер отрядтары 
Шэньси-Ганьсу провинциясын толығымен өз бақылауында ұстады. 
Көтерілісшілер отрядтарының кейбір жас басшылары, мысалы, 
Ли Цзычен, Чжон Сяньчжун кейін кеңінен танымал болды. Пекин 
үкіметінің Шэньсиге жіберген əскері көтерілісшілерді бірте-бірте 
ығыстыра берді.
1631 жылы 36 көтерілісшілер отрядтары бірікті. Оның қолбас-
шысы Ван Цзыюн болды. Ол кеңес мүшелерімен ақылдасып отыр-
ды. Келесі жылдың көктемінде көтерілісшілер Хуанхэ өзенінен өтіп, 
астанаға қарай жорық бастады. Шаруалар отрядтарының қатары 
күннен-күнге өсе түсті. Олар провинциялық əскерлерге соққы 
бере отырып, кішігірім уездік қалаларды басып алды, үстем таптар 
өкілдерін қырды. Шаруалар отрядтары оқпен атылатын қаруы бар 
күшті əскермен шайқаста жеңіліске ұшырай бастады. Көптеген бас-
шыларынан, оның ішінде Ван Цзюннен де айрылды.
1633 жылдың қысында қатары өте қатты сирей бастаған шаруалар 
отрядтары Хуанхэ өзенінен кері қайтып, оңтүстікке қарай шегінуге 
мəжбүр болды. Хэнань, Хубей, Сычуан провинцияларының шару-
алары көтерілісшілерді қуана қарсы алып, оларды азық-түлікпен 
қамтамасыз етіп отырды, олардың қатарына кірді. Янцзы жағасына 
жеткен соң көтерілісшілер отрядтары қайтадан солтүстікке қарай, 
Шэньсиге  беттеді.  Енді  отрядтар  бөлек  əрекет  жасады,  əр  отряд 
өз еркімен, өз мүмкіндігінше соғысты. Тек бір рет қана қосылып, 
бірлесуге əрекет жасады.
1635 жылы Хэнань провинциясында 72 отряд басшылары Ли 
Цзычэн ұсынған бірлесе қимылдау жоспарын қабылдады. Бірақ от-
рядтар көп ұзамай қайтадан ыдырап кетті. Біреулері Хэнаньда, енді 
біреулері Шэньсиде əрекет етті. Чжан Сяньчжун басқарған отряд 
Янцзы өзенінің алқабымен үлкен жорық жасады. Қайсыбір кездер-
де көтерілісшілер отрядтары үлкен үкімет əскерін де жеңіп отыр-
ды. Бірақ көтерілісшілер өз жеңістерін дұрыс пайдалана алмады. 
Кішігірім қалаларды басып алған соң онда берік базасын құрмай, 
əрмен қарай жылжи берді. Көтерілісшілер отрядтары кеткен соң ол 
қалалар қайтадан үкімет жағына шығып кетіп отырды.
Көтерілісшілер басып алған жерлерде халыққа барлық 
қарыздарынан, салық төлеуден құтқарамыз деп уəде берді. Бірақ 
өздері халықтан азық-түлік, қару-жарақ пен киім-кешек үшін 
қаржы жинап алып отырды. 1636 жылғы маусымда император 
барлық көтерілісшілерге кешірім жасайтындығы, өз жерлеріне 
қайтқан шаруаларға, үкімет əскеріне қайтып оралған солдаттарға 
көмек көрсету жөніндегі жарлығын жариялады. Көтерілісшілер 
отрядтарының басшыларына офицер атағын бермек болды. Кейбір 
салықтар мен қарыздар жойылды. Сөйтіп, көтеріліс басылды.


252
253
Бірақ үкімет уəдесін толық орындай алмады. Елдің эко-
номикалық жағдайы нашар болды. Ашаршылық болып, халық 
қырыла бастады. Осындай қиыншылықтар 1639 жылы қайтадан 
шаруалар көтерілісінің басталуына себеп болды. Көтерілісшілер 
арасына бұрынғы басшылары Чжан Сяньчжун, Ли Цзычэн, тағы 
басқалары  қайтып  оралды.  1640  жылы  Ли  Цзычэн  басқарған  от-
ряд Хэнаньге жорық жасап, 50 шақты қаланы басып алды. Хэнань 
қаласы императордың ағайыны Фудың резиденциясы болатын. Ол 
империядағы ең бай адам еді. Көтерілісшілер оны өлтіріп, байлығын 
талан-таражға салды.
Көтерілісшілер өте күшті қала-қамал Кайфынды үш рет қоршап, 
ақыры ала алмады. 1642 жылы көтерілісшілер отрядтары бірікті. 
Оның  қолбасшысы  болып  Ли  Цзычэн  сайланды.  Қатаң  тəртіп  ор-
натылды. Отряд жауынгерлері тұрақты əскердегідей артық бұйым 
ұстамай, палаткада тұрып, соғыстан бос уақытында жаттығумен 
айналысатын  болды.  Чжан  Сяньчжун  ғана  бөлініп  кетті.  Ол 
Хунаньдағы Чаншаға жорық жасады, кейін Сычуанға кірді. 1643 
жылдың  аяғында  Ли  Цзычэнь  бастаған  көтерілісшілер  Шэньсиге 
кіріп, Сиань қаласын басып алды. 1644 ж. ақпанда ол өзін император 
деп жариялады. Қыста оның əскері Пекинге аттанды. Округтер мен 
уездердің шаруалары оның əскерінің қатарын толықтырып отыр-
ды. Қамалдар қақпаларын ашты. Көптеген қалалардың тұрғындары 
көтерілісшілерді «Чуан ваны /Ли Цзычэн/ келіп бізді салықтан 
құтқарды...» деген өлеңмен қуана қарсы алып отырды.
Астана айтарлықтай қарсылық көрсете алмай, берілді. Император 
өзін-өзі  өлтірді.  1644  жылғы  25  сəуірде  көтерілісшілер  Пекиннің 
«Ішкі қаласын», яғни ең маңызды үкімет органдары орналасқан 
мекемелерді басып алды. Көтерілісшілер барлық бай, бақуатты 
адамдарды /феодалдарды, князьдарды, əкімдер мен үкімет əскерінің 
басшыларын/қырды. Басып алған жерлерінде көтерілісшілер 
барлық қазына байлығын талан-таражға салды, халықты өкіметтің 
бұрынғы салықтарынан уақытша босатты. Сөйтіп, халықты көз 
бояушылықпен өз жағына тартып алуға тырысты. Астананы басып 
алып, үкімет басшыларын қамап, көбін өлім жазасына кесті.
Байларға контрибуция /зорлық, күштеп салынатын салық/ 
төлеткізді. Кейбір қызметкерлерді қызметтеріне қайта алуға 
бүлікшілер  мəжбүр  болды.  Көтерілісшілер  өз  өкіметін  құрды. 
Өкіметке тек өздерінің тілін алып, тілектестігін білдіретін адам-
дарды тағайындады. Бүлікшілер көсемдерінің əлеуметтік құрамы 
бірдей емес еді. Олардың ішінде бақуатты отбасынан шыққандар да 
болды.
Феодалдар елдің солтүстік-шығысында күш жинай бастады. 
Ондағы ұлы Қытай қабырғасында маньчжурларға қарсы  У Саньгуй 
басқарған күшті үкімет əскері тұрған еді. Бүлікшілер У Саньгуймен 
келіссөз жүргізді. Ол қарақшыларды қолдаудан бас тартты. Осы 
кезде Ли Цзычен мен Лю Цзунмын бастаған бүлікшілердің жақсы 
қаруланған əскері солтүстіккке қарай жорыққа аттанды. У Саньгуй 
манчжур князьдарынан көмек сұрады. Бірнеше рет жіберілген 
елшіліктен кейін манчжурлықтар көмекке келді.
Олардың біріккен күштері бүлікшілердің тас-талқанын шығарды. 
Ли Цзычэн Пекинге қарай шегінді. Бірақ тез арада ол қаладан да 
қуылды. Жеңіске жеткен біріккен Қытай-манчжур əскерлері 1644 
жылғы 6 маусымда Пекинге келіп кіріп, жас манчжур мұрагерін им-
ператор деп жариялады. Осы маньчжур үрім-бұтағы Цин деген ат-
пен Қытайда 1911 жылға дейін билік құрды. Шаруалар əскері астана-
дан шығып, батысқа қарай бет алды. У Саньгуй басқарған əскермен 
көтерілісшілер бірнеше рет шайқасты, бірақ шамасы келмей, шегіне 
беруге мəжбүр болды. Шаруалар көтерілісшілерді қолдай беру əбиір 
əпермейтінін түсініп, оларды қолдаудан бас тарта бастады.
Көтерілісшілер лагеріндегі қолбасшылар арасында алауыз-
дықтар туып, олардың қатары күннен-күнге ыдырай берді.      Ли 
Цзычэн басқарған көтерілісшілердің бір тобы Сианьде орналасып 
алып, өз қолбасшысын император деп есептесе, көрші Сычуань 
провинцясындағы көтерілісшілер Чжан Сяньчжунді Батыстың 
патшасы деп жариялады. Екі көсем ортақ жауға қарсы бірікпеді. 
1645 жылы көтерілісшілер Сиань, Шаньси  провинцияларын  та-
стап,  алдымен Хэнаньге, кейін — Хугуанға шегінуге мəжбүр бол-
ды. Олар Янцзы өзенінен өтіп, онан əрі оңтүстікке бет алды. Хубэй 
провинциясында Ли Цзычэн қаза тапты. 1646 жылы Сычуаньда 
манчжурлықтармен шайқаста Чжан Сяньчжун да қаза тапты. Оның 
орнын басқан Ли Динго манчжурлықтармен соғысты онан əрі 
жалғастырды.
Ақыры шаруалар көтерілісі толық жеңіліп, басылды. Ол дегенмен 
шаруалардың біраз жеңілдіктер жеңіп алуына мүмкіндік жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет