196
197
Ол əскермен қатар бір-бірінен тəуелсіз үш түрлі тыңшылар мен
жазалаушылар мекемеларін құрды. Ірі ақсүйектердің, княздердің
бір-біріне қонаққа баруына тыйым салды. Үкіметке қарсы пікір ай-
тушылар қатаң жазаланды. Тіпті өлім жазасына кесілді. Ала-уд-дин
өлген соң түрмелерден он жеті мыңнан астам жазықсыз адамдар бо-
сатылды. Ала-уд-дин арпа-бидайға, күріш пен бұршақ дақылдарына
тұрақты баға енгізді. Нанның бағасын үкімет өзі белгіледі. Ол өте
төмен баға болды. Бірақ, барлық жерде тек сол бағамен сатылатын
болды. Қазынаға түсімді кебейту үшін егістік жер қайтадан есепке
алынды. Ал жер салығының мөлшері жерден түсетін өнімнің жар-
тысына дейін ұлғайды. Тарихи хрониканың авторы Барани салық
жинаушылардың қаталдығын ашына жазады.
Оның айтуынша үкімет халықтың артық азық-түлігін өзі
белгілеген арзан бағамен сыпырып алып отырған. Бұл
арзан бағамен
тартып алынатын астық үлкен армияны ұстау үшін жұмсалып
жатты. Ала-уд-дин енгізген тəртіптер экономиқаны құлдыратты.
Бірақ біраз уақыт алдағы мақсатқа жету үшін пайдалы болды.
Мемлекеттің барлық ресурстарын корғаныс қабілетін нығайтуға
жұмсау алғаш өзін-өзі ақтады. Үкімет Солтүстік-батыс шеқарадағы
армияны нығайтып, монғолдарға бірнеше ауыр соққы берілді.
1308 жылы Деканға жорық басталды. Бұл жорықтың басшы-
сы Малик Гафур ерекше ерлік көрсетті. Ол барлық Декан жарты
аралын басып алды. Жаулап алынған жердің елдері контрибуция
ретінде патша қоймаларында жиналған байлықтарын, үш жүз жа-
уынгер пілдерін, жиырма мың жылқы беріп,
салық төлеп тұруға
міндеттенді. Ала-уд-дин ихта иелерінің əскери міндеткерлеріне
қатаң бақылау орнатты. Жауынгерлерді қаруландыру соншалықты
қиын іс болған жоқ. Ол кездегі қару-жарақ қарапайым еді. Қылыш,
семсер, найза, қалқан, оққа толы дорбасымен садақ. Мұндай қару-
жарақ əркімде болуға тиіс еді. Сондықтан ихта иесі оларға көп
шығынданбайтын.
Ең басты шығын ат болды. Атты əскер сол кездегі соғыстың
құдіретті күші болатын. Ал Индия жағдайында жылқы жақсы тұқым
бермейді. Ондағы туған жылқылар бірте-бірте жылқылық қасиетін
жоғалтады. Сол себепті Үнді мемлекеттері əскери соғыс қажеттіктері
үшін Орта Азия мен Арабиядан, Ауғанстан
мен Ираннан жыл сай-
ын он мың жылқы сатып алып отырды. Бірақ соғыстың бұл негізгі
күші өте қымбатқа түсетін. Сондықтан ихта иелері мүмкіндігінше
жылқы сатып алмай, əскери мекемені алдап соғуға тырысты. Бұл
зиянкестікпен күресу үшін Ала-уд-дин Үнді тарихында бірінші рет
жылқыны таңбалауды енгізді. Байқауларда ихта иесінің отряд саны
ғана тексеріліп қойған жоқ, сонымен қатар таңбасы арқылы аттың
кімдікі екені де тексерілді.
Ала-уд-дин тұсында үкімет билігінің орталықтандырылуы,
бір қолға шоғырлануы өзінің ең жоғарғы шыңына жетті. Əрбір ірі
феодалдың өзімсінуі түбірімен жоғалды. Орталық Үкіметтің рұқсат,
нұсқауынсыз жергілікті басшылар өз еріктерімен əрекет ете алмай-
тын болды. Ала-уд-дин өте қу, айлакер, іскер ұйымдастырушы, батыл
да тапқыр қолбасшы болды. Өз мақсатына жету үшін ешнəрседен
тайынбайтын.
Ала-уд-диннің мұндай қатал орталықтандыру саясаты алғаш
біраз тиімді болғанымен оның ақырғы жемісі өте ащы болды.
Экономика ауыр дағдарысқа ұшырады. Сондықтан да Ала-уд-дин
өлісімен оның орнатқан тəртібі толығымен жойылды.
Сұлтанаттың экономикалық жандануы Мұхамет Тоғалақтың
/1325—1351/ патшалық құруы кезінде басталды. Ол таққа өз əкесі
Гияс-уд-дин Тоғалақты ым-жымсыз өлтірген соң отырды. Бенгалияға
сəтті жорықтан соң əскердің салтанатты шеруі өткізілді. Сол шеру
кезінде жауынгер пілдер Гияс-уд-дин отырған шатырды құлатып
кетеді. Патша құлаған шатырдың астында қалып, қайтыс болады. Бұл
кезге қарай Мұхамет Тоғалақ тəжірибелі қолбасшы, саясаткер болып
қалыптаса бастаған еді. Ол тарихта екінші Ескендір, яғни Александр
Македонский ретінде қалуды армандады.
Алғаш оның бұл арманы
орындалатын сияқты болып көрінді. Ала-уд-дин өлген соң сұлта-
наттан бөлініп кеткен жерлерді ол бірінен соң бірін қайтадан қосып
ала бастады. Ол Ала-уд-дин тұсындағы Дели сұлтандығын онан сай-
ын кеңейтіп, бүкіл Индияны дерлік өзінің қол астына бағындырды.
Бұл Дели сұлтандығының аумағының ең үлкен кезі болды. Мұндай
жеңісті жорықтар тек соғыс қимылдары үшін ғана емес, сондай-ақ
басып алынған жерлерді бағыныштылықта ұстау үшін де көп қаржы
мен əскерді қажет етті. Сол себепті Мұхамет Тоғалақ Ала-уд-диннің
салық саясатын қайталауға мəжбүр болды.
Ол саясат шаруаларды, жалпы халық шаруашылығын күйзеліске
ұшырата бастады. Салықты ұлғайтумен қатар Мұхамет Тоғалақ
ихта иелерін нығайтуға тырысты. Олар қайтадан қатал бақылауға
алынды. Өз иеліктеріндегі жерден түсетін
табыстың оннан бірін
өздеріне алып қалуға рұқсат берілді. Аттарды таңбалау қайтадан
енгізілді. Жеңістер жалғасып жатқанда халық Мұхамет Тоғалақтың
мұндай өзгерістеріне шыдады. Соғыс тоқталысымен феодалдар ол
жаңа тəртіптерге бағынбауға тырысты.
198
199
Тоғалақтың патшалық құруындағы сəтсіздіктің негізгі екі себебі
болды. Біріншісі: астананы елдің дəл ортасына орналасқан Дева-
гири деген қалаға көшіруі болды. Ол қаланың атын Дəулет-Абад
деп өзгертті. Қанша қаржы шығындап, зəулім сарайлар салғанымен
жаңа қала саяси өмір орталығына айналмады. Патша басқа қалаға
көшкенімен Делиде қалып қойған мықтылар ел тағдырын шешуде
бұрынғы ықпалынан айырылмады. Ақыры Тоғалақ бірнеше жыл-
дан соң Делиге қайта көшуге мəжбүр болды.
Тоғалақтың екінші сəтсіздігі — ақша реформасына байланысты
болды. Ол алтын-күміс монеталарды мыстан жасалған монетамен
ауыстырды. Алтын монетаның құны сол мыстан жасалған монета-
да көрсетілетін: «он алтындық», «жүз алтындық» деп. Мұндай мо-
неталар көбейіп кетті. Əр үй монета сарайына айналды. Бара-бара
мұндай ақшаның құны балшықтың құнымен бірдей болып қалды.
Монета көбейгенімен мемлекеттік қазына қаңырап бос қалды.
Тоғалақ
ызаға булыға отырып, бұрынғы ақша жүйесіне қайта
көшуге жарлық шығарды. Қазынаны қайта толтыру үшін Тоғалақ
алым-салықтарды өсірді.
Ол халық наразылығын туғызып, көтерілістер басталды. 1339
жылы Бенгалия, бір екі жылдан соң Декан жарты аралы Дели
сұлтандығынан бөлініп шығып, тəуелсіздігін жариялады. Осындай
қиын-қыстау кезде таққа Фироз-Шах Тоғалақ /1351—1398/ отыр-
ды. Ол ихта иеліктерін жекеменшікке айналдыруға рұқсат беріп,
феодалдарға біраз жеңілдіктер жасауға мəжбүр болды. Шаруалар
жағдайын жақсартуға да көніл бөлді. Əскерге бөлінетін қаржы
қысқартылды. Делидің Солтүстік-батысында Джамна мен Сатледж
арасында канал салына бастады. Жылына екі рет егін егіп, жинауға
мүмкіңдік туды. Бір қарыс жер бос қалмайтын болды. Сөйтіп, ауыл
шаруашылығы жандана бастады.
ХІV ғасырдың аяғында феодалдық
өзара қырқысулар жаңа қар-
қын алды. Сұлтанаттан Мальва, Гуджарат, Хандеш бөлініп шықты.
Осындай жағдайда 1398 жылы Солтүстік Индияға Тимур əскерлері
басып кірді. Ол Делиді алды. Қаланы талқандап, талан-таражға са-
лып, олжаларын алып, Тимур Орта Азияға қайтып кетті. Осыдан
кейін Дели сұлтандығы қайтып оңала алмады. Сейіттер тұқымы
сұлтандық құрған /1414—1451/ жылдары Дели сұлтандығы Делидің
өзінен басқа шығыс Пенджабты ғана қамтыды. ХV ғасырдың орта-
сында Делидегі үкімет билігін Афғандық Лоди Бахлул кландары
басып алды.
Оның арғы аталары Индияға ХІV ғасырдың аяғында қоныс
аударған болатын. Оның жиырма мыңдық əскері ауғандықтардан
құрылған болатын. Бахлул Лоди 1451—1489 жылдар аралығында
патшалық құрды. Ал оның тұқымы Делиде 1526 жылға дейін билік
құрды. Соңғы сұлтан Ибрайым Лоди орталық өкіметті нығайтуға
тырысты. Ол сарай кызметкерлерін қатаң тəртіп бойынша ұстады.
Олар ұлы тақсырдың малайы деп саналды. Мұндай менмендік сарай
қызметкерлерінің, ірі ақсүйек феодалдардың наразылығын туғызып,
биліктің құлауына себеп болды. 1526 жылы Индияны Бабыр басып
алып, ұлы моғолдар тұқымының билігін орнатты.
Достарыңызбен бөлісу: