Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: « Абай Құнанбаевтың дін философиясы»
Орындаған: Кенжебек Айзат
Тобы: ТФП20К-4
Қабылдаған:______________
Теміртау 2022ж
Абай Құнанбаевтың дін философиясы
1.Абай - қазақтың ұлы ойшыл философы.
2.Абай дүниетанымының ерекшелігі
3.Абай және дін
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (10 тамыз 1845 жыл – 6 шілде 1904 жыл) — ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы , философ , сазгер , аудармашы , саяси қайраткер , либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» – тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси - әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Абай –ұлы ақын әрі ойшыл. Абай өзінің өлеңдерін бала кезінен жаза бастады. Бірақ ол ақын ретінде алғаш рет XIX ғасырдың 80 - жылдарының орта кезінен бастап таныла бастады. Бұл кезде Абай өз атынан «Жаз» («Жаздыкүн шілде болғанда ...») деген өлеңін жариялаған болатын. Абай - « Ескендір », « Масғүд », « Әзім әңгімесі » поэмалары мен этикалық - философиялық еңбегі « Қара сөздерді » жазды. Ақынның 1890 - 1898 жылдар аралығында жазылған « Қара сөздерінде » XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының болмысы зерделенді. Ақынды қатты алаңдатқан жағдайлар қазақтардың жаппай кедейленген , қайыршылық халге түсе бастауы, патша үкіметі шенеуніктерінің шектен шыққан озбырлығы, жергілікті болыстардың парақорлығы мен қанағатсыз пайдакүнемдігі болды. Ол өзінің өлеңдерінде жақын туыстарына көмек қолын созбайтын сараң байларды өлтіре сынады.Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды. Өзінің кейбір замандастарының бойындағы жаманшылық мінездерді — жалқаулықты, еңбексіздікті, көрсеқызарлықты, алтыбақан алауыздықты, надандықты жеріне жеткізе әшкереледі.
Кедейшіліктен құтылудың бір тәсілі егіншілікпенайналысу, қолөнер кәсібін және сауда - саттық жасауды үйрену екенін айтты. Ол былай деп жазды:
Егіннің ебін,
Сауданың шегін
Үйреніп,ойлап ,мал ізде.
Оның басқаша ойлау мүмкін де емес еді. Қазақ даласында жиі болып тұратын жұт қарапайым халықты ауыр қайғы – қасіретке душар ететін. Ондай кезде жылдар бойы жинаған малдан бір – ақ күнде айырылып, жұтап қалуға болатын еді. Абай 1880 жылғы алапат ауыр жұтты өз көзімен көрді. Сол жылы оның сан мыңдаған жерлестері қайыршылық халге душар болған еді . Семей облысында кедей жатақтардың саны бұрын – соңды болып көрмеген жоғары көрсеткішке жетті. Олар казак станицалары мен орыс шаруаларының деревняларына жаппай ағылып, болар-болмас тиын-тебенге жалданды, үй қызметшілері, қолбала, бақташылар болды. Қайыр сұрап, ел кезіп кеткендер де көп еді. Абай қазақтарды мал өсірумен қоса сауда жасауды, белгілі бір кәсіп түрімен шұғылдануды үйрену қажеттігіне баса назар аударды. Орта Азия тұрғындарының кәсіп түрлеріне үлкен ілтипатпен қызыға қарады. Ол былай деп жазды: «Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, саудагердің жүрмеген жері жоқ, қылмаган шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһари (яғни қала адамдары болып жауласпайды) . Орысқа қарамай тұрганда қазақтың өлісінің ахыреттігін тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды».Абай халыққа жаны ашымайтындарды жек көрді, байлардың қарапайым халыққа менсінбей қарауы оның ашу-ызасын келтірді . Қоғамды прогресшіл түрде дамыту жолдарын үнемі іздестіріп отырды. Абай ел басқаруға халық үшін қызмет ететін, адал адамдар сайлануы тиіс деп есептеді. Ол өз төңірегіндегі адамдардың, жақындары мен шәкірттерінің бойындағы өз халқына риясыз берілгендікті, оның мүдделерін қорғау қасиеттерін қолдап отырды.
Абай дүниетанымын айқындауда оның поэзиясы ерекше орын алды.Ойшыл табиғатпен адам сезімдерінің үндестігін заңдылық ретінде ашып,қоршаған дүние суретін адамның ішкі жан дүниесімен жандандыра білді. Ол өз қоғамының қыры мен сырын, табиғат болмысын, ұлт табиғатын қоғам мүшелерінің мінез-құлығын ментальдық қасиеттері арқылы ашты.Абайдың гуманистігі мен ойлауының экцизтенциалдық ерекшелігі жеке тұлға өмірін қайталанбайтын,қайтып келмейтін, баға жетпес құндылық ретінде қабылдауы болып табылады. Абай шығармашылығында оның Қара сөздері ойшылдың өзіндік санасының қайталанбас айғағы. Өсиетнама түрінде жазылған бұл туынды әлем философия тарихында сирек кездесетін құбылыс.Мұндағы басты мәселе - толық адамды тәрбиелеу жолы.Толық адам- Абай түсінігінде жоғары құлықты,рухани бай,дүниедегі парызы мен Алла алдындағы қарызын түсінетін, адамилық қасетке ұмтылған кісі.Алланы сүйетін, адамзатты сүйетін,әділеттілікті сүйетін,халық жолында тұрған азамат.Абай Қара сөздері хакімді экцезтенциалдық сипаттағы ойшыл деп тануғада басты негіз.Әлемдік философия тарихы дегеніміз –толассыз ұдайы жүріп жатқан ой алмасулары. Осы процесте бір - біріне ұқсайтын да,ұқсамайтын да ойлар қалыптасады.
Ақын мұрасында бір жүйеге түсірілген көзқарасын тұжырымдайтын арнайы филос. шығармасы жоқ. Дегенмен, Абайдың кептеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында «... адам мен адамгершілік, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек - бөлек бір келемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз» (Әуезов М. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер). Абай шығармаларын зерттеуге арналған еңбектер жеткілікті болғанымен, оның философияның негізгі мәселелеріне байланысты көзқарастары жөнінде әлі күнге дейін тиянақты пікір тұжырымдалған жоқ. Ойшыл ақынның терең ойы мен дүниетанымының ішкі мазмұны ақырына дейін ашылып, түсіндірілмей келеді. Бұған қоғамдық болмыстың өзекті мәселелері жөніндегі оның көзқарасының күрделілігі, жүйесіздігі, тіпті, кейде қарама - қайшылықтары белгілі дәрежеде қиындық туғызды. Абай шығармашылығын зерттеудің алғашқы кезеңінде, 20-30 жылдарда ақынның идеялық мұрасы қызу айтыстар тақырыбына айналды, «Абай философиясын» діншілдігі басым әдеттегі бурж. идеалистік философияның жаман - жасқаған бір түрі деп дәлелдемек болушылар да табылды (Қабылов I. Қазақ ақыны Абайдың философиясы және оған сын. «Советская степь», 1928, 2ші тамыз). Көрнекті мәдениет қайраткерлері мен жазушылар: М. О. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұбанов, С. Садуақасов, С. Қожанов, I.Жансүгіровты т.б Абайдың ақындық мұрасын арнайы- социологиялық шабуылдан қорғап, мақалалар жазды. «Көзқарасының қарама-қайшылықтарына қарамастан, -деп жазды Мұқанов, - Абай бұл сөздің ұнамды мәнінде ең озық реалист-суреткер болды және сонысы үшін де біз оны құрмет тұтамыз, сондықтан да оның әдеби мұрасы біз үшін баға жетпес байлық болып табылады, тап солай болғандықтан да қазақ халқы Абайды өзінің аса ірі ұлттық ақыны деп біледі» («Казахстанская правда», 1934, ЗО көкек). Өз заманының ғұламасы болған Абай кептеген орыс жазушылары мен философтарының, әсіресе, А. С. Пушкиннің, М. Ю. Лермонтовтың, И. А. Крыповтың, В. Г. Белинскийдің, А. И. Герценнің, Г.Чернышевскийдің, Н. А. Добролюбовтың шығармаларын оқып, зерттеді, орыс революция демократтарының озық ойы оның дүниетанымының қалыптасуына үлкен ықпал етті. Ойшыл – ақын ежелгі заман философтары Сократ, Платон, Аристотель, сондай - ақ, Шытыстың ұлы ойшылы әл-Фараби мұраларымен де жақсы таныс болды; Батыс Еуропа философиясын, дәлірек айтқанда Р. Декарт, Б. Спиноза, Г. Спенсер, Л. Фейербах еңбектерін оқыды.
Абайдың көптеген өлеңдерінде терең философиялық ойлары, табиғатқа, болмысқа көзқарастары, таным, ақыл, санат. б. жайлы толғаныстары көрініс тапқан: «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», «Көк тұман – алдындағы келер заман» т. б., 45 «сөзден» тұратын қара сөзбен жазылған «Ғақлиялары» - ақынның философиялық көзқарасының мәйегі, өзінің мәні мен тұжырымдарының тереңдігі жағынан ұлттық мәдениет шегінен әлдеқайда асып түсіп жатқан маңызды мура. Бұл «Сездер» қазақ халқының сан ғасырғы тәжірибесінен ( мәдениет, тарих, дәстүр, әдет - ғұрып, т. б.), адам және адамзат туралы ойларынан сусындаған. Абай шығармаларын зерттеушілер ойшылдың философияның негізгі мәселесін шешуге байланысты көз қарастарын бағалауда нақты бір тұжырымға тоқтаған жоқ. Абай Құнанбаев философиясының мәнін толық аштық деу әлі ерте... Абай философиясының мазмұнын барынша толық ашу үшін оның шығармаларының шығыс, орыс және дүниежүзілік философияның мәдениетімен байланысын мейлінше терең зерттеу қажет, ал бұл әлі жеткілікті деңгейде қолға алынбаған нәрсе» деп мойындайды. Абай дүниетанымының бағыттарын зерттеуге Әуезов елеулі үлес қосты. Ол Абайдың көптеген өлеңдері мен 19 ғ-дағы көрнекті орыс ойшылдарының шығармаларын салыстыра зерттеу арқылы олардың терең тамырластығын ашып берді. «Біз Абайдың бірде жекелеген өлеңдерінен, бірде қарасөзбен жазылған «ойларынан» («Ғақлияларынан»), - деп жазды Әуезов, - Белинскийдің ойларымен, Герценнің ойларымен, Чернышевскийдің, көз қарастарымен, олардың «Современник» беттерінде айтқан пікірлерімен жиі ұшырасамыз. Ұзақ жылдар бойғы ізденістер нәтижесінде Әуезов Абайдың дүниетанымы мен демократиялық көз қарастарына Чернышевскийдің рухани мұрасы игі ықпалын тигізді деген тұжырымды дәлелдеп шықты. Абайдың философиялық көз қарастарын оларды тек өзіне ғана тән ерекшеліктерімен, өзіндік белгілерімен және сонылығымен, басқаша айтқанда, белгілі бір дәуірмен байланысты және сол дәуірді танытатын нақты-тарихи ережелер жүйесін қаз-қалпында қабылдаған күнде ғана дұрыс түсінуге болады. Абайдың дүние танымындағы айналадағы қоршаған әлемнің объективті шындығы таным барысын құдайға сенумен және жанның өлмейтіндігімен ұштастыра қарастыратын көзқарасы қарама-қайшылықта және күрделі болып келеді. Абай көз қарасынан антропологиялық принциптерде көрініс тапқан. Ол бүкіл табиғатта орталық тұлға етіп адамды қояды, философиялық ойларының көпшілігіңде адам және адамгершілік мәселесіне баса көңіл бөледі. Абай адамды табиғаттың бір бөлігі деп санап, оның имандылық қасиеттерін өмір жағдайлары, дәуір қалыптастырады деп есептейді, ал объективті дүниенің құбылыстары адам басыңда сәулеленеді де, оның психикалық қызметінен көрініс табады. Адам мәселесін Абай әр түрлі: философиялық, биологиялық, психологиялық , эстетика және әсіресе, этика көзқарастан қарастырған. Абайдың адам туралы негізгі тұжырымдары Чернышевскийдің «Философиядағы антропологиялық принцип» (1860) деген еңбегінде айтып атын ойлармен ұштасады. Абай әлемді тануға болатындығын мойындап, болмыс пен сананың шегін ажыратуға болмайтындығын теріске шығарады, бір бүтіннің бөлшектері ретінде адам мен табиғаттың тұтастығы туралы айқын тұжырымдар жасап, саналы адамның біртұтас табиғаттың үздіксіз дамуының нәтижесі екенін дәлелдейді. Әлемнің тұтастығы туралы мәселе философия тарихындағы ең күрделі тақырыптардың бірі екені белгілі. Абай мұны сана тудырған емес, өзінше объективті өмір сүретін әлемнің материалдық тұтастығы, бірлік деп түсінді. Әлемнің материалдық тұтастығы туралы тұжырымдарында Абай Чернышевскийдің «Философиядағы антропологиялық принцип» деген еңбегінде материалистік философияның аса маңызды ережелерін негіздеп берген бағытты одан әрі жалғастырды. Абай әлемнің материалдық тұтастығын атап көрсетіп, «қудай жалғыз» деп дәлелдейтін діни қағиданы теріске шығара келіп, бұл туралы: «Біз алла тағала«бір»дейміз, «бар»дейміз, ол «бір» демеклік...-ақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз», - деп жазды. Ол дуалистерге көрісінше «езінің өзі жасаушысы және себепкері» болып табылатын табиғаттың ғана өмір сүретінін мойындады.
«Абайдың діни көзқарасы» дегеннен «Абайдың дінге деген көзқарасы»,- деп айтқан дұрысырақ секілді. Себебі, дін заңдары мен қағидаларын өмір сүру ережесіне айналдырған адамдарда ғана «діни көзқарас болады». Ал, Абай өмірде де, өнерде де дін жолын қағида етіп ұстанған жоқ. Біздің ойымызша, Абай дінге ешкімге ұқсамайтын соны, тіптен басқаша, өзіндік көзқараспен қарады. Ең бірінші айтпағымыз, Абай – кәміл, жан - жақты үйлесімді жетілген толық мұсылман. Десек те, Абайдың дінге деген көзқарасы өте күрделі . Оны жүрдім – бардым бір – екі ауыз сөзбен түйіндеп өту мүмкін емес. Мұсылманның бес парызының ең бастысы – жаратушы бір Алланың бар екендігіне, оның бірлігі мен ақиқатына сену болса:
Алланың өзі де рас, сөзі де рас
Рас сөз еш уақытта жалған болмас.
Көп кітап келді алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөзі айырылмас, - деген Абай, Аллаға да оның «сөзі» «Құран - Кәрімге» - де бар болмысы, жан-тәнімен сенген – кәміл мұсылман. Сөз Алланың бір сипаты болғанда, көптеген кітап Алладан келді дей отырып, Абайдың бөліп алып, оқушысына «оның төрті» - деп жеке түсіндіріп отырғаны – көктен түскен қасиетті төрт кітап – Тәурат, Забур, Інжіл, Құран. Өзі мұсылман бола тұра, әлемдік басты діндердің қағидалары мен канондары жазылған бұл төрт кітаптан Абай Құранды жеке бөліп, оқушысына ерекше түсіндірмейді. Ол «Алланың сөзі»-деп, осы аталған төрт кітапқа бірдей тең көзбен қарайды. Адамзат тарихындағы діннің рөлін жетік білген ғұлама Абайдың түрлі діндерге тең дәрежедегі бір көзбен қарауы – оны Әлемдік деңгейдегі ұлы ойшыл-гуманист дәрежесіне көтеріп отыр. Қазақ тіліндегі «Дін» сөзі дүниежүзінің өзге тілдерінде «Вера» яғни «Сенім» деген мағынаны білдіреді. Тіліміздегі «Сенім» сөзінің мағынасы исламдық мұсылман түсінігінде « Иман » деп айтылады. Сонда, « Дін », « Сенім », «Иман» сөздері – адамның дінге деген сенімі мағынасында қолданылатын синоним сөздер. Мұсылманға иман – шарт. Яғни, ол жаратушы бір Алланың бар екендігіне, оның бірлігі мен ақиқатына иман келтіріп, сенуі керек. Ал, Абай иман туралы: «Иман дегеніміз бір ғана инандық емес, сен алла тағаланың бірлігіне, уа құранның сөзі екендігіне, уа пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа с.ғ.у. оның тарапынан елші екендігіне инандық. Жә, не бітті? Сен алла тағалаға алла тағала үшін иман келтіремісің? Сен иман келтірмесең де алла тағалаға келер еш кемшілік жоқ еді. ...Ол инанмақтығың құр ғана инанмақтың бірден қалса саған пайда бермейді. ...Пайдаланамын десең, пайда береді, кәміл иман болады. Пайданы қалайша алуды білмек керек»,- деп жазады өзінің «Тасдиқ» деп аталатын ғылыми трактатында (38-қара сөз). Абайдың түсінігіндегі иман – жай әшейін сенім емес. Мұсылманның бес парызы бар. Сол бес парыздың ең бастысы әрі ең негізгісі, ол – Алланың бар екендігіне, Құран оның сөзі, ал Мұхаммед пайғамбар оның елшісі екендігіне иман келтіріп, сенуі шарт. Абайдың ойынша Аллаға иман келтіруімізбен ғана іс бітпейді. Себебі, біздің оған сеніп, иман келтіруімізге Алла тағала мұқтаж емес. Құрғақ бір ғана сенім ешқандай пайда бермейді. Аллаға жан - тәніңмен, бар - болмысыңмен, оның өзіне ғана лайық ұлы сипаттарына шын беріле отырып, ақиқатыңмен, бар махаббатыңмен сенуің керек. Сол кездегі иман шын мәніндегі – кәміл иман болмақ. Әлемдік діндердің барлығында хұзыры мен билігі шексіз жаратушы Хақ тағаладан пендесі қорқу керек десе, «Махаббат пен қорқыныш – от пен су секілді, бірі бар жерде екіншісіне орын жоқ»,- деген Абай: «Алла тағала адамзатты махаббатпен жаратты. Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың қарыз іс емес пе?»-дейді (38-қара сөз). Абайдың ойынша, Алланың махаббатымен жаратылған біз, яғни адамдар, жаратушы бір Алланы шын жүрегімізбен, бар болмысымызбен, жанымыздан артық сүюіміз керек. Тек махаббатпен! Еш қорқынышсыз! Өйткені, қорқыныш бар жерде махаббатқа орын жоқ. Сондықтан да бір Аллаға сеніп, иман келтіріп, біз оны тек қана махаббатымызбен шын сүюіміз қажет. Бұл – әрбір пенденің өмірлік ұстанымы, иманы болуы шарт.
Достарыңызбен бөлісу: |