С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет78/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   162
Виджаянагар мемлекеті: Бахмани мемлекеті ыдыраған-
нан кейін, Декандағы ең ірі держава Виджаянагар болды. Бұл 
Мемлекеттің негізін Мұхамед Тоғалақтың қол астына оңтүстік 
Индиядан келіп қосылып, ислам дінін қабылдаған ағайынды Буки 
мен Харихара қалады.
1336 ж. Мухамед Тоғлақтың империясынан Кришна өзенінің 
оңтүстік жағы бөліне бастады. Бұл жақты басқарып отырған 
ағайынды Буки мен Харихара жақсы қоршалған Виджаянагар 
қамалын салды. Бұл қамал күшейіп, төңірегіндегі феодал иеліктерін 
бағындырып, жеке мемлекетке айнала бастады. ХІV ғасырдың  
аяғына қарай Виджаянагар басшылары бүкіл дерлік Оңтүстік 
Индияны өздеріне бағындырып, Бахмани сұлтандарымен күрес 
бастады. Бұл күрестің себебі Кришна мен Тунгабхарда өзендерінің 
аралығы жəне үндістанның батысындағы теңіз жағалауы мен Гоа 
порты болды. Соғыс алмакезек табыспен жүрді.
Виджаянагар махараджалары 1356, 1391 ,1417 жж. сəтті жорық-
тар жасады. Виджаянагар 1391 ж. Гоаны басып  алды.  Империя  
əсіресе 11-Деварайя /1424—1446 жж./ билік құрған кезде өз 
күшеюінің шырқау шегіне жетті. Ол Цейлонға табысты жорық жа-
сады. Оған Куилок, Пегу, Тенассерим салық төлеп отырды. Кейбір 
кезде Виджаянагар жеңіліп те қалып отырды. Ондай жағдайда ол 
солтүстіктегі көршісіне көп сыйлық-салық төлеп, əрең құтылатын.
ХV ғасырдың аяғында күшті феодалдар Салювтер бастаған кү-
рес күшейіп, бұл əулеттің өкілі Нарасимха 1485 ж. өкімет билігін 
басып алды. Бірақ жаңа əулет билікті ұзақ ұстап тұра алмады. Көп 
ұзамай Виджаянагарда жаңа əулет — Тулувтар патшалық құра ба-
стады.
Виджаянагар мемлекетінің құрамына кірген кейбір жер-
лер вассалдық княздер билігінде болды. Княздардың белгілі бір 
мөлшерде дербестіктері болды. Олар кейде бір-бірімен соғысып та 
отырды. Бірақ жердің көпшілік бөлігі үкіметтің қарамағында болды. 
Ол жерлер провинцияларға бөлініп, орталық үкімет тағайындайтын 
губернаторлар билігінде қалды. Губернаторлардың міндеті — 
алым-салықтар есебін жүргізіп, оны уақтылы жинап, өткізіп отыру, 
өз провинциясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, вассалдар бүлі-
гін басып отыру болды. Үкімет губернаторлардың күшейіп кетуінен 
қауіптеніп, оларды əр 2—3 жыл сайын басқа жұмысқа ауыстырып 
отырды.
Феодалдық жер иеленудің басты түрі амаран болды. Бұл ихтаға 
ұқсас уақытша шартты иелік болды. Амаран иесі əскери отряд 
ұстады, патша шақырған кезде отрядымен армияға барып қосылуы 
тиіс болатын. Жиналатын салықтың біраз бөлігін қазынаға өткізіп 
отырды. Иелік өмір бойына берілетін де, феодал өлген кезде мемле-
кет қарамағына қайта көшетін. Бірақ иелік негізінен əкеден балаға 
қала беретін. Ол үшін өлген феодалдың баласының бірауыз өтініш 
білдіруі жеткіліктітін. Бара-бара иелік ешбір рұқсатсыз-ақ мұраға 
қала беретін болды. Иеліктен түсетін табыс қазынаға бөлінуді қоя 
бастады. Амаранаяктар өздерінің əскери мідеттерінен де бас тартуға 
тырысты. Отрядтағы жасақшылар саны қысқарды. Əсіресе жылқы 
үндістер үшін қымбатқа түсетін, ол тек шет елдерден сатып алына-
тын.
Храмдар мен брахманадардың да ірі жер иеліктері болды. Ірі 
храмдар — патшаның, шағын храмдар — жергілікті княздердің вас-
салдары болып есептелді. Храмдар мен брахмандардың жерлерін 
тартып алу үлкен, кешірілмес күнə болып табылды.


202
203
Х—ХІV ғғ. Индия
1. Мемлекеттер шекаралары; 2. 1398—1399 жж. Тимур жорығы;
3. Жорық бағыты; 4. 1191—1192 жж. Тараландағы шайқас


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет