Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж.
115
Д`стүрлі м`дениеттің заманауи сипат алуына `сер етуші факторлар ретінде уақыт, өмір сүру
формасының өзгеруі, материалдық жағдай, құндылықтардың өзгеруін, жаһандану үрдісін атаймыз.
Таратып айтар болсақ:
- уақыттың тапшылығы (қонаққа баруға да, қонақ шақыруға да арнайы уақыт бөлу керек);
- өмір сүру формасының заман ағымына сай өзгеруі (мейрамханада к`сіби аспаздар өздері кеңес
береді, өздері дайындайды);
- материалдық жағдай (қонақ шақыруға қаржының тапшылығы; п`тердің тарлығы; мейрам-
хананың қымбат екендігі);
- отбасындағы бірлік, бауырмалдық, риясыз көмек деген түсініктер құндылық ретінде қабылда-
нуы қазіргі заманда біраз б`сеңсіп қалды, бұл `сіресе, жастар арасында көбірек байқалады;
құндылықтардың өзгеруі: қонақжайлықтың сипаты қала тұрғыны мен ауыл тұрғыны арасында да
екі түрлі көрінеді. Ауылда тұратындар қазақтар басқа м`дениет өкілдерімен көп қарым-қатынасқа
түсе бермейді, бұл олардың бойындағы атадан-балаға беріліп келе жатқан қонақжайлық қасиеттің
табиғи қалпын сақтауға `серін тигізеді; қала қазақтары бірнеше м`дениет өкілдерімен араласады,
сөйтіп, полим`дениет пен өз ана тілін білмеушілік белгілі бір д`режеде ұлттық болмыстың негізгі
ажырамас бөлігі қонақжайлық қасиеттен арылуға себеп болуда. Сондай
-ақ, қонақ шақыру, қонақ күту
`рекетін «өзін-өзі ақтамайтын материалдық шығын» деген көзқарас та жастар арасында белең алып
барады.
Қорыта айтқанда, біздің мақсатымыз қазақтың ұлттық болмысын танытатын қонақжайлық қасие-
тінің д`стүрлі түрі мен қазіргі уақыттағы сипаты қандай? қайда ойысып бара жатыр? деген сауал-
дарға жауап беру болатын. Екі түрлі уақыт кеңістігіндегі бір м`дениеттің – қонақжайлықтың сипаты
туралы толыққанды ақпарат бар, бірақ алдымыздан тағы да жауабын күтетін сан сұрақтар пайда
болды. Келесі кезекте, д`стүрлі м`дениеттің заманауи сипат алуы заңды құбылыс емес пе? И`, заңды
құбылыс деп санайық, бірақ бұл ұлттық болмысты жоғалтуға `келіп соқпай ма? Ендеше, д`стүрімізді
сақтай отырып, заман ағымы мен заман талабына қарай уақыт ағынымен жылжи беруге бола ма?
Болса, қалай? деген сауалдардың жауабы алдағы уақыттың еншісіне қалады...
1 Шаймерденова Н., Авакова Р. Язык и этнос. Учеб. пособие. –А., 2004. -248 с.
2 Қазақ eдеби тілінің түсіндірме сөздігі. Б–Д, 4 том. –А.: Арыс, 2007. -752 б.
3 Пименова М.В. Введение в когнитивную лингвистику. – Выпуск 4. – Кемерово: Наука, 2004.
4 Карасик В.И. Языковой круг: личность, концепты, дискурс. –М.: Гнозис, 2004.
5 Ахметжанова З. Очерки по национальной копцептологии. – А: Елтаным., 2010. – 148 с.
Достарыңызбен бөлісу: