С. К. Ахметкалиева А. Ш. Оразымбетова


«ТАУАР  ҚОЗҒАЛЫСЫ  ЛОГИСТИКАСЫ»  ПӘНІ  БОЙЫНША



Pdf көрінісі
бет43/46
Дата31.12.2021
өлшемі2,12 Mb.
#22929
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
 «ТАУАР  ҚОЗҒАЛЫСЫ  ЛОГИСТИКАСЫ»  ПӘНІ  БОЙЫНША 
БІЛІМДІ ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ТЕСТТЕР  
Сатып алу логистикасы  
1. Сатып алу логистикасының басты мақсаты:  
а) кәсіпорынды қажетті ресурстармен жабдықтау;  
б) көлік-қойма қызметін бірлесіп жоспарлау және қорларды басқару;  
в)  кәсіпорынды  ең  аз  шығындармен  барлық  қажетті  ресурстармен 
қамтамасыз ету; 
г) сатып алу қызметін жүргізу болып табылады. 
2.  Қандай  шығындар  сатып  алынған  өнімдердісақтауға  кеткен  шығындар 
сомасына қосылмайды?  
а) қойма жайларының жұмысын қаммтамасыз етуге арналған шығындар;  
б) қоймаға келген тауарларды түсіруге арналған шығындар;  
 
в)  айналым  құралдарының  бір  бөлігінің  қорларында  «мұздатумен» 
байланысты шығындар; 
 г) а) және в)жауаптар дұрыс  
3.  Қандай  жағдайда  экспедиторлық  шығыстар  кәсіпорынның  көліктік 
шығыстарының сомасына қосылады?  
а) кез келген жағдайда енгізіледі; 
 
б) егер жүктерді бөгде ұйым ілесе тасымалдаса;  
в) жердегі көлікті пайдалану кезінде; 
 
г) салық салудың оңайлатылған нысанын қолдану кезінде. 
4.Өнеркәсіп  кәсіпорындарымен  салыстырғанда  сауда  кәсіпорындарын 
жабдықтау күрделілігі неде?  
а) сауда кәсіпорындары тауарлар атауларының едәуір көп санын қажет етеді;  
б) сауда кәсіпорындары әдетте қоймаларының алаңы жеткіліксіз болады; 
 
в)  өндірістік  кәсіпорындар  сауда  кәсіпорындарына  қарағанда 
ресурстармен жабдықтаудың әзірленген стратегиясы болады;  
г) сауда кәсіпорындары өнеркәсіптік кәсіпорындарға қарағанда, қарызға 
алынған  ақша  қаражатын  пайдалана  отырып,  сатып  алу  қызметін  жүргізуге 
мәжбүр болады. 
5.  Өнеркәсіп  кәсіпорындарымен  салыстырғанда  сауда  кәсіпорындарын 
жабдықтау күрделілігі неде?  
а)  өнеркәсіп  кәсіпорындарының  қоймаларындағы  жұмыс  сауда 
қоймаларына қарағанда нашар ұйымдастырылған;  
б) өнеркәсіп кәсіпорнына тауарлардың қоймадан кетуін жоспарлау және 
қайта сатып алуды ұйымдастыру оңайырақ;  
в)  сауда  кәсіпорны  өнеркәсіп  кәсіпорнына  қарағанда  келіп  түсетін 
тауарлардың үлкен көлемін қажет етеді;  
г)  өнеркәсіп  кәсіпорындары  сауда  кәсіпорындарына  қарағанда  сыртқы 
факторлардың әсерініңжақсы сезінеді. 
6.  Жеткізушілерді  таңдау  кезіндеқолданылатын  «шығармашылық»  тәсілдің 
кемшіліктері неде?  


 
111 
 
а) «шығармашылық» тәсілді қолдану кезінде қабылданған шешімдердің 
қайталанады;  
б) жеткізушілерді бағалаумен кәсіпқойлар айналыспайды;  
в)  «шығармашылық»  тәсіл  шешім  қабылдау  үшін  көп  уақытты  талап 
етеді; 
 
г)  «шығармашылық»  тәсілде  жеткізушілердің  сипаттамаларын  жан-
жақты зерделеу жүргізілмейді. 
7.  Жеткізушіні  бағалау  үшін  сапалы  көрсеткіштерді  пайдалану  мынадай 
жағдайда мүмкін:  
а) кәсіпорын көп жеткізушілер санын бағалайды;  
б) кәсіпорын уақытпен шектелген;  
в) кәсіпорында сапалық көрсеткіштерді бағалау өлшемдері әзірленген;  
г) барлық жағдайларда мүмкін. 
8.Жеткізушіні  бағалау  үшін  сандық  көрсеткіштерді  пайдалану  мынадай 
жағдайда мүмкін:  
а) кәсіпорын көп жеткізушілер санын бағалайды;  
б) кәсіпорын уақытпен шектелген;  
в) кәсіпорында сапалық көрсеткіштерді бағалау өлшемдері әзірленген;  
г) барлық жағдайларда мүмкін. 
9. Қандай жағдайларда жеткізушіні бағалаудың жүз балды шкаласын қолдану 
орынды?  
а) сарапшылардың үлкен саны сұралады;  
б) жеткізушіні таңдау туралы шешімнің жоғары маңыздылығы;  
в) жеткізушіні таңдау туралы шешімнің маңыздылығы жоғары емес;  
г) кез келген жағдайда орынды. 
10. Қандай жағдайларда жеткізушіні бағалаудың төрт-бес баллдық шкаласын 
қолдану орынды? 
а) жеткізушілердің көп саны бағаланады;  
Б) жеткізушіні таңдау туралы шешімнің маңыздылығы жоғары емес;  
В) кәсіпорын бір жеткізушіден өнімнің бірнеше атауын сатып алады; 
 
г) кез келген жағдайда орынды. 
11.  Жеткізушілерді  бағалау  кезінде  жоғарылату  және  төмендету 
коэффициенттерін қолдану мынадай жағдайларда орынды:  
а) сарапшылардың саны көп;  
б) жеткізушілердің саны көп;  
в) бағалаудың өте дәл шкаласы қолданылады (жүз балды және т.б.);  
г) бағалау көрсеткіштері әртүрлі мәнге ие. 
12.  Кәсіпорындарда  жеткізушілерді  санаттарға  бөлу  қандай  мақсатта 
жүргізіледі?  
а) сатып алу қызметін жеделдету үшін;  
Б) қаржылық және басқару есептілігін оңайлату мақсатында;  
в) айналым қаражатын үнемдеу мақсатында; 
 
г) бұл іскерлік айналым дәстүрі.  


 
112 
 
13.  Кәсіпорын  материалдарын  сатып  алу  процесін    жеке  кезеңдерге  бөлуден 
қандай пайда алады?  
а)  жеке  кезеңдерге  бөлу  кәсіпорындағы  материалдар  қорын  басқару 
жөніндегі жұмысты жеңілдетеді;  
б)  бұл  кезде  материалдарды  сатып  алу  үдерісін  оңтайландыру  және 
бақылау жеңілдетіледі;  
в)  басқаруға  үдерістік  тәсілді  қолдану  кезінде  кіші  үрдістерді  бөлу 
қажет;  
г) мұнда шығындарды төмендету орын алады. 
14.  Кәсіпорын  материалдарын  сатып  алу  процесін    жеке  кезеңдерге  бөлуден 
қандай пайда алады?  
а)  бұл  кезде  жабдықтаумен  байланысты  компанияның  әртүрлі 
бөлімшелерінің жауапкершілік салалары бөлінеді; 
 б)  бұл  кезде  материалдарды  сатып  алу  үдерісін  оңтайландыру  және 
бақылау жеңілдетіледі;  
в) бұл кезде кәсіпорындағы құжат айналымы жеңілдетіледі;  
г) барлық жауаптар дұрыс. 
15. Брутто-қажеттілік – бұл:  
а) қандай да бір кезеңдегі бір нәрсенің толық қажеттілігі;  
б) негізгі шикізат пен жинақтаушы қажеттілігі;  
в) қоймадан тауарларды беруді талдау құралы;  
г) қолда бар қорларды есепке алу қажеттілігі. 
16. Нетто-қажеттілік – бұл:  
а) қандай да бір кезеңдегі бір нәрсенің толық қажеттілігі;  
б) негізгі шикізат пен жинақтаушы қажеттілігі;  
в) қоймадан тауарларды беруді талдау құралы;  
г) қолда бар қорларды есепке алу қажеттілігі. 
17. Стохастикалық есептеу әдістерімен қажеттіліктерді болжау неге мүмкіндік 
береді: 
а) брутто-қажеттілік;  
б) нетто-қажеттілік;  
в) кәсіпорынның бірінші кезектегі қажеттіліктері;  
г)  кәсіпорынның  сатып  алу  қызметінің  стратегиясын  анықтауға 
мүмкіндік береді. 
18. Кәсіпорынның материалдарға деген қажеттілігін болжау қандай мақсатта 
жүргізіледі?  
а) материалдар қорының тапшылығын болдырмау және қажетті деңгейін 
қолдау үшін;  
б) сақтау шығындарын азайту мақсатында;  
в) кәсіпорынды материалдармен жабдықтау жөніндегі жұмысты реттеу 
мақсатында;  
г) сатып алу қызметіне қатысатын кәсіпорынның түрлі бөлімшелерінің 
жауапкершілігін бөлу мақсатында. 


 
113 
 
19. Қажеттіліктерді болжаудың детерминирленген әдістерінің кемшіліктеріне 
мыналарды жатқызуға болады:  
а) өнім шығарудың баламалы жоспарын жасау қажеттілігі;  
б) есептелген қажеттіліктердің жоғары деңгейі; 
в) есептеудің үлкен еңбек сыйымдылығы;  
г) барлық жауаптар дұрыс. 
20.Қажеттіліктерді 
болжаудың 
детерминирленген 
әдістерінің 
артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады:  
а) материалдарды тұтыну динамикасын бағалау мүмкіндігі;  
 
б)  кәсіпорынды  материалдармен  жабдықтауға  кететін  шығындардың 
төмен деңгейі;    
в) қажеттіліктің нақты болжамын алу;  
г) барлық жауаптар дұрыс. 
21. 
«Өлшенген  жылжымалы  орташа»  әдісі  мынадай  жағдайларда 
қолданылады:  
а)  қажеттіліктің  мәні  кейбір  орташа  мәндерге  жуық  ауытқиды; 
мәндердің шашырауы кішігірім;  
б) тауарды тұтыну маусымдық сипатта болады;  
в) осы тауарды жеткізу кәсіпорын үшін өте маңызды;  
г) барлық жауаптар дұрыс. 
22."Сенімді интервалды анықтау" әдісінің негізгі кемшіліктері: 
 а) тауарды тұтыну үрдістерін ескеруге мүмкіндік бермейді;  
Б) мәні кіретін интервалды анықтауға мүмкіндік береді, бірақ нақты мән 
бермейді;  
в) пайдалану қиын;  
г) барлық жауаптар дұрыс. 
23. «Экспоненциалды тегістеу» әдісі неге арналады:  
а) тауарларды тұтынудың ұзақ мерзімді болжамдарын алу үшін;  
б)  тұтынудың  нақты  мәндерінің  өзгеруі  кезінде  тауардың  тапсырыс 
берілген санын тұрақты түзетуге;  
в) болжамдарды өткен кезеңдердің мәндеріне сәйкес келтіруге;  
г) барлық жауаптар дұрыс емес. 
24. Ең кіші квадраттар әдісі неге мүмкіндік береді:  
а) өткен кезеңдердің бірқатар мәндерін нақты сипаттайтын түзу теңдеуін 
алуға;  
 
б) өткен кезеңдердің нақты мәндерін нақтылауға;  
 
в) болашақ кезеңдердің қажеттілігінің ең ықтимал болжамдарын алуға; 
 
г) барлық жауаптар дұрыс емес. 
25. Дельфи әдісінің мәнінеде:  
а) біз баға беретін негізгі сарапшыны анықтаймыз;  
б)  шақырылған  мамандар  бір-бірін  бағалайды  және  болжауды 
қалыптастыру үшін сарапшылардың оңтайлы тобын таңдайды;  


 
114 
 
в)  сарапшылар  баға  береді,  әрі  қарай  бұл  бағалардың  орташасы 
анықталады,  бәріне  тиімді    нұсқа  анықталады  және  осылай  бірнеше  рет 
жасалады;  
г) барлық жауаптар дұрыс емес. 
26. Тапсырыстың оңтайлы мөлшері дегеніміз не?  
а) Бұл жабдықтауға арналған жылдық шығындар сомасы ең аз болатын 
партияның мөлшері;  
б) бұл шартты-тұрақты және шартты-ауыспалы шығыстардың теңдігіне 
қол жеткізілетін партияның мөлшері;  
в)  бұл  партияның  жылдық  көлік-дайындау  шығыстары  мен  тауарды 
сақтауға арналған шығыстар сомасы ең аз болатын мөлшері;  
г) барлық жауаптар дұрыс. 
27. Тапсырыстың оңтайлы мөлшері дегеніміз не?  
а)  бұл  кәсіпорынға  жеткізу  неғұрлым  ыңғайлы  болатын  партияның 
мөлшері;  
б)  бұл  жабдықтау  үшін  жылдық  шығындар  сомасы  ең  аз  болатын 
партияның мөлшері;  
в)  бұл  өнім  беруші  ең  жоғары  жеңілдік  беретін  тапсырыстың  мөлшері;  г) 
барлық жауаптар дұрыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет