С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Сотты құрметтемеу (343-бап)



бет205/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   231
Сотты құрметтемеу (343-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі соттың дұрыс қызметі және беделі, қосымша тікелей объектісі сот процесіне қатысушылардың ар-намысы және адамгершілігі. Сот талқылауына қатысушыларға прокурор, қорғаушы, жәбірленуші, сотталушы, кәмелетке жасы толмаған сотталушының немесе жәбірленушінің заңды өкілі, азаматтық талаптар және жауапкер, сарапшы, аудармашы, маман, сот мәжілісінің хатшысы, азаматтық кодекстің жақтары, азаматтық іс бойынша үшінші жақ т.с.с. жатады. Қылмыс объективтік жағынан алғанда формальдық құрамға жатады және ол заңда көрсетілген жәбірленушілердің кез келгенін әділсоттылықты жүзеге асыру қызметіне байланысты қорлаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.Қорлаудың түсінігі Қылмыстық Кодекстің 130-бабында берілген. Яғни кінәлы адам сотты құрметтемеушілікте де сот талқылауына қатысушыларды, судьяны олардың қызметіне байланысты қасақана ар-намысын, адамгершілігін, қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсітетін әрекеттерді жүзеге асырады. Қорлау тәсілдері (ауызша, жазбаша, ым, теріс дене қимылдарын көрсету т.б.) қылмыстық саралауға әсер етпейді. Судьяны немесе сот талқылауына басқа да қатысушыларды жеке өзара қатынастан пайда болған қақтығыстарға байланысты және әділсоттылық жүзеге асырылып жатқан жерден басқа орында қорлау, жеке адамға қарсы қылмыс ретінде қарастырылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам өзі қорлап отырған жәбірленушілердің сот талқылауына қатысушылар екенін сезеді және соны істеуді тілейді. Қылмыстың объектісі-16-ға толған кез келген адам.




Судьяға, прокурорға, тергеушіге, алдын ала анықтауды жүргізуші адамға, сот приставына, соттың атқарушысына қатысты жала жабу (343-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі-сот, прокуратура, тергеу, алдын ала анықтау органдарының дұрыс қызметі. Қосымша тікелей объект заңда көрсетілген жәбірленушілердің ар-намысы, адамгершілігі. Жәбірленушілердің тізімі заңның өзінде көрсетілген, олар –судьялар, присяжной заседательдер (343-баптың 1-тармағы), прокурор, тергеуші, алдын ала анықтауды жүргізуші адам, сот приставы, соттың атқарушы (343-баптың 2-тармағы). Қылмыстың объективтік жағы істің немесе материалдардың сотта қаралуымен байланысты судьяға қатысты жала жабу (343-баптың 1-тармағы) Алдын ала тергеу жүргізумен не үкімнің орындалуымен, соттың шешімімен немесе өзге сот актісімен байланысты прокурорға, тергеушіге, алдын ала анықтауды жүргізуші адамға, сот приставына, соттың атқарушысына қатысты жасалған дәл сол әрекет (343-баптың 2-тармағы). Басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату жала жабу деп танылады (Қылмыстық Кодекстің 129-бабы). Судьяға, присяжной заседательге, прокурорға, тергеушіге, алдын ала анықтауды жүргізуші адамға, сот приставына, соттың атқарушысына жала жабу олардың сотта іс қарауына, тергеу, алдын ала анықтама жүргізуін, үкімін орындауына байланысты орын алады, жала жабу мәліметтері көпшілік алдында таратылуы (мысалы сот залында) немесе басқа бір адамға айтылуы мүмкін. Жала жабу әр түрлі болады, мысалы судьяны, присяжной заседательді, басқа да сот талқылауына қатысушыларды іс бойынша пара алды деп лақап тарату, жәбірленушілердің моральға жат мінез-құлықтары жөнінде өсек тарату т.с.с. Қылмыс формальдық құрамға жатады. Қылмыс жәбірленуші жөніндегі көрінеу жалған мәліметтерді таратқан уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген адам.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет