С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Айғақтарды бұрмалау (348-бап)



бет206/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   231
Айғақтарды бұрмалау (348-бап)

Бұрыңғы Қылмыстық кодекстерде мұндай бап болған емес. Адамдарды жаппай қуғын-сүргінге салу кезеңдерінде бұл қылмыс кең өріс алды, айғақтарды көрінеу бұрмалаудың салдарынан сан мыңдаған адамдар жазықсыз жалаға тартылады. Мұндай қылмыстың қоғамға қауіптілігі сол айғақтарды бұрмалау нәтижесінде әділетсіз шешім, үкім, басқа маңызды іс жүргізу актілерінің шығарылуына жол берілді. Қылмыстың тікелей объектісі анықтама, тергеу, сот, прокуратура органдарының дұрыс қызметі. Қосымша тікелей объект жәбірленушінің, айыпкердің, сотталушының, жауапкердің, талапкердің заңды мүдделері. Қылмыстың заты-айғақтар, оған әр түрлі құжаттар, заттай айғақтар, сарапшылардың қорытындысы, куәнің, жәбірленушінің, сезіктінің, айыпкердің жауаптары, әр түрлі тергеу амалдарының хаттамалары жатады. Қылмыстың объективтік жағы азаматтық іс бойынша іске қатысушы адамның немесе оның өкілінің айғақтарды бұрмалауы арқылы көрініс табады. Айғақтарды бұрмалаудың тәсілі әр түрлі болады: құжаттарды қолдан жасау, оған өзгерістер енгізу, заттай айғақтарды айырбастау, жалған дәлелдемелер келтіру, талап арыздарға өзгерістер енгізу, жауап беру хаттамаларын ауыстыру, жалған куәлар дайындау т.с.с. Қылмыстық іс бойынша алдын ала анықтау жүргізуші адамның тергеушінің, прокурордың іс жүргізу әрекеттеріне қатысушы маманның немесе қорғаушының айғақтарды бұрмалауы үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 348-бабының 2-тармағында көзделген.Мұндай бұрмалаудың салдарынан әділетсіз үкім немесе қылмыстық істі қысқарту жөнінде заңсыз қаулы шығарылуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 348-бабының 1,2-тармақтарындағы қылмыс формальдық құрамға жатады және олар айғақтарды бұрмалаған сәттен бастап аяқталған деп танылады. Қылмыстың құрамы болу үшін бұрмаланған айғақтар негізінде әділетсіз үкім, шешім немесе басқадай іс жүргізу актілерінің орын алуы шарт емес. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі Қылмыстық Кодекстің 348-бабының 1-тармағы бойынша-азаматтық іске қатысушылар: талапкер, жауапкер және олардың өкілдері, Қылмыстық Кодекстің 348-бабының 2-тармағы бойынша алдын ала анықтама жүргізуші адам, тергеуші, прокурор, іс жүргізу әрекеттеріне қатысушы маман, қорғаушы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет