С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Қоғамнан оқшалауды қамтамасыз ететін мекемелердің



бет202/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   231
Қоғамнан оқшалауды қамтамасыз ететін мекемелердің
қалыпты қызметінің тәртібін бұзу (361-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі қоғамнан оқшалауды қамтамасыз ететін мекемелердің заңды қызметі. Қосымша тікелей объект-бас бостандығынан айыру орнының немесе қамауда ұстау орнының қызметкерлерінің, сондай-ақ түзелу жолына түскен сотталған адамның қауіпсіздігі. Көрсетілген адамдар қылмыстың жәбірленушісі болып табылады. Объективтік жағынан қылмыс бас бостандығынан айыру орнының немесе ұстау орнының қызметкеріне қатысты, сондай-ақ сотталған адамның түзетілуіне кедергі жасау немесе оның қоғамдық міндеттерді орындағаны үшін кек алу мақсатында оған қатысты күш қолдану мен қорқыту арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс құрамы формальдық. Қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі заңда көрсетілген адамдарды күш қолданамын деп қорқыту болып табылады. Заңда қорқытудың мазмұны ашып айтылмаған, сондықтан да қорқытудың аумағы кең. Кінәлы адам кез келген күш қолдану арқылы жарақат саламын, өртеймін, өлтіремін деп қорқытуы мүмкін және бұл қорқытулардың нақты жүзеге асырылатынына жәбірленушінің жеткілікті негіздері болуы шарт. Қылмыс құрамы формальдық ал қорқыту орын алған сәттен аяқталған деп танылады. Қылмыстың объективтік жағының тағы бір міндетті белгісі-қылмыс істелу орны-қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме болып табылады.


Субъективтік жағынан алғанда қылмыс тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам бас бостандығынан айыру орнының немесе қамауда ұстау орнының қызметкеріне, сондай-ақ түзелу жолына түскен сотталған адамға күш қолданумен қорқытқанын сезеді және соны істеуді тілейді. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған адам. Олар сот үкімі бойынша бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп жүрген адам немесе қамаудағы адам немесе басқа адам болуы мүмкін.


Сот әділдігіне қарсы басқадай адамдардың жасайтын
қылмыстары. Сот төрелігін жүзеге асыруға және алдын ала
тергеу жүргізуге кедергі жасау (339-бап)

Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі сол сот төрелігін жүзеге асыруға кез келген түрде кедергі жасау арқылы судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек қана заңға бағыныштылық принципі бұзылып, әділетсіз сот актісін қабылдауға жол ашылады. Қылмыстың тікелей объектісі сот төрелігін дұрыс жүзеге асыру және прокурордың, алдын ала анықтама жүргізуші адамның, тергеушінің қызметі болып табылады. Қылмыс объективтік жағынан алғанда сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі жасау мақсатында соттың қызметіне қандай да болмасын нысанда араласу арқылы жүзеге асырылады (339-баптың 1-тармағы). Сот төрелігін жүзеге асыруға араласудың тәсілдері өтініш жасау, талап ету, кеңестер беру, белгілі бір қызмет көрсетуге уәде беру, бопсалау, әр түрлі қорқытулар болуы мүмкін. Өлтірумен ұштасқан қорқыту орын алған жағдайда іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады. Бұл қылмысты жасаудың басқа бір нысаны істі жан-жақты, толық және объективті тергеуге кедергі жасау мақсатында қандай да болмасын нысанда прокурордың, тергеушінің немесе алдын ала анықтауды жүргізуші адамның қызметіне араласу болып табылады. Мұнда да араласу тәсілдері осы баптың 1-бөлігінде көрсетілген сот ісіне араласумен ұқсас. Қылмыстық кодекстің 339-бабының 1 және 2-тармағында қылмыс құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады және олар сот төрелігін жүзеге асыруға немесе прокурордың, тергеушінің, алдын ала анықтама жүргізуші адамның қызметіне заңсыз араласқан кезден бастап аяқталған деп табылады. Қылмыс субъективтік жағынан алғанда тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам сот төрелігін жүзеге асыруға, прокурордың, тергеушінің немесе алдын ала анықтауды жүргізуші адамның қызметіне араласқанын сезеді және оған кедергі жасауды тілейді. Қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі-мақсат сот төрелігін жүзеге аксыруға, жан-жақты, толық және объективті тексеруге кедергі жасау болып табылады. Қылмыстық ниет әртүрлі (пайдакүнемдлік, кек алу, кінәлыға байланысты деректерді жариялауға жол бермеу т.с.с.) болуы мүмкін. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған кез келген адам.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет