ақуыздардың төрт түрі екіден топтасып,
тығыз құрылымды, гистонды октомер немесе
нуклеосома деп аталатын құрылымды қалыптастырады.
Әрбір нуклеосоманы сыртынан айналдыра 147 жұп нуклеотидтен тұратын ДНҚ орайды. 3-
суретте нуклеосоманың құрылысының қарапайым сызбасы келтірілген. Бұл жерде ақ
жолақпен ДНҚ көрсетілген, ал сұр иірімдер
гистонды өсінділер (стрелкамен көрсетілген)
ретінде келтірілген.
3- сурет. Гистонды октамер (Н2А, Н2В,H3 және Н4гистондарының
әрқайсысынан екі молекуладан), қатты тығыздалған
және ДНҚ-мен оралған, нуклеосома
деп аталатын хроматиннің негізгі бірлігін құрайды.
ДНҚ нуклеосоманы айнала қатты ораған, ал
нуклеосомалар болса, тығыз
қабаттасып бір-біріне орналасқан. Біздің хромосомаларымыздың белгілі аудандары үнемі
тығыздалып, оралған күйде болады.Бұл негізінен ген туралы ақпараты жоқ аймақтар.
Көпшілік жағдайларда,
бұлар құрылымдық бөліктер, мысалы хромасоманың ұшында
немесе жасуша бөліну кезінде ДНҚ еселенгеннен кейінхромосомалардың ажырауы үшін
маңызды болып табылатын бөліктер.
Сондай-ақ, ДНҚ-ның шынымен белсенді метилденетін бөліктері де осындай жоғары
тығыздықты құрылымды. Сондықтан метилдену бұл түзілістердің
қалыптасуында
маңызды рөл атқарады. Бұл жасушаның барлық тіршілік барысында белгілі гендердің
репрессиялануына негізделген механизмдердің бірі.
Қатты тығыздалмаған, гендер белсенді немесе кейін белсенді болатын аймақтарға келсек,
бұл жерлерде гистонды ақуыздыр маңызды болып табылады. Олар тек ДНҚ оралатын
молекулалық орамдар ғана емесолардың қызметтері өлшеусіз.
Гистонды ақуыздар,
жасушада химиялық модификацияға ұшырап, егер олар арнайы өзгерген нуклеосомалар
жанында
болса гендер экспрессиясын арттыратыныбелгілі болды.Бұл гистондардың
өзгерісі
ацетилдену деп аталды.
Ацетилдену дегеніміз ацетил-тобының (сірке
қышқылының
қалдығы
СН
3
СО)гистондардың
бірініңбос
өсіндісініңаминқышқылынабайланысуы.4-суретте лизин аминқышқылының және ацетил-
лизиннің құрылысы келтірілген.ДНҚ-ның метилденуі секілді лизиннің ацетилденуі де
гендер экспрессиясының
өзгеруіне алып келетін, гендердің бастапқы нуклеотидтер
қатарына әсер етпейтінэпигенетикалық механизм болып табылады.