Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезені


Анзор: Наурыз тойы-береке, Наурыз тойы-жыр аңыз. Қызып дулы мереке Қызық думан құрамыз. Ильгар



бет4/11
Дата15.03.2023
өлшемі67,65 Kb.
#74710
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Анзор: Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.
Ильгар: Күреп алтын күрекпен,
Қарды еріткен Наурыз!
Жатыр көктем түлетіп,
Бүрлеп бақша – бауымыз.
Балғаным: Ұлы күні кәрі- жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай
Наурыз тойы құт болсын!
Жансая: Шапағатын аямай бұл жақта аспан,
Жадырайды әр адам мұң шақпастан.
Ой ағайын, келіңдер!
Бүгін бізде –
Наурыз көже құрт - қатық,бұршақ қосқан
Балауса: Бүгін күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа көгереді,
Соны тойлап ел енді.
Қуанышқа кенеледі
Жүргізуші:Ендігі кезекті мың бұралған қыздарымыздың билерін тамашалаңыздар:
Би: «Домбра биі»
Жанерке: Наурыз той салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Көгерсін деп бағымыз
Рамазан: Наурыз келсе,құт келгені, халайық!
Есік ашып,шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық..
Ерлан: Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз.
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз.
Алинұр: Әнімде саған биімде,
Құт қонақ өзім үйімде.
Қуаныш әкеліп үйіме,
Күлімде наурыз күлімде.
Қанат: Күн менен түн теңеледі
Жер шуаққа кенелді
Соны тойлар ел енді
Жанерке: Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар.Ендігі кезекте ұлттық ойынымыз «Қыз қууды» тамашалайық
Жүргізуші: Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік мәні зор салт дәстүрге бай халық.Енді «Қол күрес» ойынын ойнатайық.
Жүргізуші: Енді қыздарымыздың биін тамашалайық. Би: «Өзбекше»
Жүргізуші: Ендігі кезекті әнімізге береміз.
Ән: «Біз өмірдің гүліміз»
Жүргізуші: Балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қызыр атамыз да келіпті.Келіңіз, ата төрлетіңіз.
Қыдыр ата: Армысыздар халайық. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Жүргізуші: Қош келдіңіз!
Ұлыс күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алсаң
Сонда олжалы жол болар, деп өзіңізден бата сұраймыз

Ернұр: Азамат боп ержетіңдер,
Ақылды болып ержетіңдер
Азамат болыңдар көрікті,
Ғұмырың болсын берікті

Азамат болыңдар ардақты


Мінездерің болсын салмақты
Өнерлі болыңдар жан – жақты
Осы айтқанның бәрі қабыл болып
Алла берсін сендерге зор бақты! Аумин.
Жүргізуші: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош ,сау болыңыздар, халайық!
Көріскенше күн жарық болсын
Жүргізуші: Осымен «Жыл басы – Наурыз» атты мерекелік кешіміз аяқталды.Сау болыңыздар!

«Бекітемін»


Мектеп директоры:
Л.Қыдыралиева

М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі шағын орталығының


2015-2016 оқу жылында өтілетін «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты ертеңгілік іс-шараның
жоспары
Өткізілетін күні:____________
Уақыты:____________

І Кіріспе


ІІ Балалардың өлең-тақпақтары
Ән: «Дастарқан»
Би: «Қаражорға
Би: «Өзбек»
Ән: «Біз өмірдің гүліміз»
Би: «Домбыра биі»
ІІІ Ұлттық ойындар: «Қыз қуу», «Қол күрес»
ІҮ Ертеңгілікті қорытындылау

«Тексерілді»


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Е.Қайрылбаев
Әдіскер қызметін уақытша атқарушы: Ж.Қайрылбаева
Жоспарды түзген: Г.Манасбаева
Д.Утеева

М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі шағын орталығы





ЕРТЕҢГІЛІК


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет