Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезені


Тәрбиеші: Әже, біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ айтқылары келіп тұр екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына берейік. Аделя



бет3/11
Дата15.03.2023
өлшемі67,65 Kb.
#74710
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Тәрбиеші: Әже, біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ айтқылары келіп тұр екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына берейік.
Аделя:Арпа, бидай, тары бар
Қатық, малта, тағы бар
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде
Бакдаулет Бата беріп атамыз,
Бата беріп әжеміз
Тәтті болып жасаған
Көжеден дәм татамы
Айзере: Құт бауырсақ шашылып,
Наурыз тойы ашылсын
Бір бірімен мына жұрт
Көрімдігін асырсын


Жүргізуші: Тойды одан әрі тұсау кесу рәсімімен жалғастырсақ деген тілек бар. Бүгінгідей ұлы мерекеде аяқтарын апыл –тапыл басып, бақша есігін аттағалы отырған шөберелеріңіз де бар. Мына жиналған халық, мына отырған немерелеріңіз ата салтын, халық дәстүрін көріп тамашаласын.
Әже(Гүлнұр): Әлбетте, қарағым ! Ал, халайық менің шөберемнің тұсауын кесіп, жоралғысын алар қайсың бар?
- Мен бар, мен бар –деп біреу шығады.
Тұсау кесуші (Есенкүл апай):
Ала жіпті алайын
Әжеңе алып барайын
Ер жетті деп айтайын
Шашуын жеп қайтайын
Қаз, қаз балам, қаз балам!
Қадам бассаң мәз болам
Күрмеуіңді шешейін
Тұсауыңды кесейін
Қаз бол ғой қарағым
Құтты болсын қадамың
Өмірге аяқ баса бер!
Асулардан аса бер!
Әже шашу шашады, бата береді.(Гүлнұр)
Жортқанда жолың болсын!
Арғымақтай жүйрік бол
Асқардай таудай биік бол
Әумин!
Әже: Шөберемнің тұсауын кестің, орамал тон болмайды, жол болады рахмет!(Сыйлығын береді)
Жүргізуші:Балалар Наурыз мейрамына арналған тақпақтарымызды айтайықшы.
Гүлсезім: Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!
Даркен: Ал балалар тұрмайық
Ойнайықта ойлалы
Күні түні он үш күн
Наурыз тойын тойлайық
Асылай: Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік, біз сізге
Наурыз тойын қарсы алып


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет