Сабақ. Биологиялық мембранының ҚҰрылысы және оның Қызметі. ЖАСАНДЫ Биологиялық мембрана. Сабақ жоспары Биологиялық физика пәні және оның басқа ғылымдармен байланысы


Рентген сәулесінің көздері. Тежеулік және сипаттамалық



бет44/53
Дата16.12.2022
өлшемі11,48 Mb.
#57647
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53
Байланысты:
1 -15 сабақтар МБФ 2018

Рентген сәулесінің көздері. Тежеулік және сипаттамалық
рентген сәулесін алу
Табиғатта рентген сәулесін радиоактивті изотаптар (мысалы,55Fe және т.б.) шығарады, ал жасанды жолмен оны рентген түтігі арқылы алуға боалды. Рентген түтігі екі электродтан, яғни катодтан (1), анодтан (2), ішінен ауасы сорылып шығарылған шыны ыдыстан(3) тұрады(1- сурет).



1- сурет.


Электр тоғымен катодты қыздырғанда одан электрондар(4) бөлініп шығады, мұны электронды эммисия деп атайды, осы электрондар катод пен анод арасындағы өте жоғары кернеу(35-150 кВ) тудырған электр өрісінің әсерінен үдеумелі түрде қозғалып үлкен кинетикалық энергияға ие болады. Осы электрондар үлкен жылдамдықпен (бұл рентген сәулесінің пайда болуы шартының бірі) анодқа соғылып, рентген сәулесі пайда болады және оны тежеулік рентген сәулесі(5) деп атайды. Оның пайда болуы Максвеллдың электромагниттік толқынның пайда болуы теориясы бойынша түсіндіріледі.


Енді Максвеллдың ЭМ теориясын еске түсірек. Бұл теория бойынша кеңістіктің кез келген нүктесінде пайда болған айнымалы магнит өрісі сол нүктеде айнымалы электр өрісін тудырады, яғни dB/dt ® dE/dt, бұл айнымалы электр өрісі айнамылы магнит өрісін тудырады dЕ/dt ® dВ/dt, бұл процесс жалғаса береді, осынының нәтижесінде аталған нүктеден айналаға электромагниттік толқын тарайды. Жылдам тежелген электронның айналысындағы магнит өрісі бірден жоғалмайды, ол өте аз dt уақыт ішінде dB дейін өзгереді және бұл өзгеріс өте аз уақыт ішінде болғандықтан dB/dt пайда болатын рентген сәулесінің фотоны өте жоғары энергиялы болып келеді.
Анодта тежелетін электрондар саны өте көп және олардың магниттік индукциясының өзгеруі кездейсоқ құбылыс болғандықтан, пайда болатын рентген толқыны өте кең аймақты алып жатады, сондықтан тежеулік рентген сәулесінің спектрі тұтас болып келеді. 2- суретте рентген түтігіндегі кернеуге U1 < U2 < U3 сәйкес келетін тұтас рентген спектрі берілген.

Ф



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет