Сабақ. Биологиялық мембранының ҚҰрылысы және оның Қызметі. ЖАСАНДЫ Биологиялық мембрана. Сабақ жоспары Биологиялық физика пәні және оның басқа ғылымдармен байланысы


Радионуклидтерді медицинда қолдану



бет41/53
Дата16.12.2022
өлшемі11,48 Mb.
#57647
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53
Байланысты:
1 -15 сабақтар МБФ 2018

Радионуклидтерді медицинда қолдану
Радионуклидтер деп жартылай ыдырау периоды өте аз, радиоактивті заттарды атайды. Табиғатта мұндай химиялық элементтер кездеспейді, оларды жасанды түрде алады. Қазіргі уақытта радионуклидтер диагностикалық және терапиялық мақсаттарда кең түрде қолданылуда.
Радионуклидті диагностикалық мақсатта қолданудың негізі ретінде, олардың адам ағзаның кей мүшелерінде талғампаздық түрде жиналуын атауға болады. Мысалы, радиоактивті иод негізінен қалқан безінде, ал кальции болса сүйекте жиналады. Радиоактивті элементердің изотопын адам ағзасына ендіріп, олардың адам ағзасында жиналған аймағынан шығарған сәулесі арқылы адам мүшесінің немесе аймақтың диагностикалық күйін анықтауға болады, мұны таңбаланған атомдар әдісі деп атайды.
Радионуклидтерді терапиялық мақсатта қолданудың негізі ретінде, олардан шығатын иондаушы сәулелердің ісік жасушаларын бұзуын атауға болады.
1. Гамма терапия деп, терең қабатта жатқан ісіктерді жоғары энергиялы g сәулесі арқылы жоюды атайды. g сәулесінінің көзі ретінде 60Со кобальт қолданылады.
2. Альфа терапия деп α сәулесі арқылы емдеуді атайды. Бұл сәуленің иондаушылық қасиетінің өте жоғары, сондықтан ол сәл ғана ауа қабытының өзінде толығымен жұтылады. Осы себепті α сәулені адам ағзасына немесе оның белгілі бір мүшесіне тікелей әсер ететіндей жағдайда қолданады. Мысалы, теріге тікелей әсер ету үшін радон ваннасын қабылдайды, ас қазанға әсер ету үшін радонды суды ішеді, тыныс алу мүшелеріне әсера ету үшін ингаляция қабылдайды. Төменгі кестеде медицинада қолданылатын радионуклидтердің сипатамалары берілген:

Изотоп атауы, белгісі

Жартылай ыдырау периоды, Т

Изотоп шығаратын радиоактивті сәуле түрі

Қолдану мақсаты, әсер ету механизмі

Иод, 131I

8,1 күн

b - сәулесі
g - сәулесі

Қалқан безіндегі зат алмсу үрдісіне қатысады

Иод, 125I

60 күн

рентген сәулесі

Пациенттің қан сары суындағы анықталынатын гормондары белгілеу үшін

Иод, 132I

2,26 сағ

b - сәулесі
g - сәулесі

131I салыстырғанда биологиялық зиянды әсері 200 есе төмен, сондықтан балаларға қолдануға болады.

Технеции
99Тс

6 сағ

g - сәулесі

Бауыр, өт қабын, ішек, өкпелерді диагностикалауда қолданылады

Фосфор
32Р

14,3 күн

b - сәулесі



Көзде, теріде, сүт безінде және , мида пайда болатын қатерлі ісіктерді анықтауда қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет