Мысалы, егер а = 8 л болса, онда а + 15 л әріпті өрнегі 8 л + 15 л санды өрнегіне айналады. Санды өрнектің мәнін есептеу арқылы әр жағдайда әріпті өрнектің сан мәнін аламыз.
тапсырма шешуі: 1 м 50 см – 50 см = 1 м. Ж: 1 метр жіп қалды.
тапсырмада теңдеу шешу білігін дамытады.
тапсырмада амалдар тізбегін орындайды.
тапсырма – үй жұмысы. Шамалардың мәндеріне амалдар қолдану дағдысын жетілдіреді.
1) 16 см + 48 = 64 см.
2) 72 см = ... дм + 12 см теңдігіндегі белгісіз қосылғышты анықтау үшін қосындының мәнінен белгілі қосылғышты азайтады, яғни
72 см – 12 см = 60 см, 60 см = 6 дм. Демек, 72 см = 6 дм + 12 см.
3) 1 м – ... дм = 20 см теңдігіндегі белгісіз азайтқышты анықтау үшін азайғыштан айырманың мәнін азайтады.
тапсырманы орындау кезінде оқушылар тарапынан жүзеге асатын әрекеттер: берілген суреттерді пайдаланып, есептерді талдау негізінде
белгісізді анықтау үшін амал таңбасын таңдау, өрнек құру, өрнектің мәнін табу, жауабын жазу әрекет- тері орындалады.