Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
7. 3. 1. 8 – гидравликалық машиналарды қолдану кезіндегі күштен ұтысты есептеу
Сабақтың мақсаты
1.Гидравликалық машиналардың жұмыс істеу принципіне негізделген формуланы жазу
2. Гидравликалық машиналарды қолдану кезіндегі күштен ұтысты есептеу
3. Гидравликалық машиналарға қатысты қиындығы жоғары есептерді шығару
Бағалау критерийі
1. Гидравликалық машиналардың жұмыс істеу принципіне негізделген формуланы жазады.
2. Гидравликалық машиналарды қолдану кезіндегі күштен ұтысты есептейді.
3. Гидравликалық машиналарға қатысты қиындығы жоғары есептерді шығарады.
Тілдік мақсаттар
қазақша
орысша
Ағылшынша
гидравликалық машиналар
гидравлические машины
hudraulic machines
Құндылықтарға баулу
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы еңбек өнімділігін арттыру гидравликалық машиналардың көмегімен іске асады.
I.Ұйымдастыру
Топқа бөлу: І топ Күш, ІІ топ Аудан,
ІІІ топ Қысым
«Жылдам ойлан» әдісі бойынша сұрақтар қойылады:
І топқа: 1) Қатынас ыдыстар дегеніміз не?
2) гидравликалық машиналардың жұмыс істеу принципі
ІІ топқа: 1) Қатынас ыдыстарға мысалдар келтіру 2) гидравликалық машиналардың құрылысы
ІІІ топқа: 1) Су құбырының жұмыс істеу принципі 2) гидравликалық машиналар не үшін қолданылады?
Жаңа сабақ. «Ойлар ағыны» әдісі бойынша сабақ түсіндіріледі.
Гидравликалық машинаның үлкен поршенінің көлденең қимасының ауданы кішісінен қанша есе үлкен болса, үлкен поршеньге сонша есе артық күш әрекет етеді.
Гидравликалық машинаны пайдаланып, күштен ұтуға болады. Сол себепті де олар техниканың көптеген салаларында кеңінен қолданылуда.
Қазіргі қуатты гидравликалық престер 700 000 кН-ға дейін күш өндіруге мүмкіндік береді. Мұндай престер зауыттарда метал бұйымдарға қажетті пішім мен өлшем беру үшін қолданылады.
Алайда престің көмегімен күштен ұтыс алсақ та, арақашықтықтан ұту мүмкін емес.
Формуланы түсіндіру. Біз күштен қанша есе ұтсақ, арақашықтықтан сонша есе ұтыламыз. Бірақ престің пайдасы, адам өзінің күші жеткіліксіз бола тұрса да, көптеген нәрселерге ол арқылы үлкен қысым түсіре алады.