Сабақ жоспары Мектеп: №23 іт мектеп лицей



бет1/9
Дата09.05.2022
өлшемі498,44 Kb.
#33386
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мектеп: №23 ІТ мектеп лицей

Сыныбы: 5 «А»

Пәні: қазақ әдебиеті

Күні : 12.04.2019 ж.

Мұғалім: Э.Иманбекова

ҰМЖ бөлім атауы:

Отбасы құндылықтары

Сабақ тақырыбы:

Тынымбай Нұрмағанбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі. Сағыныш (3-сағаты)

Оқу мақсаты:

5.2.1.1. Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу;

5.2.4.1. Шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат жазу, тақырыпқа байланысты өлең құрастыру.



Сабақ мақсаты


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Шығарманың кейіпкерінің көңіл күйін анықтай отырып, шығармадағы салыстыра суреттеу мен қарама-қарсы суреттеуді таба алады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табады;

Кейбір оқушылар орындай алады: Отбасы құндылығы, оның маңыздылығы жайлы ой өрбітеді, «Ана» тақырыбына өлең шығарады. Құрылымын сақтап әсерлі хат жазады.

Жетістік критерийлері

  • Әңгіме кейіпкері Сержанның сағыныш сезімін сезінеді, адамгершілік, мейірімділік, бауырмалдық, қасиеттерді бойына сіңіреді;

  • Ақпаратты түсініп, өз көзқарасы тұрғысынан рефлексия жасай біледі;

  • Отбасы құндылықтарын құрметтеуді үйренеді, оның маңыздылығы жайлы ой өрбітеді;

  • Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табады;

  • Топтық тапсырмаларда белсенділік танытады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет