Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Химия және химиялық технология негіздері» кафедрасы Презентация Орындаған: Әбдіпатта Сымбат Тобы: ХТ-19-10ТК Қабылдаған: Кабылбекова Балжан Ғылыми зерттеу жұмысы жайлы есеп. Оның құрылысы, есепті дайындауға қойылатын талаптар. Жоспар:
Ғылыми зерттеу жұмысы жайлы есеп.
Оның құрылысы, есепті дайындауға қойылатын талаптар.
Ғылыми зерттеу жұмыстар орындалып болған соң, ол жайлы есеп дайындалады. Ғылыми зерттеу жұмыстары жайлы есеп аса маңызы ғылыми құжат болып есептеледі. Сол себепті өнеркәсіп өндірістерге, әлеуметтік-экономикалық жағдайларға мемлекеттік қауіпсіздікке маңыздылығы бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары жайлы есептер төмендегідей түрлерге бөлінеді:
ашық басылымдарға жарияланатын;
қызметтік мақсатта қолданылатын;
құпиялы;
аса құпиялы.
Ғылыми зерттеу жұмыстары жайлы есепті дайындау үшін негізгі талаптар мен ережелерді реттестіретін мемлекеттік стандарт бекітілген.
Ғылыми зерттеу жұмысы жайлы есептің құрылымына қойылатын талаптар. Есептің құрылымы міндетті және факультативті бөлімдерден тұрады. Міндетті бөлімдерге төмендегілер жатады:
Факультативті бөлімдерге мыналар жатады (міндетті емес бөлімдер):
орындаушылар тізімі;
есептің мазмұны;
қысқартылған терминдер, символдар, шартты белгілер тізімі жатады.
Рефератты құрастыруға қойылатын талаптар Ғылыми зерттеу жұмысының бір парақтан аспауы керек және ол есептің мазмұны жайлы түсінік беретін болуы қажет. Реферат есептің көлемі таблицалар сен суреттер саны қолданылатын әдістер саны және қосымшалар саны жайлы мәліметтен басталады. Егер есеп бірнеше том болып жасалған болса, томдар саны да көрсетіледі. Кілтті сөздер ғыдыми зерттеу жұмыстары жайлы мәлімет беретін аса маңызды құбылыстың, үрдістің, ақпараттық машиналардың, техникалық парамертлердің зерттеу әдістерінің атауларынан құрастырылады. Кілтті сөздерден кейін зерттеу нысандары көрсетіледі. Одан кейін ғылыми зерттеу жұмыстарының мақсаты және алынған негізгі нәтижелері көрсетіледі. Рефераттың соңында ғылыми зерттеу жұмыстары негізгі жетістіктері жайлы және оның қолданылуы мүмкін салалары жайлы мәліметтер келтіріледі. Рефераттың текстінің жалпы көлемі 2000 белгіден аспауы керек.
Кіріспені тұжырымдауға қойылатын талаптар Кіріспе қарастырылып жатқан ғылыми мәселе бойынша қазіргі жағдайды көрсететін және осы мәселерді шешу қажеттілігін негіздейтін болуы қажет. Кіріспеде ғылыми мәселенің өзектілігі орындалатын жұмыста қолданылатын жаңа әдістер және оның осыған ұқсас ғылыми зерттеу жұмыстарымен байланысы жайлы мәліметтер беруі қажет. Кіріспеде сондай-ақ, ғылыми зерттеу жұмыстары және оның жекелеген сатыларының мақсат-міндеттері көрсетіледі және әрбір жекелеген сатыда орындалатын жұмыстар жайлы мәліметтер жиынтығы.
Есептің негізгі бөліміне қойылатын талаптар Ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі бөлімінде зерттеу барысында қолданылатын әдістер мен нысандар және зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері жайлы мәліметтер келтіріледі. Ғылыми зерттеу жұмыстары төмендегі сатыларға негізделеді:
зерттеу жұмыстары бағытын таңдау;
теориялық эксперименттер жүргізу,
шын эксперименттер жүргізу;
зерттеу нәтижесін жалпылау және бағалау.
Қорытынды тұжырымдауға қойылатын талаптар Ғылыми зерттеу жұмыстары жайлы есептелгенде оның көлеміне, құрылымына қарамай міндетті түрде қорытынды тұжырымдау қажет. Қорытынды орындалған ғылыми зерттеу жұмыстарының негізі нәтижелерін тұжырымдау керек және оларды практикалық жағдайларда қолдануға ұсыныстар беруі қажет. Ғылыми зерттеу жұмыстары барысында кері нәтижелер алынған кезінде қорытындыда көрсетілуі керек. Қорытынды сондай-ақ, көтерілген ғылыми мәселе бойынша зерттеледі, болашақта қандай бағытта жүргізген дұрыс болатындығы көрсетілген болуы керек.
Қосымшаларға тұжырымдауға қойылатын талаптар Ғылыми зерттеу жұмыстары жайлы есептің негізгі бөлімінде кадрлық мәліметтер және ғылыми зерттеу жұмыстар нәтижесін толықтыратын фактілер көп болған жағдайда оларды арнайы қосымша бөлігінде келтіреді. Қосымша есептің міндетті бөлігіне жатпайтын, бірақ келтіру үшін арнай талаптардың орындалуы қажет. Қосымша ғылыми зерттеу жұмыс түрі және сипаты жайлы оның қай сатыда орындалып жатқаны жайлы мәліметтер беру. Қосымша ретінде есептерде сынақ жайлы хаттамалар мен актілер, аппараттар мен приборлардың сипаттамасы, техникалық жиналыстардың хаттамасы, техникалық есептер және т.б. келтіріледі. Әрбір қосымша жеке-жеке дайындалады және олар жаңа парақтан басталып отырады. Қосымша дегеніміз – жазу және оның кезекті номері қосымшаның бірінші бетінде оң жақ жоғары бұрышында көрсетіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
↑ Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 Абдигалиева Т.Б. Ғылыми зерттеулердің әдістемесі: Оқу құралы.- Алматы: АТУ РББ, 2019. – 137 б