Тапсырманы орындау қадамдары: Бағалау түрі: бірін-бірі бағалау. Білім алушылар 3-топқа топтасып, бір-бірінің жұмыстарын формативті бағалау арқылы смайликтермен бағалайды.
Тапсырманың тиімділігі:сабақта берілген критерийді толықтай ашады.
Бағалау критерийі: 1 Білу және түсіну дағдысы қалыптасады
Танымдық деңгей: орташа
ЕББҚ бар білім алушылар топтық жұмысқа қатысады. Қиындық туған жағдайда өзге білім алушыларды тыңдайды. Сабаққа қойылған мақсатпен танысады.
ЕББҚ бар білім алушылар БК бірдей.
Тапсырма №2 Күкірт қышқылын өнеркәсіптік өндірудің контактілі процесі
Оқыту түрі: топтық
Әдіс:«Кестені толтыр» әдісі, оның тиімділігі:
Күкірт қышқылын өнеркәсіптік өндірудің контактілі процесі туралы видеоролик көрсетіледі. Көрсетілген видеодан тапсырма әзірлеп, білім алушыларға топтық тапсырма ұсынылды.
«Кестені толтыр» әдісі арқылы Күкірт қышқылын өнеркәсіптік өндірудің контактілі 3 әдісін жазады. Уақытты үнемдеу үшін:
1-ші топ – сатыларын
2-ші топ – реакция теңдеулерін
3-ші топ – температурасын жазады.