Сабақ жоспары: Сабақ жоспары



бет9/11
Дата16.03.2023
өлшемі1,41 Mb.
#74806
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Коксты пештің схемасы. Пеш коксты камералар 3 параллельді қатарына ие оның биіктігі 4,3 м және ұзындығы шамамен 14 м. Қыздыру қабырғалары 4 вертикалды бағаналар (вертикалдар) түрінде орындалған және бір-бірімен ауыспалы немесе жаппалы каналдармен 1 байланысқан. Әрбір қыздырушы аралық қабырғаларда екі регенератор 5 (біреуі ауаға, екіншісі отындық газ үшін арналған) орнатылған. Ыстық насадкамен қыздырылған ауа және отындық газ вертикалдардың төменгі жағында жанады, ал түзілген газдар жоғары қарай қозғалып және жаппалы каналдар бойынша көрші жаппаға өтеді, және ол бойынша төменге түсіріледі. Регенераторлардың бірінші жұбында салқындатылған соң газдар ағынын кері ағынға көшіреді және т.б. ұшқыш өнімдер коксты камерадан бағаналар 2 бойынша шығарылады. Шихталарды камераларға жоғарғы жағынан арнайы вагонеткалар көмегімен салынады, ал кокс пештен коксты ығыстыру машиналары көмегімен түсіріледі.

Ароматты көмірсутектерді бөлу және тазалау. Ароматты көмірсутектерді бөлу және тазалау өнімдерді ректификациялауда алынған кең және анағұрлым тар фракцияларда жүргізіледі. Шикі бензол және кокстеу шайырлары жағдайын сатылардың бірі болып фракцияларды сілтілердің сулы ерітінділерімен өңдеу жолымен фенолдарды бөлу есептеледі, ал сілтілі ерітінділерден бос фенолдарды көміртегі қос тотығы көмегімен регенерациялайды:

Ароматты көмірсутектерді бөлу және тазалау. Ароматты көмірсутектерді бөлу және тазалау өнімдерді ректификациялауда алынған кең және анағұрлым тар фракцияларда жүргізіледі. Шикі бензол және кокстеу шайырлары жағдайын сатылардың бірі болып фракцияларды сілтілердің сулы ерітінділерімен өңдеу жолымен фенолдарды бөлу есептеледі, ал сілтілі ерітінділерден бос фенолдарды көміртегі қос тотығы көмегімен регенерациялайды:

Ароматты көмірсутектерді жеткілікті талғамды еріткіштер (ди-, три- және тетраэтиленгликоль, диметилсульфооксид) көмегімен экстракциялау жүргізіледі, мұнда талғамдылықты арттыру үшін оларға 5-8% су қосады.

Ароматты көмірсутектерді экстракция әдісі арқылы бөлу схемасы Бастапқы көмірсутекті фракция экстракциялық колоннаның 1 төменгі жағына беріледі, ол жерде жоғарыдан енгізілетін экстрагентке қарама қарсы жоғары қарай қозғалады. Мұнда негізінен ағындарды енгізудің төменгі бөлігі және жоғарғы бөлігінің арасындағы қашықтық сепаратор ролін атқарады. Колоннаның жоғарғы жағынан шығатын рафинат экстрагенттің кейбір бөлігін алып кетеді және оны рекуперациялау үшін рафинат скрубберде 2 сумен жуылады, осыдан кейін отын ретінде пайдаланылады. Қаныққан экстрагент колоннаның 1 төменгі жағынан жылуалмастырғышта 3 ыстық регенерацияланған экстрагентпен қыздырылып және колоннаға 4 бағытталады, ол жерде ароматты көмірсутектерді сумен экстративті жуу жүзеге асырылады. Сепараторда 5 су бөлініп, және оны колоннаға 4 қайтарады, ал ароматты көмірсутектер қоспасы соңғы біржола ректификациялауға беріледі. Экстрагент колоннаның 4 төменгі жағынан салқындатудан кейін экстракциялауға қайтарады, ал оның бір бөлігі регенерациялауға колоннаға 6 бағытталады, ол жерде одан судың артық мөлшері алынып және конденсациялау өнімдерінен тазартылады. Ароматты көмірсутектерді осы осы әдіспен бөлу дәрежесі 93-99%-ға дейін жетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет