Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақ түрі:аралас
Сабаққа керекті құралдар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырмалардың орындалуын тексеру. Тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:
Газдың атқаратын жұмысының формуласын қорытып шығарыңдар.
Қай жағдайда газ оң, қай жағдайда теріс болады?
Үш процесс берілген: изохоралық, изобаралық, изотермалық. Қандай процесс кезінде газдың атқаратын жұмысы көлемнің өзгерісі кезінде максимал және минимал болады?
ІІІ. Жаңа сабақ. (Сабақтың түсіндірілу барысы презентация арқылы экранда демонстрацияланады).
Оқушыларға сұрақтар беру арқылы 8- сыныпта жылу мөлшері, жылу берілу туралы ұғымдар еске түсіріліп, жалғастырылады.
Калориметр–қоршаған ортамен өзара әрекеттеспейтіндей етіп оқшауланған денелер арасындағы жылу алмасуды бақылауға болатын аспап.
1-үлкенірек ыдыс
2-пробкалар (жылу өткізбейтін кеуек материал)
3-жұқа қабырғалы екінші ыдыс
4- жылу оқшаулағыш қақпақ.
Достарыңызбен бөлісу: |