Зертханалық жұмыс №12 электроөлшегіш қҰралдармен танысу керекті құралдар



бет1/6
Дата03.12.2023
өлшемі160,5 Kb.
#133379
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6

Зертханалық жұмыс №12
ЭЛЕКТРОӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАРМЕН ТАНЫСУ
Керекті құралдар: Электр өлшегіш құралдарының жиыны. Электр өлшегіш құралдарының түрлері, шунттар, қосымша кедергілер, барлық өлшегіш құралдары.


Теориялық бөлім

Электр бөлімінен орындалатын зертханалық сабақтарды бастамас бұрын әрбір студент алғашқы зертханалық сабақта электр өлшеуіш приборлармен және олардың дәлдік класын оқып үйренуі қажет.


Негізінен мынадай белгілеріне қарай жіктеледі.
А) өлшенетін шаманың мәнінің түріне қарай: амперметр, вольтметр, омметр, счетчик, ватметр және т.б.
Б) тоқтың түріне қарай: тұрақты ток, айнымалы ток және тұрақты ток приборлары.
В) әсер ету принципіне қарай: магнитоэлектрлік, электромагниттік, электродинамикалық, индукциялық жылулық, электростатикалық.
Г) дәлдік дәрежесіне қарай: 0,1; 0,2; 0,5; 1,5; 2,5; 4,0 деген дәлдік класына.
Дәлдік класы 0,1; 0,2; 0,5 приборлар дәл зертханалық жұмыстар үшін пайдаланылады және оны прецизондық деп атайды.
Приборлардың шкаласында мынадай белгілер бар: прибордың әсер ету принципін көрсететін белгі, ток түрін тұрақты / - /, және де сыртқы магнит өрісінен қаншалықты қорғалғаның көрсететін белгі және айнымалы / ~ /, прибордың жұмыс жасау кезіндегі орналасатын жағдайы: тік /   / және горизонталь / ∩ / және және изоляциясын / /тексерген кернеу – дәлдік класы.
Электр өлшегіш құралдарының жүйесін көрсететін 1-кесте



Жүйелер

Белгіленуі

Магнитоэлектрлік


Электомагниттік


Электродинамикалық


Индукциялық


Жылулық

Электростатикалық






Әрбір электр өлшегіш құралда айналдырушы момент туғызатын күш әсер етеді, ол стрелканы солдан оңға қарай қозғалтады. Ал келесі бір күш қарсы әсер моментін туғызады, ол стрелканы оннан солға қайтарады. Осы күш моменттері теңескен кезде стрелка белгілі бір бұрышқа келіп тоқтайды. Мұндағы сан жағынан, стрелканы бұрылу бұрышы өсімшесінің өлшенетін шама өсімшесіне қатынасы тек шаманы прибордың сезгіштігі деп атайды.


Өлшенетін шама өсімшесінің бір мәнінде бұрылу бұрышы неғұрлым көп болса, ол прибормен соғырлым аз шаманы өлшейді және оның сезгіштігі жоғары болады. Егер бұрыштық өсімше ток өсімшесі d I -дан туса, онда прибордың сезгіштігі S1 мұндағы S1 =   C=   прибордың бөлік құны деп аталады.
«с» бір бөлікке ауытқуды тудыратын электр шамасының мәнін көрсетеді.
Мысалы: 0-250В кернеуді өлшейтін құрал болса, оның шкаласы 50 бөлікке бөлінсе, онда оның сезгіштігі

S1 =   =   =0,2 дел/В


Бөлік құны


C=   =   = 5В/дел


Прибор шкаласын өлшеп отырған шамамызға есеп жүргізуге қажет . прибордың шкаласындағы сандар нольден бастап есептелінеді де өлшеп отырған шаманың сан мәнін көрсетеді. Бірінші жағдайда өлшеп отырған шамамызды дәл анықтау үшін прибордың әр бөлік құнын анықтап оны прибор шкаласында стрелканы көрсеткен санына көбейтеді. Прибор шкаласымен есеп жүргізген кезде оның шкаласына тік, перпендикуляр қарау керек, яғни стрелканың көлеңкесін оның тілі астында болу керек. Электр өлшегіш құралдар дұрыс жұмыс жасау үшін олардың өлшейтін механизмдерін сыртқы өрістен қорғайды. Ол бір приборда қорғау экрандарын жасау арқылы, ал басқа біреуінде олардың құрылысында сыртқы өріс айналдырушы және қарсы әсер моментіне бірдей дәрежеде әсер ететіндей қылып жасайды. Бұның салдарынан өзара компенсация жүреді. Прибордың жұмысы толықтай сыртқы өріске тәуелсіз болады. Прибортаяқшасы ауытқығанынан кейін тез арада тынышталу үшін арнайы тежегіш қондырғылар пайдаланылады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет