Сабақ Тақырыбы: Белоктарға түсті реакциялар


Тақырыбы: Белоктарды тұнбаға түсіру реакциялары



бет3/24
Дата15.11.2023
өлшемі84,9 Kb.
#123027
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Тақырыбы: Белоктарды тұнбаға түсіру реакциялары
Мақсаты: альбуминдер мен глобулиндердің еру реакциясының мысалында белоктардың физикалық қасиетін үйрену, белоктарды ауыр металдардың тұздарымен тұнбаға түсіру, белоктардың органикалық еріткіштермен тұнбаға түсіру, белоктарды минералды қышқылдармен тұнбаға түсіру, белоктарды алкалоидты реактивтермен тұнбаға түсіру, фенол және формалинмен белокты тұнбаға түсіру
Тапсырма: 1. Белоктарды қыздыру немесе қайнату арқылы тұнбаға түсіру

  1. Белоктарды ауыр металдардың тұздарымен тұнбаға түсіру

3. Белоктардың органикалық еріткіштермен тұнбаға түсіру
4. Белоктарды минералды қышқылдармен тұнбаға түсіру
5. Белоктарды алкалоидты реактивтермен тұнбаға түсіру
6. Фенол және формалинмен белокты тұнбаға түсіру


Қажетті құрал-жабдықтар: 0,2% NaOH, 5% NaCl, дист.су, күміс азотқышқылы, 0,1н сірке қышқылы, 0,1н натрий ацетаты, Na2SO4 (NH4)2SO4 , MgSO4, этил спирті, конц. азот, күкірт қышқылы, үшхлорсірке қышқылы, сульфосалицил қышқылы, сынап хлориді, күміс нитраты, мыс тұзы, мырыш, штативтер, пробиркалар, пипеткалар, сіріңке, электороплитка, пробирканы ұстағыш.

  1. Белоктарды қыздыру немесе қайнату арқылы тұнбаға түсіру. Белоктардың ерітінділерін қыздырғанда олардың коллоидтық бөлшектерінің іріленіп, коагуляциялана бастағанын байқауға болады. Мұның нәтижесінде ерітінді ылайланады. Қыздыруды әрі қарай жүргізсек, онда седиментация процесінің жүруіне байланысты белок молекулалары іріленіп, тұнбаға түседі. Ал күшті қайнату әсерінен белоктың денатурациялануына байланысты, яғни табиғи қасиеттерінің өзгеруіне байланысты қайтымсыз, процесс болады да, белок бастапқы қалпына қайтып келе алмайды.

Жұмыс барысы: 5 пробирка алып әрқайсысына 1 мл-ден белок ерітіндісі құйылады. 1-ші пробиркаға 1 тамшы 1-3%-тік CH3COOH қосады. 2-ші пробиркаға 1 тамшы конц. CH3COOH қосады. 3-пробиркаға 1 тамшы әлсіз NaOH, 4-шіге күшті NaOH қосады, 5-шіні сол күйінде қалдырып, барлығында қайнағанша қыздырады. Сонымен алынған нәтижелер бойынша қорытынды жасайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет