Сабақ тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. «Көкшетау»



бет2/6
Дата29.03.2023
өлшемі118,55 Kb.
#77153
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Ойтүрткі сұрақтары:

  1. Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесіздер?

  2. Бурабайды жырлаған қандай ақын-жазушылар бар?

ҚБ: Ауызша қолдау: «Жарайсың!» «Жақсы!» «Тамаша»
Жауабын біле жүрейік
1. "Алтын Емел" ұлттық паркі. Алматы облысы 

2. Ақтолағай. Үстірттің солтүстік шеті. Ақтөбе облысы

3. Батыс Алтай қорығы. Шығыс Қазақстан облысы


4. Қарқаралы таулары. Қарағанды облысы

5. Табан-Қарағай. Алматы облысы

6. Торыш - шар тәрізді конкрециялар алқабы. Маңғыстау облысы 

7.Қаратау таулары. Оңтүстік Қазақстан облысы


8. Жығылған мүйісі. Маңғыстау облысы

9. Бектау-Ата тауы. Қарағанды облысы

10. Язевое көлі. Шығыс Қазақстан облысы

11. Бозжыра шатқалы. Маңғыстау облысы


Көпшілікке өте танымал бола қоймаған осындай көрікті жерлер туралы біліп жүрейік.
Мына суреттегі көркем өлке қалай аталады? Осы сұлулықты кімдер өз шығармасына арқау етті?

Барлық әлем карталарында, бүкіл жер бетінде Бурабай өзіне тән табиғатымен ерекшеленеді. Оның Қазақстанның Швейцариясы немесе Қазақстанның асылы деп аталуы бекер емес. Ұлы да құдіретті Алла Тағала осындай кішкентай ғана жерде орман, көл, тауларды көз тұндыралық әдемілікпен жаратқан. Кез-келген жанды ерекше сұлу табиғатымен баурап алатын бұл өлке жайлы аңыз-әңгімелер, мәліметтер өте көп.

  1. тапсырма. Ақпаратпен танысыңыз. Егер турфирма қызметкері болсаңыз, «Бурабай» ұлттық саябағына экскурсияны қалай ұйымдастырар едіңіз? Берілген үлгіні негізге алып, топ болып экскурсияның нұсқаулығын жасаңыздар.

  • Транспорт (көлік түрі, маркасы)

  • Турдың маршруты, аялдамалар

  • Саяхатта көрсетілетін қызметтер; атпен серуен, қайықта жүзу, т.б.

  • Гидтің қызметі: жер атауының тарихы, аңыздар

  • Асхана қызметі: ыстық тамақ, сусын, т.б.

  • Бағасы (кісі басына, топтық)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет