Көпшілікке өте танымал бола қоймаған осындай көрікті жерлер туралы біліп жүрейік.
Мына суреттегі көркем өлке қалай аталады? Осы сұлулықты кімдер өз шығармасына арқау етті?
Барлық әлем карталарында, бүкіл жер бетінде Бурабай өзіне тән табиғатымен ерекшеленеді. Оның Қазақстанның Швейцариясы немесе Қазақстанның асылы деп аталуы бекер емес. Ұлы да құдіретті Алла Тағала осындай кішкентай ғана жерде орман, көл, тауларды көз тұндыралық әдемілікпен жаратқан. Кез-келген жанды ерекше сұлу табиғатымен баурап алатын бұл өлке жайлы аңыз-әңгімелер, мәліметтер өте көп.
тапсырма. Ақпаратпен танысыңыз. Егер турфирма қызметкері болсаңыз, «Бурабай» ұлттық саябағына экскурсияны қалай ұйымдастырар едіңіз? Берілген үлгіні негізге алып, топ болып экскурсияның нұсқаулығын жасаңыздар.