Сабақ Тақырып: Өзіңді тану -өмірді тану Құндылық



бет116/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,41 Mb.
#12529
түріСабақ
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   191
«Ормандағы ағаш адамдар» 
1,Қалың ну орманда кішкентай ағаштан жаратылған адамдар өмір сүріпті. Олардың көп болғандығы сонша, ну орманды түгелдей өздері басып алған екен. Олардың бір-бірімен айқұш-ұйқыш шатасып орналасқаны соншалық, түнде орманда олардың арасымен өту өте қиын болған. Олардың дауысы ағаш дауыс болған, ал ең қорқыныштысы - олардың жүректері ағаш болған екен. Бұл байғұстар сүйіспеншіліктің, аяушылықтың, қайғы-мұңды бірге бөлісудің, жылаудың, көз жасы дегеннің не екенін мүлде білмеді. Олар қолдарына түскеннің бәрін: құс па, аң ба, бәрін-бәрін өлтіріп, күл-талқанын шығарады екен.
Бір күні орманға бір кішкентай қыз келіп, адасып кетеді. Қыз бір ағаштың түбіне отыра кетіп, жылай бастайды. Жылап отырған қызды көріп, қасына бір ағаш адам жақындап келіп, өзінің ағаш даусымен:
- Мұнда неғып жүрсің ? - деп сұрайды.
- Адасып кеттім. 
- Мм, ал қолыңдағы не?
- Жас.
- Жас деген не?
- Жас жылағанда шығады.
- Ал жылау деген не?
- Жаның ауырғаны, қайғырып мұңайғаның.
Ағаш адамға бұл мүлде түсініксіз болды, өйткені өзі ешқашан жылап, мұңайып көрген жоқ қой. Ағаш адам қызға жол көрсетіп келе жатқанда қыз:
- Ақырын жүрші, жүрегім ауырады, - деді. 
Ағаш адам: Жүрек деген не? 
Қыз кішкене ойланып барып: - Адам онсыз өмір сүре алмайды, - дейді. 
- Көрсетші өзіңнің жүрегіңді. 
- Ол менің кеудемде соғып тұр.
- Ал маған сондай жүрек бола ма? 
Қыз алдымен «Жоқ» деп, кішкене ойланып барып: «Мында бір жақсы дәрігер бар, ол жаңа ғана қайтыс болған адамдардың жүректерін жинайды, мен сені соған апарайын» дейді. Қыз ағаш адамды дәрігерге алып келеді. Дәрігер : -Сендерге не керек? деп сұрайды. Ағаш адам: Мен мына адамдардікіндей мейірімді жүрек алғым келеді. 
- Қатігез жүрек керек емес пе?
- Жоқ дәрігер мырза, тек қана мейірімді жүрек керек, қатігездікте өмір сүру қорқынышты.
Дәрігер бір сөреден шыны банканы алып, оны ағаш адамға ұсынады.
- Міне нағыз мейірімді жүрек. Болмашы айғай, шуды сезеді, дірілдейді, себебі ол бәрі үшін ауырады, бәрін аяйды.
- Иә, иә, міне маған керегі де дәл осындай мейірімді жүрек,- деп ағаш адам қуанып кетті.
- Өкінбейсің бе?
- Жо-жоқ, өкінбеймін
- Бұл мейірімді жүрекпен сен көп қиналасың, қасірет шегесің ғой.
- Жақсы, жақсы дәрігер мырза, түсініп тұрмын.
Сөйтіп дәрігер ағаш адамның кеудесін ашып, оған адамның мейірімді жүрегін салып беріп, қоя берді. 
Ағаш адам орманға келіп, өзінің туыстарымен бірге өмір сүре бастайды. Өзінің аға-інілерінің жасап жатқан қиянат, қорқынышты істерін көріп қатты қиналады, ауырады. Олардың аяушылық, мейірімділік, қайрымдылықтары жоқ жабайылықтары жанын түршіктірді. Олар бірін-бірі сындырды, жақты, әлсіздерді ұрды-соқты, қорғансыздарға зорлық-зомбылық көрсетті, бір сөзбен айтқанда қиянаттан басқаны білмеді.
«Сендер не істеп жатырсыңдар, неге сондай қатігезсіңдер? Неге сендердің жүректеріңде бір тамшы аяушылық, мейірім жоқ?» деп мейірімді жүректі адам өзінің бауырларына күнде налып қиналды. Сонда бір қарт ағаш адам: «Немене сен бізге қайта-қайта қатігезсіңдер, аяушылықты білмейсіңдер, жандарың ешкімге ауырмайды деп айта бересің, оқыта бересің? Бәрі үшін ауыра бере алмайсың, бәріне бірдей көмектесе алмайсың, біреу үшін аурып, бәріне бірдей жаның аши берсе, өзің ұзаұ өмір сүрмейсің.» деп мейірімді жүректі адамға ұрсып тастайды. Жаны қиналған мейірімді жүректі адам анадай тұрған бір ағаштың түбіне тұра қалып қатты-қатты өксіп жылп жібереді. Сол сәт анадай бір ағаштың түбінде тоңып, үсінуге аз-ақ қалған бір баланы көріп, жақындайды. Балада тіршілік нышаны байқалмайды. Мейірімді жүректі адам оны жұлқылып, «Тұр, тұр, әйтпесе үсініп қаласың» деп айқайлайды, бірақ бала қозғалмайды. Бұлардың қасына барлық ағаш адамдар жиналып, бұны мысқылмен күліп, мазақ етеді. Олардың соншалықты қатігездіктеріне қарап, мейірімді жүректі адамның тағы да жүрегі ауырады, жаны қиналады. Сөйтіп мейірімді жүректі адамның жүрегі біресе өлім мен өмірдің арасында жатқан баланы аяп, қатігез бауырларының ісіне ауырғаны соншалық, оның жүрегі лаулап жалындап жана бастайды. Жалын қолдарына жетеді, ол сол қолдарының жылуымен тоңып қалған баланы жылыта бастайды, мейірімді жүректі адам жана береді, жана береді, ал бала оның сол қызуына жылына береді, жылына береді. Әбден жылынған бала орнынан тұрып, орманнан шығып жүре береді, ал мейірімді жүректі адам жанып-жынып, басы ғана қалады. Бауырлары оны көріп: «Ал, осынша түгің қалмай жанғанда тапқан пайдаң не?» деп сұрайды, сонда мейірімді жүректі адам: «Өзімнің жылуыммен басқаларды тірілтіп барып өлген - мен үшін керемет, қасиетті іс» дейді. «Ал, ендеше, неге жылайсың?» деген бауырларына «Білесіңдер ме, мен сендерді аяп жылаймын» деп мейірімді жүректі адам көз жұмады. 

  Ол 32 жасында әдемі әйел еді. Кезінде өмірлік жолдасы сияқты ол да әскерлік қызметте болатын. Осыдан бірнеше ай бұрын бір жол апаты салдарынан өмір бойы көзі көрмейтін зағип болды. Жолдасы операциядан кейін әйелінің көздері көрмейтінін естігенде оны ешқашан жалғыз тастамаймын, аяғына деуін қолдау көрсетемін деп өз-өзіне сөз береді. Күндер өткен сайын ол күйеуіме жүк болдым,  ауыртпалық салдым деп ойлай ойлай көңіл-күйі күннен күнге нашарлайды. Күйеуін болса әйелінің осындай күйде болғаны мұңайтатын. Тез арада оны депрессиядан шығару керектігін ойлайды. Өйткені жас әйел күннен күнге өзімен-өзі болып, ешкіммен сөйлескісі келмейтін, ешқайда шыққысы келмейтін тұйық мінезді болады. Әйеліме қалай көмектессем екен деп жолдасы көп ойланады. Ақыры ескі жұмысы есіне түсіп, әйелінің тез арада қайта жұмысқа кірісуіне көмектеспекші болады. Бірақ кішкентай нәрсеге ренжіп қалатын, тез жылап қалатын, үйде көңілсіз отырғысы келетін әйеліне оны қалай айтсын. Бір күні бар батылдығын жиып, енді әйелінің де жұмыс істеу керектігін айтады. Әйелінің үрейі ұшады. – Мен соқырмын білмеп пе едің!? Қалай жұмыс істеу алады дейсің? – деп қатты ашуланады. Жолдасы оған қолғабыс болатынын, таңертең жұмысқа, кешкісін жұмыстан өзі апарып тастайтынын айтады. Әйел үмітсіздікпен келіседі, өйткені күйеуін жақсы көретін және оны ренжіткісі келмейтін. Осылай жұмысқа бірге барып, жұмыстан бірге қайтатын. Көңіл күйі жақсара бастаса да, ол  бұрыңғыдай әлі шат-жарқын еместі. Күйеуі де осыны жақсы білетін. Бір күні: – Жұмысым көп, енді сені апарып-әкеле алмаймын. Өзің барып үйренуің керек дейді. Әйел ешқайда бармайтының, далаға жалғыз шығуға қорқатынын айтып жылайды. Бірақ кейін осыған да келіседі. Енді аялдамаға дейін өзі барып, автобусқа отырып, жұмыстан да өзі қайтатын болды. Осылай бір ай өтеді. Бір күні автобусқа отыра бергенде, шопыр: – Қандай бақыттысыңыз! -дегенің естиді. Өзіне айтылғанын түсінген кезде «неге» деп сұрайды. Шопыр – «өйткені сізбен бірге үнемі жолдасыңыз келіп автобусқа мінеді  да, артыңыздан сізге үлкен мейіріммен қарап отырады. Сізден бұрын автобустан шығып, сіздің аман шығуыңызды, сосын бағдаршамдан аман өтуіңізді қадағалап жүреді. Сіз офиске кірген кезге дейін сізге қолғабыс беріп, артыңыздан қалмай жүреді» – дейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет